Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Мамандыққа бағытталған химияны оқытудың интерактивті әдістері

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп – лицейдің
химия пәнінің мұғалімі Демеубаева Әсем Көбейсінқызы

«Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.»
Н.Ә.Назарбаев.

Жаңарған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты мақсаттарының бірі ретінде әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену бағыттары адамды жоғары маңызды құндылық деп танып, қоғамның дамуының өзегі болып табылатын болашақ мамандарды кәсіби даярлау сапасын жетілдіруді басты бағдар тұтады.

Тұғырлы білімдері мен кәсіби біліктерін оңтайлы сабақтастыра отырып, кәсіби міндеттерін шығармашылықпен шеше білетін жаңа тұрпатты маман даярлау үрдісін студенттердің дербес іс-әрекетінсіз елестету және оны жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан кәсіптік білім саласында студенттерді кәсіби даярлау үрдісін жаңаша сипатта қарастырып, олардың шығармашылық дербестік сапаларын дамыту негізінде меңгерген білімдері мен білік, дағдыларын өзгермелі өмір жағдайында, болашақ кәсіби іс-әрекетінде шығармашылықпен қолдана білуге үйрету маңызды міндет.

Көрсетілген мәселенің өзекті тұстары Қазақстан Республикасы-2030 жылдарға дейін стратегиялық дамуын жүзеге асыру бағдарламасы мазмұнында, «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы «Білім» бағдарламасында, Қазақстанда білім беруді дамытудың 2015-жылдарға дейінгі мемлекеттік бағдарлама талаптарымен үндеседі.

Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, әлемдік ортада алдыңғы шептен орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына, қазіргі таңдағы оқытудың дидактикалық жаңа сипаты – жаңа оқыту технологияларын, оқу ақпараттарын ұтымды қолдану, шығармашылық оқыту түрлерін кеңінен пайдалануға байланысты.

Қазіргі заманғы жоғары мектеп дидактикасы студенттердің кәсіби құзыретті, ойлау белсенділігі жоғары, ізденімпаз, дербес, шығармашыл болып қалыптасуын әдіснамалық тұрғыда, қазіргі қоғам талаптарына сәйкес жаңаша негіздеуді қажет етеді.

Қазіргі кезеңдегі еліміздің күннен – күнге гүлденіп дамуы, жаңа саяси – экономикалық өрлеу, болашақ дамуға бағдарланған өзгермелі өмір жағдайлары адамнан ақыл – ой белсенділігін, өзекті мәселелерді шығармашылықпен шешу, оны оңтайлы пайдалануды талап етеді. Сондықтан болашақ мамандарды кәсіби даярлауда көрсетілген міндеттерді шешудің басты тұғыры ретінде оқушыларды құзыреттілікке икемдеудің маңызы зор.

Құзыреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды.Егер болашақ маманның құзыреттілігінің қалыптасуын кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды мүмкіншілігі, яғни бір сөзбен қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады.Кәсіби құзыреттілік деп маманның жеке бас сапалары мен оның психологиялық – педогогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады.

Оқытудың әдістерін таңдау көптеген факторлармен білім берудің маңызды мақсаттарымен, оқу курсының ерекшеліктерімен, сабақтың мақсатымен, оқушылардың мүмкіндігімен, қолда бар оқу құралдары және уақытпен, мұғалімді мойындауымен, олар пайдаланатын дидактикалық жүйенің ерекшеліктерімен анықталады.Оқыту әдістері оқыту процесінде маңызды қызметтер атқарады. Әдістердің көмегімен оқытылатын материалдардың тиісті мазмұнымен оқушыларға берілуі, оқушылардың интеллектуалды дамуы және қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру.Сонымен қатар әдістер оқу процесінің қалыпты қызметіне қажетті жағдай жасаушы.

Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға маңызы арта түсті.Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер интерактивті деп аталып жүр. Бұл әдістерді қолдану сырттай өте жеңіл көрінгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзі.Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлға аралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру талаптарын қанағаттандырады.Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтаумен, мәліметтерді талдап,жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпараттарды игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа,күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс – әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.

Интерактивті әдістің тағы бір ерекшелігі оқушылардың белсенділігі мұғалімнің белсенділігімен сәйкестігінде сонымен қатар оқушы мен мұғалімнің тұрақты өзара іс әрекетінде. Интерактивті әдістерді қолдануда оқушыларды сапалы дайындықпен қамтамасыз ету оқу процесінің нәтижелігіне тікелей байланысты. Басты тапсырма оқушыларға берілген білімнің бағасында емес ол тапсырманы орындаудағы іс – әрекетінде. Интерактивті әдістерді сабақ барысында қолданудың басты құрылымы мынада: сабақ басталысымен оқушыларға белгілі бір тақырыпты беру және осы тақырыптың әрі қарай дамуына септігін тигізетін іс – әрекеттерді уақытылы жинақтай білу. Осындай интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы химия пәнін оқушыларға жете меңгертуді сонымен қатар мамандықтарын меңгеруде осы білімдерін кеңінен қолдануына жете мән беріп келемін.

Жұмыс барысында алдыма қойған мақсаттарым:
• Оқушыны химия пәні арқылы мамандыққа баулу.
• Оқушының білім – білік дағдыларын қалыптастыру.
• Білім алуға деген ынтасын арттыру.
• Оқушының белсенділігі мен іскерлігін арттырып, шығармашылыққа баулу.
• Химиялық тілді, теориялық білімді практикамен ұштастыру.
• Мамандығына байланысты химиялық үрдісті түсіндіре алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Осы мақсаттарымды жүзеге асыру үшін атқарған іс – тәжірибемді ұсынғым келеді. Мамандыққа баулу мақсатында өзім сабақ беретін жаратылыстану – математика бағытындағы топ оқушыларынан «Мен қандай мамандық иесі болғым келеді?» атты тест алдым.Тест нәтижесінде басым көпшілігі теміржол мамандығын таңдағалы отырғаны белгілі болды. Соған байланысты «Металдар» тақырыбына ерекше мән бердім.

Бірнеше мәрте зертханалық жұмыстар жүргіздім соның ішінде төмендегі кесте №1 зертхана жұмысының нәтижесінде толтырылды.Бұл жұмыстың қорытындысы арқылы тепловоз аккумуляторларының құрылысын және поршендардың құрылысын білуге мүмкіндік берді.
№ Тәжірибе
Не жасалды?
Не байқадыңыз?
Қорытынды
1. Темір мен мыс сульфатының әрекеттесуі
Темір шеге мыспен қапталды. Fe + CuSO4 →
Темір шегені мыс сульфатына батырдық Fe SO4 + Cu

Өз тәжірибемде төмендегідей салыстыру арқылы жүргізілетін «Альтернативтік тестті» жиі қолданамын.Бұл тестке уақыт аз кетеді сонымен қатар химиялық тілді дамытуға әсерін тигізеді.Ортақ сұрақтар оқылады оқушылар тек «+» деген таңба қою арқылы жауап береді. Тексеруде қиындық туындатпайды.Оқушы үшін де, мұғалім үшін де ең жеңіл тест түрі.
1 23 4 5 6
Al + +
Fe + + +
Cu + + +

Тест сұрақтары:
• Тепловоздың басқару пультінің сыртын қаптайтын металл?
• Тепловоз генераторын және якорьлерін жасауда қолданылатын металл
• Тепловоздың тяговый электродвигательдерінде кездесетін металл
• Коллектор мен обмотка қандай металдан жасалады?
• Коленвалды жасауға қандай металдың құймалары қолданылады?
• Вагондардыңсыртын қаптауға қандай металдың құймалары қолданылады?

Химяны меңгертуде формулалардың маңызы зор, сондықтан сабақ барысында формуланың жалғасын табатын перфокарталардың да алатын орны ерекше.Сонымен қатар оқушыларға әр түрлі тақырыптарда жеке жұмыстар тапсыруда сабақты тереңдете түседі, осы зерттеген тақырыптарын ортаға салуға мүмкіндік беремін.

Осындай әдіс - тәсілдер арқылы әр сабақта жұмыс істеу барысында оқушылардың білімдері тереңдейді,есте сақтау,химиялық тілмен сөйлеу қабілеттері дамиды және олар ізденімпаздыққа,үнемділікке тәрбиеленеді.

Химия сабақтарында оқушылардың белсенділігін,пәнге қызығушылығын арттыруда төмендегідей жұмыс түрлерін ұйымдастырамын:
• Дидактикалық ойындар(ойлан тап,химиялық лото,химиялық «лабиринг»)
• Топпен жарыстыру(берілген уақытта тапсырманы топпен орындау түрлері)
• Еркін тақырыптарда мәтін құрастыру,ертегі шығару,ребустер мен сөз жұмбақтар, басқатырғылар құрастыру,шығармалар жаздыру.т.б.
• Оқушыларды әдебиетті іріктеуге,аннотация жасауға,конспектілеуге,кортетекалар жасауға, жоспар жасауға, материалдар жинауға, оның жоспарын жасауға үйрету.

Өз тәжірибе жұмыстарымды қорытындылай келе химиялық білімнің кәсіби мамандыққа бағытталуы дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін,өздігінен шешім қабылдайтын,нарық заманында өмір сүріп,адал еңбектенетін,бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Баяндама, білім, кәсіби, оқыту
Ұқсас жаңалықтар:
Оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық технологияларды география сабағында қол ...

Оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық технологияларды география сабағында қол ...

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ, А. Е. Мергазина...
Қоғам қажеттілігі - жаңа технологияны қолдану

Қоғам қажеттілігі - жаңа технологияны қолдану

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақша меңгерушісі Ералимова Ғалия Болатқызы...
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, ММ "Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының" мониторинг бойынша әдіскері Райымберді Әселжан Райымбердіқызы...
Математика сабағында деңгейлік оқытудың тиімділігі

Математика сабағында деңгейлік оқытудың тиімділігі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Мәртөбе ауылы «Мәртөбе» жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Даулетбаева Оразгул...
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері

Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету