Сайтқа кіру Тіркелу

Жүректің ишемиялық ауруы

ОҚО Түркістан қаласы
"Түркістан" көпсалалы медицина колледжі
Терапия және пропедевтика пәнінің оқытушысы
Нарметова Насиба Кудайбергеновна

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА)- тәж артериялары атеросклерозынан, тәж қан ағымы мен миокардтың оттегіге сұранысының арақатынасының бұзылысынан дамитын жүректің жедел немесе созылмалы зақымдануына алып келетін процесс. ЖИА - ағымы жіті, яғни миокард инфаркты түрінде, созылмалы түрінде, яғни ара - тұра орын алатын стенокардия ұстамалары түрінде болуы мүмкін. ЖИА әлемнің дамыған елдеріндегі өлім – жітімнің, сондай-ақ уақытша және тұрақты еңбек қабілетінен айрылудың негізгі себептерінің бірі. Қазіргі уақытта ДДҰ - ның 1984 жылғы ЖИА жіктемесі толықтырулармен қолданылып жүр:
1. Кенет коронарлық өлім (жүректің біріншілік тоқтауы)
2. Стенокардия: күштемелі, алғаш пайда болған, тұрақты, үдемелі күштемелі, спонтанды стенокардиялар.
3. Миокард инфаркты.
4. Постинфаркты кардиосклероз.
5. Қан айналым жеткіліксіздігі.
6. Жүрек ырғағының бұзылысы.
7. Ауырсынусыз ишемия.
8. Микроваскулярлы ишемия.
9. Жаңа ишемиялық синдромдар.
ЖИА дамуының қауіпті ықпалдары
темекі тарту,
артериялық гипертония, қантты диабет,
гиподинамия,
дене массасының жоғарылауы,
менопауза және постменопаузалық кезең,
алкогольді ішімдіктер,
психоэмоционалды күйзелістер,
тұқым қуалаушылық.
ЖИА дамуында артериялық гипертензия, гиперхолестеринемия және темекі тарту «үлкен үштік» аталатын ең қауіпті факторлар болып табылады.
Жүректің ишемиялық ауруы кезінде жиі кездесетін шағымдар:
Дене қимылы кезінде немесе стресс кезінде кеуде артының ауыруы;
Ентігу;
Жүрек жұмысының, ырғағының бұзылуы, әлсіздік
Жүрек жеткіліксіздігі белгілері
Жүректің ишемиялы ауруы бар деген күдік туған жағдайда, электрокардиография (ЭКГ) жасау міндетті. Заманауи аппараттар графикалық ақпаратты қолма - қол алуға, Доплер әсері есебіненқан ағымын бағалауға мүмкіндік береді. Эхокардиография да жүрек жұмысы туралы көптеген пайдалы ақпарат береді. Сонымен қатар денеге күш түсіре отырып, функционалдық сынамалар жүргізіледі, миокардтың контрастылы ангиографиясы, Холтер мониторлау секілді қосымша зерттеу әдістері қолданылуы мүмкін.
Емі. Ауруын емдеу оның клиникалық түріне байланысты. Алайда ЖИА – ның барлық түрлеріне тән жалпы бағыттарды бөліп көрсетуге болады:
қыймыл – қозғалысты шектеу;
ем дәм;
дәрі - дәрмек іші;

Жүрек ишемиялық ауруларын емдеуге арналған көптеген дәрілер бар Бұл ауруды емдеуде АҚШ - да «А, В, С» формуласы қолданылады: Антиагреганттар, B - адреноблокаторлар, гипохолестеринемиялық препараттар.
ЖИА кезінде қоланылатын дәрі - дәрмектер;
Нитраттар,
Антикогулянттар,
Диуретиктер,
Ангитензинге өзгертуші фермент антагонистері.
Аритмияға қарсы дәрілер

Көрсетілген бойынша, ЖИА кезінде эндоваскулярлы короноангиопластика, гирудотерапия (сүлікпен емдеу) және тағы басқа ем қолдану мүмкін.
Шартты түрде алғанда, жүректің ишемиялық болжамы жағымсыз. Ауру созылмалы және үдемелі болып келеді, ем оның дамуын тоқтатады немесе дамуын бәсеңдетеді, алайда науқасты бұл дерттен бір жол ата айықтыра алмайды.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қан қысымының төмендеуі

Қан қысымының төмендеуі

Қан қысымының төмендеуін медицинада «гипотония» деп атайды....
Қолқа демікпесі (астма)

Қолқа демікпесі (астма)

Грекше «астма» — ауыр тыныс, тұншығу дегенді білдіреді. Созылмалы қабыну қайталанып отыратын ысқырықты сырыл, ентігу, әсіресе түнде және таң ата...
Бас ауруының себептері

Бас ауруының себептері

Мигрень (бас сақинасы): Қатты ауыртатын және шаншитын бас ауруы. Көбінесе көздің артында сезіледі. Жарыққа және дауыстарға қарсы тітіркену, лоқсу...
Жүрек туралы мақал-мәтелдер

Жүрек туралы мақал-мәтелдер

Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке, Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе. Жүректің жолы — ыстық, Білектің жолы — суық....
Жүрек – қан тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды субъективті тексеру әд ...

Жүрек – қан тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды субъективті тексеру әд ...

Сабақтың мақсаты: Білімдік (оқыту) – Жүрек – қан тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды субъективті тексеру әдістерін, анамнез жинау, негізгі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×