Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарындағы мәтінмен жұмыс арқылы сауаттылығын арттыру

Атырау облысы, Махамбет ауданы,
Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің
жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі.
Альдешова Фарида Бақтығалиқызы

Бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарындағы мәтінмен жұмыс арқылы сауаттылығын арттыру.
Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту ең алдымен білім беру ұйымдар білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметінің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуді меңзейді. Алайда, білім беру үдерісінің нәтижелілігі білім алушылардың білім алудағы жетістіктерін сырттай және іштей бағалау қорытындыларын басқару жүйесін кәсібі тиімді түрде құруға тікелей тәуелді. Қазақстан республикасының білім беруді дамытудың 2011 - 2020жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық оқушылардың халықаралық «мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалау» PIRLS - зерттеуіне қатысу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының білі және ғылым министрлігі мен оқушылардың білім жетістігін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық (IEA) арасында 2012 жылдың 31қазанында білім беру PIRLS - аясында қазақстандық бастауыш мектептің төртінші сынып оқушыларының PIRLS - 2016 жылы зерттеуіне қатысуы туралы ынтымақтастық Келісіміне қол қойылды. Бұл бірегей зерттеу еліміздің балалар тәрбиесінде қарапайым оқу мәдениеті мен дағдыларының қаншалықты деңгейде екенін анықтауға бағытталады. Әлемдік контексте оқу сауаттылығы заманауи қоғамдағы өмірге деген дайындықтың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. PIRLS - зерттеуінің мақсаты әртүрлі әлем елдерінің бастауыш сыныптарының мәтінді түсіну деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім жүйесінің оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Аталмыш зерттеу ісінің халықаралық сарапшылар ойына келісе отырып,«Оқырман сауаттылығын»- бұл адамның өмірде толыққанды қалыптасуына және жеке мақсаттарына жетуіне қажетті әр түрлі жазба сөйлеу формасын түсіну және терең ойлау қабілеті. Соның негізінде адамзат және қоғам үшін білім саясатында басты принцип қалыптастырады.

PIRLS - зерттеуі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады.
- Білім беру саласында әлемдік басымдылықтарда көрініс тапқан құралдар негізінде алынған нәтижелердің талдауы нақты өлшеуіштермен белгіленуі.
- Білім беру жүйесінің салыстырмалы бағасы және олардың тиімділігі.
- Зерттеу қорытындысына әсер ететін контекстегі дәйектемелерді анықтау.
- Ғылыми дәлелденген әлемдік ақпараттық қауымдастықтың мәліметтерін алу.
- Тәуелсіз елдер нәтижесін, сонымен қатар білім саясатын жақсарту нұсқауын зерттеуге қатысушыларға ұсынады.

Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін анықтайды, себебі оқытудың алғашқы төрт жылы нақты барлық білімді және үйрену қабілеттерін шыңдаудың негізі. Мазмұны және формат бойынша білімді табысты жалғастыруда негізгі мектепте әртүрлі мәтіндерді қолдану үшін осы уақыт арасында қатысушылар оқып үйрену керек. Бастауыш мектептен бастап балаларды оқытудағы негізгі жетістіктердің бірі ол - оқушылардың ақпараттық біліктілігі қалыптасады. Өйткені бастауыш мектепте алған сапалы білім ары қарай оқудың іргетасы болып табылады. Оқушылардың оқу сауаттылығының қалыптасуына барынша мүмкіндік туғызу үшін заманауи мұғалімнен оқу қызметінің формасын, әдіс - тәсілдерін тауып қолданып табу талап етіледі. Бастауыш мектеп мұғаліміне кіші сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс істеу шеберлігінің негізін салу яғни ақпарат дерекнамасын білу, қызықтырған сұрақтарға жауап іздей алу, таңдалып алынған мәліметтерді сауатты көркемдеу мен ұсыну маңызды. Білім алу мен әртүрлі ақпарат дерекнамасын жұмыс істеу балалардың ақпаратты дұрыс қабылдап, оның сапасын бағалауға және жасырын мағынасын түсініп, үйренуге көмектеседі. Оқушылардың оқу сауаттылығына байланысты дағдысын қалыптастыру, тәрбиелік іс - шаралар және қосымша білім беру сияқты оқу компоненттерінің тығыз байланысы кезінде жоғарғы жетістіктерге жетеді. Сонымен қатар, отбасылық оқу мәдениетін дамыту барысында ата - аналар қауымымен жұмыс жүргізуге де маңызды. Қазақстандық оқушыларды халықаралық салыстырмалы PIRLS - 2016 зерттеуіне мақсатты бағыттауға әлі уақыт бар. Бастауыш сынып оқушыларының 4сынып соңында орта және жоғарғы буында білім алудағы табысты үрдіс үшін оқу - ақпараттық білімін қалыптастыруда біріккен мақсатты бағытталған аса маңызды жұмыс қажет. Қазіргі уақытта республика бойынша PIRLS - 2016 зерттеуіне қатысу мақсатында іс - шаралар өткізілуде. Ол зерттеудің мақсаты мен оның өткізілу тәртібін, тапсырмалардың ерекшеліктерін мұғалімдер мен оқушыларға, ата - аналарға бағдар етуге, біліктігі мен дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақаланы жүргізіліп жатқан жұмыстың бір бөлшегі деп санауға болады.

PIRLS зерттеуіндегі оқу сауаттылығы - оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы. Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға, оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындау. Оқу сауаттылығын бағалау үшін білім алушыларға берілген мәтіндегі материалдарды салыстыру, автордың ойын аңғару, жауапқа дайындалу барысында нақты дәлелдемелер табу ұсынылады. Мәтіндерінің шынайылығы (өмірдегі мысалдар) PIRL тестерінің ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер қолданылады.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты - білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу....
Критериалды бағалау

Критериалды бағалау

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім...
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

Қазақстан білім берудің ұлттық жүйесінің барлық деңгейлерінде білім беру қызметтерінің қол жетімділігі бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына...
Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту

Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту

Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де...
Халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында бастауыш сын ...

Халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында бастауыш сын ...

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесінің директордың әдістеме жөніндегі орынбасары...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×