Сайтқа кіру Тіркелу

Вакуумдегі электр тогы

№2 кәсіптік лицей
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Вакуумдегі электр тогы»
Пән мұғалімі: Г. Жансүгірова

Тақырыбы: Вакуумдегі электр тогы
Пән: Физика
Сабақтың тақырыбы: Вакуумдегі электр тогы

Сабақтың мақсаты:
А) Білімдік: Вакумдегі электор тогы туралы түсінік беру. Электронды шамдар құрылысы, түрлері туралы мәліметтер бере отырып олардың техникадағы маңызы туралы айту.
Б) Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын оята отырып , олардың ойлау қабілеті мен бейімділігін арттыру.
С) Тәрбиелік: Оқушыларды алға қойған мақсатына жете білуге, өз бетінше шешім қабылдай алуға және жолдастыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Саяхат сабақ, аукцион сабақ.
Сабақтың әдісі: Көрсете - түсіндіру, ойын ойнату, аукцион ойнату, сұрақ – жауап, карточкамен жұмыс, өз бетінше жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: диод, триод, иод, электрондық - сәулелік түтік, мультимедиялық аппарат, слайдтар, карточкалар, аукционды балғаша.
Сабақтың пәнаралық байланысы: математика, электротехника, сызу.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, олардың сабаққа даярлығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару. Қызылорда облысының 70 және Қызылорда қаласының 190 жылдығы туралы атап өту және соған орай топтың Арал – Қызылорда бағыты бойынша шығатыны туралы хабарлау. Шарттармен таныстыру.
Саяхатқа билет алу. Үй тапсырмасын карточка арқылы сұрау, жауап берген оқушы билет алған болып есептеледі.Жауап бере алмаса, досынан ақшалай көмек алуға болады (Сұрағына жауап береді).Автобус саяхатқа шығады.

Қазалы стансасы.Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру (Слайдтар арқылы):
1. Вакуум туралы түсінік беру.
2. Вакуумдегі электр тогын тасымалдаушылар.
3. Электродтар арасында зарядтың орын ауыстыру жұмысы, формуласы.
4. Екі электродты шам - диод туралы мәлімет беру, құрылысы, қолданылуы туралы айту.
5. Шартты белгісін көрсету.
6. Вакуумның вольт - амперлік сипаттамасын айту.
7. Қанығу тогы туралы, Ом заңының электрондық шамдарға қолданылмайтыны туралы.
8. Үш электродты шам - диод туралы мәлімет беру, құрылысы, қолданылуы туралы айту.
9. Шартты белгісін көрсету.
10. Электронды - сәулелік түтікті көрсетіп, оның құрылысымен таныстыру, жұмыс істеу принципімен таныстыру.
Төретам стансасы.Сабақты пысықтау, есеп шығару.Есеп шартын слайд арқылы көрсету.

Жосалы стансасы. Сабақты бекіту.Аукцион өткізу. Сатылатын заттар: диод, триод, электрондық – сәулелік түтік. Сатып алушы адам, мысалы, диодтың құрылысын, қолданылуын, жұмыс істеу принципін айтуы керек, толық жауап берген жағдайда , диод сол адамға сатылған болып есептелінеді.
Тереңөзек стансасында сабақ қорытындылап, оқушылар бағаланады. Үйге тапсырма ($12.5.23-жаттығу №1, 3.) беріледі.
Осы талаптар орындалғаннан кейін, оқушылар Қызылорда қаласындағы мерей тойға келіп жетеді.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×