Сайтқа кіру Тіркелу

«Мен елімнің ертеңімін» тренингі

Сыныбы: 4
Мақсаты: логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Білімділік: өскелең ұрпақтың психикасының даму заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: коммуникативтік қабілеттерін дамыту, психикалық процестер туралы түсініктер (қиял, ақыл, ойлау, ес, зейін, сана) беру, ой - өрісін кеңейту. Икемділік пен шеберлікке дамыту.
Тәрбиелік: балалардың моральдық, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
«Мен елімнің ертеңімін» тренингі
Ереже:
1. Балаларға пайдалы нәрселерді беру;
2. Достарымен жақсы қарым - қатынаста болу;
3. Балаларды өздерін еркін ұстауға үйрету;
4. Өз ойларын ашық айта білуге үйрету.
5. Белсенділік таныту.
6. Көңілді болу.
1. Танысу жаттығу: Әркім өз есімдерінің алдына сын есім қойып айтады. Хоббиіңізді айту.
2. «Көңіл – күй суреті» атты жаттығу
Қызыл гүл – керемет, сары гүл – жарқын
Балалар! Сіздер көктемнің жайма шуақ күнінде жайқалып өскен жауқазын сияқтысыңдар. Ендеше осы гүлдің сабағына әрқайсыларыңның аттарыңды және жапыраққа өз көңіл – күйлеріңді жазып, мына жерге құмыраға саламыз.

Талдау: Балалар көңіл – күйлерің қандай?
Сендерде толқу, ұялу, қорқу сезімдері болды ма?
Жарайсыңдар, ендеше ары қарай жалғастырамыз.

3. «Дарындылық» мини лекция
Дарындылық дегеніміз шығармашылық қабілетін дамытып, жетілдіру, шыңдай түсу. Есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиялдау, бейнелеу, дарындылық, шығармашылық қабілет.
Мысалы: Балалар «Алты жасар Алпамыс» киносын бірге елестетіп көрейікші.
Кішкентай Алпамыс пен Қалихан бір ауылдың балалары, екеуі дос. Жасы жетіге келген Қалихан жаңа оқу жылы басталғанда мектепке барады, ал алты жастағы Алпамыс қалып қояды. Досының оқитынына қатты қызыққан оның бар арманы мектепке бару.
Мектеп терезесінің алдына келіп, мұғалімнің іс - әрекетін бақылап, өтіп жатқан сабақты түсінуге тырысады. Ал досы Қалиханның сабаққа аса құлшынысы болмайды. Бірақ, ол досының алғырлығын алға тартып, оның мектепке баруына көмектеседі. Екі достың тілегі қабыл болып, алты жасар Алпамыс 1 - сыныпқа қабылданады
1977 жылы Рига қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальде «Алты жасар Алпамыс» фильмі бас жүлдені жеңіп алды.

Балалар осы жерде бір аңыз есіме түсіп тұрғаны, соны тыңдайық.
Бірде жас жігіт пен бойжеткен өздері дарынды болуы үшін түрлі қасиет сататын базарға барып өздеріне керек қасиетін алғысы келеді. Бірақ ол жерде есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиялдау, бейнелеу, шығармашылық сияқты қасиеттерді көріп, қайсысын аларын білмей дал болады. О кезде бір қария келіп жігіт пен бойжеткенге «Сендер дарынды болам десеңдер, бір ғана қабілетті таңдап алыңдар, бірақ жоғарыда айтылған қасиеттердің бәрі сол қабілеттен табылатын болсын» дейді. Бойжеткен мен жігіт қарияның ақылымен шығармашылық қабілетті алады. Шығармашылық қабілеттің ішінде есте сақтау да, ойлау да, сөйлеу де, бейнелеу де, қиялдау да, елестету де болады екен. Шығармашылық қабілеттің арқасында жас жігіт пен бойжеткен дарынды жас ұрпақ болады.

Талдау: Аңыз өте қызық па? Алпамыстың досы неге оқи алмайды? Оқи алмайтын бала болу мүмкін бе?

4. Бәйтерекке саяхат.
Дарынды бала болу үшін не істеу қажет?
Әр балаға парақтар таратылады, сол параққа әр бала өзінің оң қолының суретін салып, алақанына жауаптар жазады. (еңбектену, ерінбеу, ақылды, терең ойлау, мұқият тыңдау, мақсат қою, көп оқу, елестету, бейнелеу) Бір бірлеп сөздерді оқып, бүктеп бәйтерекке салады.

5. Сергіту. «Суретші»
Оқушылар бірінің артына бірі тұрып, арқаларына саусақпен суреттер салады. Әрқайсысы өздері сурет сала отырып, артындағы адамның қандай сурет салып жатқанын біліп, айтулары керек.

Сұрақ: Сурет салғанда қандай сезімде болдыңыз?
Қандай сурет салып жатқанын бірден байқай алдыңыз ба?
6. «Жылдам болсаң, тауып көр»
Нұсқау: Небәрі 1 минут қана көріп, қандай сурет қай жерде тұрғанын параққа салу керек. ( күн,, гүл, бала, қыз, қоян, кітап, мысық)
Талдау: балалар есте сақтау қиын болды ма? Кімге қиын болды?
7. Поэзия минуттары: Тірек сөз.
Тәуелсіздік, қуаныш, жайна, күн, халық.

Талдау: Өлең шығару қиын болды ма? Өлең шығарарда қандай сезімде болдыңдар?
Егер ақын болсаңдар өлеңдерді қандай тақырыпқа арнайтын едіңдер?

8. Релаксация: «Гүлдер». (әуен ойнап тұрады )
Жайлап тұрамыз. 2 - 3 рет демімізді шығарамыз. Терең тыныс аламыз. Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Бірақ жай гүл емес әр бірің шығармашылыққа, дарындылыққа, таланттылыққа тұла бойы тұнып тұрған гүлміз деп елестетіңіздер. Бетімізге самал жел лебі еседі. Кенеттен баяу жел соғады, гүлдер желмен жан - жаққа шайқалады.(қолдарын жан - жаққа шайқайды).
Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрісіп, жабылады.(қолдарын тізе үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта күннің көзі күлімдеп, жайнап шығады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды. Гүлдің түрі, түсі, аты. Күн шықты? Гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді. (қолдарын созады). « Мен бақытты боламын» дейді.

Талдау: Сіз елестеткен гүл қандай? Аты қалай аталады? Ол гүл біреу ме?
9. Жарайсың! Жаттығуы.
Балалар шеңбер бойына тұрып, оң жағына қарап, сенің қандай жетістігің бар дейді. Ол бала жетістігін айтады. Жарайсың... деп қолынан жоғары көтереді. Екінші бала... ары қарай жалғастыра береді.
10. Импульс өткізу.
Балалар шеңберде тұрып бір - бірінің қолын көтеріп, алақандарын түйістіріп хормен мына сөзді қайталайды.(3рет)
Нұсқау: Біз бір - бірімізбен қарым - қатынаста болғанымызға қуаныштымыз. Орта бізге ыңғайлы.
Қорытынды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Зат есім

Зат есім

Оқушылардың зат есім жайлы білімдерін кеңейте түсу, дұрыс сұрақ қоя білу, зат есімді таба білуге үйрету. Зат есімдерге мысалдар келтіре білу,...
Мектеп жасына дейінгі балалардың процестерін дамытуда ойын - жаттығулардың  ...

Мектеп жасына дейінгі балалардың процестерін дамытуда ойын - жаттығулардың ...

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласының даму кезеңінде балалардың танымдық белсенділігін дамыту, өмір салтын...
Мейірімді болса жүрек - орындалар тілек

Мейірімді болса жүрек - орындалар тілек

Ұстаздарды жаңашылдыққа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой - қиялын...
Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу

Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің психологы Үсенғазы Жанна Үсенғазықызы...
Әдемі гүлдер

Әдемі гүлдер

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті № 7 «Балдырған» балалар бақшасы Жапсыру Тақырыбы: "Әдемі гүлдер" І кіші топ Тәрбиеші: Серікбаева...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×