Сайтқа кіру Тіркелу

Жиембет жырау

Ұлы Дала елінің дарабоздары
ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ
Жиембет Бортоғашұлы жырау, әскербасы болған. XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен, қазақтың жорық жырауын жырлаған.
Жиембет Бортоғашұлы қазақ халқының ішкі һәм сыртқы істерінің бел ортасында жүрді. Есім хан тұсында ол Кіші жүздің әскербасы, батыры, биі болған.
Жиембет жырау – қазақ тарихындағы ел басқарған көсем деңгейінде көтерілген елеулі тұлғалардың бірі. Кіші жүз құрамындағы байұлы тайпасынан шыққан Жиембет жырау өз заманында бүкіл алшынға әмірін жүргізген. Еңсегей бойлы ер Есім ханның ұлы жорықтарында асқан ерлік көрсетеді. Ол 1620 жылғы ойраттармен болған ірі соғыста Кіші жүз қолын басқарып, қазақтардың жеңіске жетуіне ықпал еткен. 1627 жылы Қазақ хандығы құрамынан бөлініп шығып, дербес билік құрғысы келген Қатағанның ханы Тұрсынның бүлігін басқан Есім ханның қасында болып, ел тұтастығын сақтау жолында қажырлы қайрат көрсетеді. Кейін Кіші жүзге сөзі өтіп тұрған Жиембет жырау билігінен сескенген Есім хан, оны інісі Жолымбетпен бірге жер аударып жібереді. Жиембет жырау ханның қаһарынан қайтпаған өр кеуделі адам болған сияқты. Иесіз аралға айдалып бара жатқан Жиембет жырау "Еңсегей бойлы ер Есім, Есім сені есірткен, Есіл де менің кеңесім…", - деп Есім ханға айбат шеге, ойындағысын тайсалмай айтып кетеді. Ел аузындағы бір деректерге қарағанда, Жиембет жырау сол айдауда жүріп, қайтыс болады. Келесі бір деректерде, Есім хан дүниеден өткеннен кейін туған жұртына қайтып оралады. Бірақ Жиембет жыраудың Есім хан қайтыс болған 1643 жылдан кейінгі ғұмыры белгісіз.
Бізге жеткен шығармаларынан оның майталман сөз зергері болғанын білеміз. «Есім хан туралы толғау», «Қол - аяғым бұғауда» атты туындыларының үлкен тарихи және этнографиялық маңызы бар.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×