Сайтқа кіру Тіркелу

Жиембет жырау

Жиембет жырау (XVII ғасыр)


Жиембет жырау әрі әскербасы, әрі әйгілі ақын болған. Қазақ жерін жаудан қорғауда талай ерлік, батырлық көрсеткен. Ақын поэзиясынан оның ерлік, өрлік мінезі, ерен батырлығы айқын көрінеді.

Жырау өлеңдеріндегі
Менімен ханым ойнаспа
Менің ерлігімді сұрасаң
Жолбарыс пенен аюдай
Өрлігімді сұрасаң
Жылқыдағы асау тайындай
Беріктігімді сұрасаң
Қарағай менен қайыңдай.
деген жолдар соған кепіл.

Жиембет алған бетінен қайтпайтын өжет жан болған. Хан-әкімдерге бас имеген, айтарын батыл айтқан, бас кетер деп, тіл тартпаған, бүлікшіл, қанішер ханның теріс жауыздық мінезін әшкерелеген, қаһарынан қорықпаған.

Әмірің қатты Есім хан
Бүлік салып бұйырдың
Басын бер деп батырдың
Қанын ішіп қанбаққа
Жанын отқа салмаққа
Хан ие ісің жол емес.
- деп қалың еліне арқа сүйеген батыр ханға өктем сөйлейді. Жырау бейбіт күнде батырсынған ханның «Қалмақтың Бәрі ханы келгенде», «Соқыр бурыл байталға жайдақ мінгенсің», «тас қалаға жан сақтап» бас сауғалаған жүрексіз, қорқақ мінезін әшкерелейді. Сол опасыз хан қылығына зығырданы қайнап, ызалы үн көтеріп. «Арқаға қарай көшермін, алашыма ұран десермін, ат құйрығын кесермін» деп қайсар мінезінен батыр еш қайтпайды.

Жыраудың туған жеріне шынайы сүйіспеншілігі оның толғауларында айқын көрінген. «Ханға қарсы тұрам деп» елінен айдалған батыр Жиембет

Қайырылып қадам басарға
Күн болар ма екен мен сорға
Өзен Арал жерлерім
Қиядан қолды көрсеткен
Төбеңе шығар күн бар ма?
Жотасы биік Дөңдерім

деп шер төгеді, соларды бір көруді армандайды. Демек, жырау елі, жері үшін емірене ерлік жыр төккен, сол елдің елдігі бүтіндігі жолында жырымен де ерлігімен де қызмет еткен.
Ақтамберді жырау (1675-1768 жж.)

Ақтамберді жырау басынан талай қилы-қилы кезеңдерді кешіреді. Қолына желекті найза ұстап ата жауларымен шайқастарға қатынасады ерлік көрсетеді. Сол шайқастардың бірінде жау қолында қалып, өлім аузынан қайтады. Ойраттармен арадағы соғыста өзінің асқан ерлігімен де, жалынды жырымен де көзге түседі, қазақ жерін жаудан аман алып қалуда ерен қызмет көрсетеді. Ақтамберді өз басынан кешірген сол қиын сәттерді жыр-толғауларында былай өрнектеген.
Жапанға біткен терекпін

Еңсемнен жел соқса да теңселмен
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын
Балталасаң да айрылман
Сыртым – құрыш, жүзім – болат
Тасқа да салсаң майрылман! –

Ақын өзінің бар өмірін елі, халқының, оның елдігін, бүтіндігін сақтап қалу жолына арнаған. Жыраудың «елі-жұрты қорғайлап, өлімге жүрміз бас байлап» деген жолдарынан мұны айқын аңғаруға болады. Ақтамберді өз толғауларында ерлікті, батырлықты жырлаған. Өйткені едің елдігін сақтап , оны сыртқы жаудан қорғар – батыр ұлы. Ақынның әйгілі Бөгембай батырға жыр арнауы да осыған байланысты. Ол жігіттің жігіттігі де қанды шайқаста сыналады деп біледі.

Ел шетіне жау келсе
Алдына сірә, дау келсе
Батырсынған жігіттің
Күшін сонда сынаса

деп, жігіттің сыналар шағы осындай қиын-қыстау кезінде деген тұжырым жасайды.
Көшпелі қазақ тіршілігінде жықының алар орны ерекше. Ол сауса сусын, сойса азық. Жорықта ер қанаты, серігі. Ақтамберді жырында жылқы малының осы қасиеті, қадірі ерекше. Ол «Биенің сүті сары бал, Қымыздан асқан ас бар ма, Жылқыдан асқан мал бар ма, Кермеде тұлпар бусанса» деп жылқы малын аса дәріптейді. Ақтамберді сол жылқының сипатын «От басар орны отаудай» өлеңінде тамаша өрнектеген.
Ақтамберді жыраудың толғауларынан еліне, халқына сүйіспеншілігі айқын сезіледі. Ол:

Кеуде бір жерді жол қылсам
Шөлең бір жерді көл қылсам
Құрап жанды көп жиып
Өз алдына ел қылсам.
деп, халқының басын құрап ел етуді армандаған.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×