Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Асыл сөз мектебі

«Мың бала» аясы

АСЫЛ СӨЗ МЕКТЕБІ
Мемлекеттік тіл мәртебесіндегі қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, дамыту һәм өркендету жолында атқарылып жатқан іс - шаралар орын - орындарда аз емес. Осынау игі істерді өткізудің әдіс - тәсілдері де алуан - алуан. Ал соларға қатысып жүрген жандардың белсенділігі өз алдына бір төбе. Сондай аяның бірі һәм бірегейі – «Мың бала» республикалық мәдени - ағартушылық жобасы.
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Президентімен қабылданған Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасына және «100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарында Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырмаларға сәйкес әзірленді.
«Мың бала» республикалық мәдени - ағартушылық жобасы – этностық топтардың мектеп жасына дейінгі балалары мен мектеп оқушыларына, жастарына мемлекеттік тілді үйрету барысында қоғамның рухани негізі болып табылатын ұлттық құндылықтарды (мәдениет, салт - дәстүр, әдет - ғұрып) бойына сіңіруді, қазақстандық бірегейліктің азаматтық қағидаттарын қалыптастыруды көздейді.
Жобаның бағдарламасы «мәдени - тілдік бой үйрету» халықаралық тәжірибенің озық нәтижелерін ескере отырып құрылғандықтан, барлық қатысушылардың мәдени және тілдік ортаға бейімделуіне мүмкіндік береді.
Жуырда Павлодар қаласының №5 жалпы орта білім беру мектебінде аталмыш жобаның «Асыл сөз мектебі» байқауы ұйымдасқан түрде өткізілді. Осынау байқаудың мақсаты – этностық топтардың балалары мен жастарына қазақ халқының дәстүрін бойына сіңіру арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіретін, шешендік өнердің негіздеріне баулитын және қарым - қатынас шеберлігін шыңдайтын тиімді курстар мен коммуникативтік тренингтер ұйымдастыру.
Қатысуға ниет білдірген мектептегі өзге ұлт өкілдері оқушылары бастауыш, орта һәм жоғары буын болып үш топқа бөлінді. Безендірілген сахна төрінде байқауды жүргізген өзге ұлт өкілді қос жүргізуші шараны бірыңғай мемлекеттік тіл – қазақ тілінде басынан соңына дейін жүргізді. Мектеп әкімшілігі әділқазылық жасады. Байқауға қатысушылар алдымен кезекпе - кезек қазақ тілінде өз - өзін тақпақтата - шумақтата таныстырды. Екінші кезеңде қазақ ақындары – Абай Құнанбайұлы, Мағжан Жұмабаев, Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Есентай Ерботин һәм басқалар – өлеңдерін нақышына келтіре һәм мәнерлі түрде жатқа оқыды. Ал үшінші кезеңде жеребе арқылы тартылған викториналық сұрақ - сауалдарға жауап берді.
Байқаудың кезеңдері арасында мектептің музыка мұғалімі Ү. Әкімбекова дайындайтын көркемөнерпаздары сахна төрінде ән шырқады, мың бұрала би биледі. Көрермендер көңіл - күйін мейілінше сергітті де серпілтті.
Нәтижесінде, әділқазы алқысының адал шешімімен Исаева Ангелина, Миллер Виолетта, Поспелов Егор, Дзюбан Елизавета есімді оқушылар бас жүлдені жеңіп алса, Линник Екатерина, Смирнова София, Рыбалко Валерия есімді оқушылар жүлделі орындарға иелік етті. Бас жүлдеге иелік еткен оқушылар мектеп намысын аймақтық байқауда қорғауға жолдама алды. Шараға атсалысқан пән мұғалімдеріне алғыс білдірілді.
Сайып келгенде, «Мың бала» аясындағы «Асыл сөз мектебі» байқауында мемлекеттік тіл – қазақ тілін асқақтатуда, әуелетуде өзге ұлт өкілдері оқушылары бойындағы барын салып, отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерін барынша танытып бақты. Мемлекеттік тіліміз мәртебелене берсін.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жер-су атауларының тілдік-таным ...

М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жер-су атауларының тілдік-таным ...

Түр - түске байланысты жер - су атаулары Қоғам дамуының кез келген кезеңінде ономастикалық атаулардың тарихи маңызы зор болды. Адам қоғамдастығының...
Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудегі «PlayBus» жобасыны ...

Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудегі «PlayBus» жобасыны ...

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №35 «Шұғыла бөбекжайы» ағылшын тілі мұғалімі Джармағамбетова Гульбану Темирханқызы...
Қазіргі кездегі мемлекеттік тілдің қолдану аясы

Қазіргі кездегі мемлекеттік тілдің қолдану аясы

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ә. Молдағұлова орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жубанова Амангул Ермековна...
Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)

Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)

Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)...
Оқушыларды ұйымға қабылдау

Оқушыларды ұйымға қабылдау

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі Өтетін орны: Жамбыл атындағы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету