Сайтқа кіру Тіркелу

Балабақша - алтын бесігім

Балабақша - алтын бесігім
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» бекер айтылмаған.
Еліміздің болашағы - жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата - ана тәрбиесі болса, екінші бесік - білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы.
Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрер анық. Осы тұрғыда біздің балабақша 2014 - 2015 оқу жылында мына жылдық міндеттері мен мақсаттарымен жұмыс жасады.
1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулықты біліктілігінің алғы шарттарын жасақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігіне тәрбиелеу.
2. Шығармашылық - эстетикалық тұрғысында мектепке дейінгі жастағы балаларда театрландыру бағытындағы жұмысты желілі ойындар және сахналау іс - әрекеттері арқылы дамыту.
Осы міндеттерді іске асыру үшін педагогикалық кеңестер, семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, ашық көрсетілімдер, тақырыптық тексерулер ұйымдастырылып өткізілді. Барлық іс - шаралар жоспарға сәйкес орындалып отырды.
1 - қыркүйек білім күніне орай балабақшада «Сіз балабақша туралы білесіз бе?» атты ашық күні өткізілді. Бұның мақсаты - жаңадан келген балаларды балабақша өмірімен күнделікті балабақшадағы күн тәртібімен таныстыру. Балабақшада «Отбасы күнін» атап өту мақсатында «Әкем, анам және мен – спорттық біз жанұя» атты спорттық мереке өткізілді. Тәрбиешілер арасында «Жаңа оқу жылына үздік дайындық» тақырыбында байқау өткізіліп, қорытындысы жарияланды.
Ұстаздар күні балабақшада «Ұстаздық - ұлы қызмет!» бұрышы ұйымдастырылып, соны мерекелік іс шараға ұласты. Күз мезгіліне орай «Күзгі бақ әуендері», денсаулық күніне « Денсаулық еліне саяхат», Денің сау болғың келсе...», «Сабын көпіршіктермен би марафоны» тақырыбында мерекелік іс - шара өткізілді.
1 - желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» және 16 желтоқсан « Тәуелсіздік күніне «Елбасы - бала болашағы үші» ақпараттану бұрышы «Біз» Қазақстанның болашағымыз», «Елін сүйген Елбас» аты ашық сабақтары, « Дені сау бала дені сау ұлт» спорттық шарасы, Тәуелсіз Қазақстан» балалар сурет көрмесі, «Елбасы және Тәуелсіздік мәнерлеп оқу байқауы т. б түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Алға қойылған бірінші міндеттің шешімін табу үшін №58 «Балауса» балабақшасында жүйелі түрде жоспарлы жұмыстар жүргіздік: тиімді күн тәртібі, тамақтану, бірінші міндеттердің шешімін табу үшін №58 «Балауса» балабақшасында жүйелі түрде жоспарлы жұмыстар атқарылып отырады. Біз дене тәрбиесін жетілдіруде кешенді түрде жұмыстар жүргіздік: тиімді күн тәртібі, кешенді түрде жұмыстар жүргіздік тиімді күн тәртібі, тамақтану, шынықтыру, (күнделікті өмірде, арнайы тамақтану шынықтыру шаралары - сумен шомылу, көз және тыныс алу жаттығулары, өзін - өзі уқалау шаралар) қимыл - қозғалыстар (ертеңгілік жаттығулар, ояну жаттығулары жалпы дамыту жаттығулар спорттық ойында, бос уақыттағы іс - шаралар).

Сонымен қатар майтабандықты болдырмау мақсатында: массажды кілемшілер, жалаң аяқпен жүру үшін кілемшеден жасалған сопақ жолдар сияқты дене шынықтыру құралдарын қарастырдық. Жыл бойына балар үшін жүзу қауызы, сауна уқалау кабинеті және фитобар жұмыс жасап турды. Жылдық жоспарға сәйкес мәдени - сауықтыру шаралары, әр баланын жеке ерекшелігін негізге ала отыра шынықтыру жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта өткен қалалық «Жетістіктер апталығында» қауызда «Веселые лягушата» тақырыбында (Суға жүзуге үйретуші Б. Ж. Әбдікеримова, тәрбиеші Н. А. Доскұлова) ашық сабағын өткізді. Сабақ су астындағы қазыналарды жинаудан бастап, көңілді бақалар жарысына ұласты.

Педагогикалық үрдіс барысында педагогикалық ұжым педагогикалық кеңесте жан - жақты дайындалып, әр педкеңеске, семинарға толыққанды жауапкершілікпен қарады. 2015ж. ақпан айында өткен Қалалық «Жетістіктер апталығында» балабақша тәрбиешілерінің өткізген сабақтары Актау қалалық білім үйлестіру орталығы өкілінің жоғары бағасымен бағаланды. Бұл шарада балабақша педагогтары жаңа технологияны көрсетіп, өздерінің жұмыстарының нәтижесін басқа балабақша тәрбиешілерімен бөлісті.
Жылдық жоспардың екінші міндеті бойынша балалармен катар тәрбиеші жас мамандармен де бірқатар жұмыстар жүргізіліп отырды. Табиғат бұрышын, театр бұрышын жасақтауға кеңестер беріліп, көмек көрсетілді. Осының нәтижесінде үздік табиғат бұрышы байқауында әр жас ерекшелік топтарында экологиялық алаңдар құрылып, бағдарламаға сай жасақталды. Бағдарламаға сәйкес, топтарда туған өлкеміз туралы альбомдар, жылжымалы папкалар, жинағы толықтырылды. Осы бағытта қалалық «Жетістіктер апталығында», «Путешествие в сказку» ( тәрбиешілер Г. С Жилгельдина, Ж. Дүйсенбаева) тақырыбында естияр орыс тобында сахналық қойылымды қолдана отырып, көркем әдебиет сабағы өткізілді. Сабырлы, үнемі ізденіс үстінде жүретін Жигельдина Гүлназия еңбегі зор бағаға ие болды.

Өзін - өзі тану сабағы үш тілде «Что такое хорошо, что такое плохо» деген тақырыпта (тәрбиешілер Р. Н. Джауметова, пән мұғалімі М. Суханбердиева) ересек орыс тобында өткізілді. Үш тілде өткізілген сабақ соңы, балалардың қойған «Жақсылық пен Жамандық» сахналық қойылымымен жалғасты. Сабақты жүргізген - Джауметова Рахат әр баламен калай жұмыс жасауды толық меңгерген білікті маман, ұстамды педагог екендігін көрсетті.
Наурыз айында Ассамблияның 20жылдығына және Ұлы Жеңіске 70 жыл толу мерекесіне, наурыз мейрамына арналған «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік сауықтыру іс - шарасы өткізілді. Іс - шара қалалық білім бөлімі, қалалық әдістемелік орталық басшыларының катысуымен өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

Шара соңында балабақшадағы қазақтың киіз үйі ішінде, қазақтың ұлттық тағамға толы дастарханынан дәм татуымен жалғасты.
«Ұлы Жеңістің - 70 жылдығы» мерейтойына орай Ұлы Отан соғысы балаларымен, казіргі ардагер аналармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Ардагерлер өз көздерімен көрген соғыс зардаптарын балаларға және қызметкерлерге баяндап берді. Шын жүректерінен балаларға ашық аспан тіледі. Кеш соңы «Достық? Жеңіс? Бейбітшілік?» атты мерекелік шараға және жаюлы дастарханға ұласты.
Мамыр айында балабақша 65түлекті мектепке шығарып салды. «Қош бол балабақшам!» атты ертеңгілік өткізіліп, ата - аналар арасында. «Менің балабақшадағы қызықты сәттерім» стендісі жасақталды. Балалар балабақшамен, тәрбиеші апайлармен қимай қоштасты.

Балабақшада жаз мезгіліне арналып тақырыптық шаралар жоспарланды. «Су патшасы қонақта», «Мен жүзуге үйренмін» қауыз ішінде және түрлі спорттық шаралар, «Менің арманымдағы Астана» сурет салу байқауы, «Астана - Отанымыздың жүрегі» мәнерлеп оқу байқауы т. б шаралар өткізілуде. Балалардың ойын алаңдарын бала өміріне қауіпсіз жабдықтау, эстетикалық талғамға сай жасыл желекпен көгалдандыру мақсатында «Ең үздік аула» тақырыбында балабақша ішілік байқау өткізіліп, жүлдегелер сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар балабақша ауласына әртүрлі көкөніс түрлері (қызанақ қияр, аскөк, құлпынай, асқабақ) отырғызылып алдыңғы жемістерін пайдалануда.
№58б балабақша тәрбиешілері өз білімдерін жетілдіру мақсатында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмысына байланысты әр түлі әдістемелік тақырыптар алып, сол бойынша жыл бойына зерттеп жұмыстар жасады. Соның ішінде:
Әдіскер М. М. Оразбекова Майра Шеберлік сыныбы - «Ертегі терапиясын» өткізіп, «Балабақшадағы шынықтыру шаралары» тақырыбында семинар - практикумдар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, тиімді әдістерін көрсетіп, бағыт - бағдар беріп отырды.

Сонымен қатар әдіскеріміз Оразбекова Майра биылғы жылы маусым айында өткен қалалық «Жыл әдіскері - 2015» байқауында жүлделі І орынды иеленіп, облысқа жолдама алып, оны да, І орын жүлделі орынды қанжығасына байлап, балабақшамыздың мерейін көтерді.
Педагогтар ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері барысында балаларға өз жас ерекшеліктеріне сай қоршаған орта, сандар әлемі, халықтық бейнелеу өнері, әуендер туралы түсініктер беріп, оларды күнделікті тәжірибеде қолданады. Жоғарғы топ тәжірибелері С. Мамбеталиева және Бозбанова бірлесе отырып ересек топ балалар үшін ілгермелі жоспар жасақтап, бағдарлама бойынша тереңдетіп, жас мамандарға тәлім беріліп отырды. Оқу – тәрбие үрдісін жүргізуде бірқатар тәрбиешілердің еңбегін атап өтуге болады. №2, 10, 11 ересектер және і5 топтарындағы, Айтымова З. К, Дүйсенбаева Ж. С., Жилгельдина Г. С. Жауметова Р. Сияқты педагогтардың жас ұрпаққа берер тәлім тәрбиесі мол.
«Балауса» балабақшасы оқу жылында «Крылья ангела» және «Аққу» мектепке дейінгі шағын орталықтарымен тәлімгерлік жұмыстар жүргізіп отырады.
Жыл бойына балабақша педагогтары мен тәрбиеленушілері қала көлемінде ұйымдастырылған барлық іс - шараға қатысып жүлделі орындарға жеткізді. Қалалық «Менің - Отаным Қазақстан - 2014» мәнерлеп оқу байқауында Мұқашева Айпатша ІІІ орын, қалалық «Үздік жас маман М. Н. Срдиева ынталандыру сыйлығына, балабақша ие болса балабақша балалары арасында өткен «Жауқазын» фестивалінде» Үздік қазақ биі - 2015 номинациясы бойынша жүлдегер атанды.

Міне, біздің «Балауса» балабақшасының, биылғы оқу жылында жасаған жұмыстарының және жеткен жетістіктерінің нәтижесі осындай. Мұндай жетістіктерге жетуіміз әрине дұрыс басшылықтың арқасы. Биыл ғана балабақшамызға директорлық жұмысқа келген Амангүл Жұбатована өз ісіне жауапты білімді, ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары, іске басшы.
Балабақшада берілетін тәрбие - орталық тәрбиенің бастамасы,, әр жан - жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттері мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының әсерінің маңызы зор.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қары ...

Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қары ...

Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы арасындағы өзара ықпалдастығы мына төмендегідей негізгі бағыттарға көңіл бөледі: — педагогикалық және...
Жазғы табиғат аясындағы серуен

Жазғы табиғат аясындағы серуен

Мектепке дейінгі ұйымдарда бала тілін дамыту, шығармашылық белсенділігін артыру, сонымен қоса денсаулығын шынықтыра отырып нығайту және сауықтыру...
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық

Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық

Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай – балабақшасының әдіскері Имангалиева Айгул Лукпановна...
«Балапан» бағдарламасының жемісі

«Балапан» бағдарламасының жемісі

«Асанәлі» бақшасы» балабақшасы мемлекеттік коммуналдыққазыналық кәсіпорны Әдіскері: Койбагарова Куралай Махатовна...
«Балабақшам – терең мақтанышым»

«Балабақшам – терең мақтанышым»

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті № 7 «Балдырған» балалар бақшасының әдіскері Қалжанова Рахима Сыдыққызы «Балабақшам – терең...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×