Сайтқа кіру Тіркелу

Сабақ барысында сергіту сәттерін пайдаланудың маңызы

Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
№72 жалпы білім беретін мектеп
Педагог - психолог: Жолдасова Жадыра Мұратқызы

Сабақ барысында сергіту сәттерін пайдаланудың маңызы (мұғалімдермен жұмыс)

Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, күш - қуат жинау, өзін - өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Жоспары:
1. Амандасу.
2. «Түстерді ажырат» сергіту сәті
3. «Табиғат мінезі» жаттығуы.
4. «Поезд» жаттығуы.
5. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
7. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
8. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қажетті құралдар: жүрекше, жануарлардың аты жазылған карточкалар, жаттығуға қажетті парақтар, майшам.
Ұйымдастыру: 1. Амандасу.
Психолог: 1 саны – бетінен сүйіңіз
2 саны – құшақтаңыз
3 саны – амандасыңыз
4 саны – жымиыңыз
5 саны – көзіңізді қысыңыз
6 саны – арқасын сипаңыз
7 саны – бетінен шымшыңыз
8 саны – басынан сипаңыз
9 саны – қол бұлғаңыз
10 саны – шақырыңыз
11 саны – жақсы сын айтыңыз
12 саны – қуанышты болып, шыңғырыңыз
2. «Түстерді ажырат» видеоролик

3. «Табиғат мінезі» жаттығуы.
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды – енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды.
4.«Кедергілерден өту» жаттығуы.
Ойын ортада жүргізіледі. Ортаға жұптар шығып, басқа мұғалімдер жасаған кедергілерден өтуі қажет.

5.«Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез - келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл - күйі көтеріліп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.
6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне......
- Мен шаршадым, оның есесіне.......
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне.....
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне.....
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне.....
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне....
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне....
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне.....
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне......
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне.......
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне......
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне.....
- Мен тым толықпын, оның есесіне.....
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне....
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне....
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне......

7. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып - жылы әрі жұп - жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
9. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір - бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір - бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рақмет!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алғыс айту - парызым

Алғыс айту - парызым

Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік,...
Педогогтарға арналған психологиялық тренинг

Педогогтарға арналған психологиялық тренинг

Педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу....
Жақсы көңіл-күй жан азығы

Жақсы көңіл-күй жан азығы

Мақсаты: Педагогтардың көңіл - күйлерін көтеруге, өздеріне құрметпен қарауға, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту....

"Тіршілік иесінің бәрі - анасымен бақытты" ата-аналар арасындағы тренинг ...

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ізбасқанова Алтын...
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі

Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі

Мақсаты: Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×