Сайтқа кіру Тіркелу

Асан Қайғы

Ұлы Дала елінің дарабоздары
Асан қайғы
Асан Қайғы – жырау, ойшыл, абыз. Асан Қайғы шамамен XIV ғасырдың аяғында дүниеге келіп, XV ғасырдың ортасында Сарыарқадағы Ұлытауда дүниеден озған. Асан Қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы бір деректерде Еділ бойында дүниеге келген делінген. Ал бір деректерде әкесі Сәбит Арал өңіріндегі Сырдария жағасын қоныс еткен саятшы дейді. Асан Алтын Орданың ықпалды билерінің бірі болған. Алтын Орда ыдыраған кезде Дешті Қыпшаққа қайтып оралады. Қазақ Ордасын құрған Керей хан һәм Жәнібек хандардың ақылшы биі болған.
Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған. Ол өзінің толғауларында хандықты нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін насихаттайды. Асан Қайғы елінің сулы - нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып «адамды жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады.
Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді. Жыраудың толғауларының бірнешеуі әз - Жәнібек ханға арналған. Ертеңгі халық болашағын Жәнібектің ақыл - айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды. Асан Қайғы толғауларында терең толғау бар. Ұлы мемлекет Алтын Орданың ыдырап, оның орнына пайда болған халықтар арасындағы алауыздық түбі орға жығатынын сол кездің өзінде болжаған. Талай ғасыр Алтын Ордаға тәуелді болған Ресей мемлекетінің күшейіп келе жатқанын ескертеді. Халық басына төнген бұл қауіптің зардабын, оның немен тынатынын да дәл болжайды: "Ол күнде қарындастан қайыр кетер, ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер, ұлың, қызың орысқа бодан болып, қайран ел, есіл жұртым сонда нетер? ".
Ноғай, өзбек, түркімен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында Асан Қайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы

Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы

Барлық оқушылар орындай алады: мәтіннің негізгі идеясын толық түсінеді, оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай алады, сыни хабарлама...
Қазақ хандығы тұсындағы би-шешендер (1465-1847)

Қазақ хандығы тұсындағы би-шешендер (1465-1847)

Олар қазақ жерінде әділдіктің салтанат құруы үшін һәм қиянат - зұлымдықтың арам шөптей қаптап кетуіне қарсы ұшан - теңіз қажыр - қайрат жұмсаған....
Жиембет жырау

Жиембет жырау

Жиембет Бортоғашұлы жырау, әскербасы болған. XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен, қазақтың жорық жырауын жырлаған....
Асан Қайғының Жерұйықты іздегені

Асан Қайғының Жерұйықты іздегені

Білімділік – Асан Қайғы баға берген жерлер тарихына кеңірек тоқталып, жалпы қазақ жерін әңгімелеу арқылы білімін толықтыру. Дамытушылық - өз туған...
Асан қайғы

Асан қайғы

Асан қайғы (XV ғасыр) Асан өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, онан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек, бірақ олардың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×