Сайтқа кіру Тіркелу

Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тамашалады

Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тамашалады

Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тамашалады

Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі, оқу - тәрбие орталығы, елдің асыл қазынасы болып табылады.
Қазіргі заманда тарихи мұралар сақталған мұражайлардың ұлттық ерекшеліктері мен мәдени - танымдылық сипаты, тарихи - тағылымдық маңызы заман талабына сай ерекше дамып отырады.
Қазақ елі тарихи мұраларға бай. Сол тарихи мұраның бір бөлігі – «Есік» мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайы.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі
жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында, «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының "Саяхат" тарихи - өлкетану клубы және "Қазақстан елтану" танымдық клубы ғылыми - танымдық іс - шарасын жүзеге асырды.
Клубтардың ұйымдастыруымен кафедраның оқытушылары және әлемнің Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Испания, Дания, Иран, Австралия елдерінен келген шетелдік студенттері ғылыми - ақпараттық, танымдық, тәрбиелік бағытта – «Есік» мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайына «Сақтардың тарихы мен мәдениеті» атты экскурсия жасады.
Бұл жобаны жүзеге асырудағы кафедраның мақсаты шетелдік азаматтарға Сақтар мәдениетімен және «Алтын адам» тарихымен кеңінен таныстыра отырып, заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту, ұлттық мәдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды, білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерін дәріптеу болды.
«Есік» мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайы – Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан еліміздің мәдени туризмін дамытуда стратегиялық маңызды объектілердің бірі.
Шара барысында шетелдік студенттер аталмыш мұражай қызметкерлерінің мұражай экспозициялық залдары бойынша мұражай қорындағы құнды экспонаттар мен мұражай тарихынан, «Алтын адам» тарихынан, сақ заманындағы тарихи жәдігерлер жайлы таныстырылымын мұқият тыңдап, баға жетпес тарихы мен ұлттық құндылықтары жөнінде жан - жақты мағлұмат алды.
«Сақтардың тарихы мен мәдениеті», «Алтын адам», «Қазақстан археологиясы» және «Уақытша көрмелер залы» атты 4 экспозициялық зал мен «Алтын адамды» алғаш ашушылардың бірі – археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың мемориалдық бөлмесін аралап тамашалады, қызықтырған сұрақтарын да қойды.
Халық тарихы мен өнерін қамтитын халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап әрі өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани мекемеден шетелдік студенттер тамаша әсер алып қайтты.
Ұлттың ұлылығын білдіретін белгі – оның тереңге кеткен тарихы мен мәдениеті, сол рухани байлықты, сан ғасырдан жеткен мұраны, заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту аясында ұлттық мəдениетпен, қасиетті рухани құндылықтармен таныстыру арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді шетелдік студенттерге дәріптеу. Оларды ұлттық мәдениетімізді құрметтеуге тәрбиелеуде саяхаттың берері мол болды.

А. Е. Саденова., Т. В. Курманова., М. А. Азнабакиева

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Гай Го Сай» мерекесі

«Гай Го Сай» мерекесі

Еліміздегі Ұлы тұлғаларды, тарихи - мәдени ескерткіштерді халыққа, шетелдіктерге таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу, жаңғырту, сақтау,...
Әдістемелік семинар өтті

Әдістемелік семинар өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ және орыс...
Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ

Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілген “Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ ”...
Маңғыстау - менің мекенім, Отпантау - Адай ата кесенесі

Маңғыстау - менің мекенім, Отпантау - Адай ата кесенесі

Мақсаты: Ұлттық мәдениет пен өнердің тәлімдік мүмкіндіктерін аша отырып, ғасырдан - ғасырға жалғасқан асыл мұралар арқылы рухани - адамгершілік...
Орал қаласының мұражайларына саяхат

Орал қаласының мұражайларына саяхат

Сабақтың мақсаты: Орал қаласында орналасқан мұражайлар туралы түсінікті қалыптастыру. Міндеті: Білімділік: Сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін ұғуға...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×