Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан тарихы пәніндегі «Алаш» қозғалысы тарихын оқып үйренудің маңыздылығы

Баяндама
Тақырыбы: Қазақстан тарихы пәніндегі «Алаш» қозғалысы тарихын оқып үйренудің маңыздылығы
Халықтың өткен өмірі жалпы қоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз өткен тарих қысыр әңгіме ғана. Егер біз Алаш қозғалысын ұлт тарихында ерекше орны бар құбылыс ретінде ғана бағалаумен шектелсек, онда біз оны түсіне алмаған ұрпақ болып шығар едік.

Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет. Ал Алаш қозғалысы сол дүниетанымдық тарихтың өзегі. Өйткені Алаш халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш - қуат және сенім берген - ұлттық идея. Алаш - ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш - ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті.

Осыдан тура тоқсан жыл бұрын Әлихан Нұрахметұлы Бөкейханов бастаған қазақ саяси тобы Уақытша үкімет ұстанымын қолдап большевиктермен ымырасыз егеске түсті. Сондай - ақ бұл алып империяның саяси өміріндегі кезекті бір кикілжіңнің көрінісі емес - тін. Қазақ саяси ұйым құрып империя өмірін, оның құрамындағы қазақ ұлтының өмірін реформалау арқылы түбегейлі өзгертуді жақтайтын бағдарламалық негізі бар жол ұсынды. Бұл қазақ тарихында бұрын болмаған, орасан зор маңызы бар жаңа құбылыс еді.

Жалпы алғанда 1917 жылы қазақ халқының өмірін дүр сілкіндірген, оған динамика берген бірнеше ірі оқиғалар болып өтті. Олар: ұлт тарихындағы тұңғыш саяси ұйым - ұлттық - демократиялық платформадағы Алаш партиясының өмірге келуі (шілде); Ресей империясы құрамында Алаш автономиясын құру туралы ұсыныстың жария етілуі; Алаш автономиясының Ұлттық Кеңесі - Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда үкіметінің құрылуы еді.(5желтоқсан). Осыдан бірнеше күн бұрын, яғни 1917 жылғы 28 қараша күні Қоқан қаласында жұмысын бастаған ІҮ - ші Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы жариялап, оның 12 орыннан тұрған Уақытша үкіметін бекітті. Оның тұңғыш төрағасы М. Тынышпаев, кейін оны Мұстафа Шоқай ауыстырды.

Ал осы саяси және мемлекеттік құрылымдардың өмірге келуі негізсіз, кездейсоқ оқиға ма еді? Әрине күтпеген кездейсоқ оқиға емес - тін. Менің бір аспирантым (Қ. Ілиясова) «Қазақ съездері» аталатын диссертациялық зерттеу жұмысын жазды. (ол жақында кітап болып жарық көрмек). Сонда айтылады: 1917 - 1918 жылдары қазақ даласында өткізілген қазақ съездерінің ұзын саны 68 - ге жеткен. Осы аталған мезгілде ұлт азаттығын, оның ең өзекті деген өмірлік мәселелерін талқыға салып, белгілі бір шешімдер қабылдаған қазақ съездері дерлік барлық облыс және уез орталықтарында болып өтті.

Сол қазақ съездерінде қабылданған шешімдердің ең негізгісі, әрине, барлық елді орталықтарда Қазақ комитеттерін құру туралы шешім болатын. Ал Қазақ комитеттері болса болашақ ұлттық мемлекеттіктің негізі, бастау көздері еді. Міне осы өткізілген Қазақ съездері мен құрылған Қазақ комитеттері Қазақ қоғамының саяси белсенділігінің жоғары болғандығын айғақтап қана қоймайды, сонымен бірге сол белсенділікті дұрыс бағыттай алған ұлттық басқарушы топтың да саяси деңгейінің заман талабына лайық болғандығын анық байқатады. Алаштық басқарушы топтың алдына қойған мақсат - мүддесін, осы тұрғыдан оның интеллектуалдық - саяси деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін негізгі құжат, әрине, бұл Алаш партиясының бағдарламасы.

Кешкі ауысымды жалпы орта білім беретін мектеп
Баяндамашы: Китанов Б. Қ.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мен қазақ

Мен қазақ

Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға Алаш деген атты аламын. Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын?...
Әлихан Бөкейханов Алаштың ардақтысы дөңгелек үстел

Әлихан Бөкейханов Алаштың ардақтысы дөңгелек үстел

Алаш партиясының бірінші төрағасы Әлихан Бөкейханов туралы жан – жақты түсінік бере отырып, Ә. Бөкейхановтың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі...
Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің құрылуы

Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің құрылуы

Алматы облысы, Іле ауданы, №16 мектептің тарих пәні мұғалімі Еркебаева Г. М....
Ұлт әдебиетшілерінің «Алқа» тұжырымдамасы

Ұлт әдебиетшілерінің «Алқа» тұжырымдамасы

«Алқа» тұжырымдамасының шығу себебі, нәтижесі, ұлттық құндылығы мен тарихи маңызы...
Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы

Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×