Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан - зайырлы мемлекет

2019 жылы маусым айында "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының" президенті Какимжан Муратжанұлы Бишманов ұйымдастыруы бойынша Алматы қаласында "Қазақстан - зайырлы мемлекет" атты үлкен көлемде бірнеше лекция өтті. Атап айтқанда, Қалалық студенттер емханасы, Профессор Рузуддиновтың медициналық - стоматологиялық колледжі, Авиамед медициналық колледжі.
Осы шараға Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің дінтанушы докторанттары және магистранттары қатысып, белсенділік көрсетті. Іс - шара модераторы К. М. Бишмановтың тарапынан лаңкестік және экстремизм мәселелері бойынша қазіргі таңда тіркеліп отырған негізгі фактылар ұсынылды.
Баяндамашылар өз сөздерінде: Біздің мемлекетіміздің зайырлылық сипаты - Қазақстанның дамуының маңызды шарты екенін атап өтті. Біздің дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық бейбітшілік пен толеранттылықты нығайтуға бағытталады. Соған байланысты Қазақстан дамуының зайырлылық принципінің мызғымастығын қамтамасыз ету үшін барлық қолда бар әкімшілік - құқықтық және қылмыстық – құқықтық шараларды пайдалана отырып оны діни экстремизм мен лаңкестіктің деструктивті идеологиясы тарапынан болатын шабуылдардан қорғауымыз қажет - деген қорытындыға келді.
Іс - шараға қатысушылар талқыланған мәселелер бойынша өз көзқарастарын ашық білдірді. Олардың біздің қоғамымыздың құндылықтарының мызғымастығының негізі біздің сақтауымызды және нығайта түсуімізді қажет ететін бейбітшілік пен келісім екендігі жөніндегі пікірлері бір арнаға тоғысып жатты.
Іс - шара қатысушылары дін адамдарды рухани жақындастыруға шақыратындығын, оларды жоғалып бара жатқан мәңгілік құндылыққа қайтаратындығын атап көрсетті. Тәуелсіз Қазақстан өз Ата заңында көрсетілгендей зайырлы мемлекет болып қалыптасуына лекция өткізілуі, азаматтарға жан - жақты құқықтық білім беруде үлкен рөл атқаратыны күмәнсіз.

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты Касаинова Қарлығаш
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі

Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі

2019 жылы маусым айында "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының" ұйымдастыруымен Алматы қаласында...
Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі

Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі

Шығыстың атақты философы, ойшыл Әбу Насыр ибн әл - Фарабидың есімімен Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жетекші жоғарғы оқу орны...
Дінтану мамандығының маңызы

Дінтану мамандығының маңызы

Дін бағзы заманнан бері өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Адам пайда болғалы бері белгілі бір діни сенім қоғамның ажырамас бөлігі болғаны...
Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Арал қаласы, Арал индустриалды техникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Қараева Айгүл...
Мен және менің құқығым

Мен және менің құқығым

Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру; құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×