Сайтқа кіру Тіркелу

Коучинг, бала тәрбиесінде сенімділік, қолдау көрсету

Ата - аналарға арналған коучинг - сессия
Тақырыбы: Бала тәрбиесінде сенімділік, қолдау көрсету
Мақсаты:
Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететіндігіне мән беріп, ата - аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Оқыту нәтижелері:
* Баланы адамгершілікке тәрбиелеу барысында ата – ана жауапкершілігін жан - жақты сезінеді.
* Мектеп пен ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы міндеттері анықталып ата - ана, мектеп арасындағы қарым - қатынастық жүйеге жол ашылады.
* Алдағы уақытта шәкірт тәрбиесінде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы қолдау тауып, оқу - тәрбие жұмыстары сенімді, жаңашыл іс - әрекеттерге бағытталады.
Түйінді идеялар
Ата - ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Жанұялық тәрбие ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе. Олай болса, ата - ана осы жүйені ғылым мен өнер ретінде жан - жақты меңгеру қажет. Бала әрдайым ата - ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата - анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады
Коучинг барысы:
Шаттық шеңбері: Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты әр үйдің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір - бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

Топқа бөлу (түрлі – түсті кәмпиттер бойынша топқа бөлу) 1мин
I тапсырма
Ой қозғау:
Ата - аналарға бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын қорғап шығады.
1 - топ
Бала жақсы білімді болу үшін ата - аналардың міндеті қандай болу керек? Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым — қатынасы әсерін тигізе ме?
2 - топ
Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
3 - топ
Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс - әрекетіңіз?

IІ тапсырма
1. Педагогикалық ойын.
1 - топ
Мақтау Ұрсу
(2 минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу. Кестенің қай жағындағы сөздер көп? Ойлану).

2 - топ Педагогикалық ойын.
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен) сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз?
(Балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жету).
(Тамаша! Тіпті ертегідей ғой! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанышым менің! Мен де осындай нәтиже күтіп едім! Қандай қуанышты!)

3 - топ Педагогикалық ситуациялардан шығу.
Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.
(әр топ мүшелері өз шешімін қорғайды).

2. Сөйлемді аяқтау.
І топ.
1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды).
2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі).
3. Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін оқиды).
ІІ топ.
1. Баланы қолдап отырса...(ол өз бағасы үшін оқиды).
2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды).
ІІІ топ.
1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).
2. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).

Сергіту сәті

ІІІ тапсырма Жағдаяттар
1 - топқа берілетін жағдаят:

Жағдаят Баланың бастан кешкен сезімі Сіздің іс - әрекетіңіз?
Бір нәрсеге ашулы 11 жасар ұлы мектептен келе сала: «Құрысын мектеп! Мұғалімдердің бәрі әділетсіз!» деп күйіп піседі.

2 - топқа берілетін жағдаят:

Жағдаят Баланың бастан кешкен сезімі
Сіздің іс - әрекетіңіз?
5 - сыныпта оқитын қызы: «Математикадан болатын бақылау жұмысынан қорқамын» - дейді.
Екі топқа берілген жағдаяттар бойынша ата - аналар жұмыс жасайды.
1 - жағдайда баланың мектепке өкпесі зор. Ол шешесі тарапынан қолдау тапқысы келеді. Түсініп, жағдайын сұрар деп ойлайды.
2 - жағдайда бала өзіне сенімсіз, ата - анасынан қолдау күтеді. Ата - аналар тарапынан «Сен мүлде дайындалмайсың, сондықтан еңбегіне қарай аласың!» немесе «Бүгін шаршап тұрмын» деген жауаптар болмағаны жақсы, бұндай жауаптардан немқұрайлықты, салғырттықты сезеді.
Кез келген шешімді қабылдауға асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайды қарамайтыныңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын.
Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата - ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Сөйтеді де баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады

3 - топ тапсырмасы
Өсиет әңгіме
Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата - анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата - анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата - анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі. Бала сол күннен бастап ата - анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата - анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата - анасына өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы. Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата - ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыры мүмкін емес.
Мұғалімнің сөзі: Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - балапан ұшыру емес» деген мақал - мәтелдерден көруіңізге болады.
Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертең) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тыңдауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13. Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

Тест «Сіз қандай ата - анасыз?»
1. Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?
2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым - қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Біт сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
8. Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба?
9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез - құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бересіз бе?
12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл.
2. Кейде ғана келісемін – 2 балл.
3. Келіспеймін – 1 балл.

Сауалнаманы бағалау
0 - 16 балл. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
16 - 30 балл. Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс.
Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30 - 39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

Қорытынды 2 минут
Бүгінгі жиналыста сіздер бала тәрбиесінің онша оңай емес екенін байқап отырған боларсыздар. Тәрбиенің сан, қырлы әдіс - тәсілдері жөнінде хабардар болдыңыздар. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғи да қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, ата - аналармен қоштасамыз.

Релаксация Делфинатерапия
Кері байланыс 2мин.
«Екі жұлдыз, бір тілек». Тілек ағашын толтыру.
Қорытынды
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тәрбие үйден басталады

Тәрбие үйден басталады

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің...
Сіз қандай әкесіз? (тест)

Сіз қандай әкесіз? (тест)

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебі, Шағын орталық тәрбиешісі Манькева Майнур...
Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік

Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...
Баланың бас ұстазы ата-ана.

Баланың бас ұстазы ата-ана.

Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің Бастауыш класының мұғалімі Макуова Нұршат Аманқосқызы Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата-ана....
Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.

Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубай Рая Әлқуатқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×