Сайтқа кіру Тіркелу

Келешекке кемел біліммен

Келешекке кемел біліммен
Жастар мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік құрылымындағы маңызды топ болып табылады. Ресми мәліметтерге қарасақ, республика халқының 28 пайызына жуығын жастар құрайды. Олардың саны 4,5 миллионнан асқан. Қазақстан халқының үштен бірін құрап отырған жастардың қазіргі білімі, кәсіптік, рухани және мәдени дайындығы мемлекеттің келешегін айқындайды. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы алғашқы атқарылуы тиіс мәселе жастар саясатының қалыптасуы, жүзеге асырылуы болып табылады.

ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақтың ұлттық демократиялық бағыттағы саяси-ағартушы қайраткерлері жастар мәселесіне барынша назар аударып, көңіл бөлген.
Жастардың біліміне, кәсіби дағдыларды игеруіне, тәрбиеге, әлеуметтік бейімделуіне, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы рөліне, бос уақытын тиімді өткізу мәселелеріне арналған жұмыстардың орны ерекше.
Қазақстандық зерттеушілер жастар мәселелері бойынша саяси ғылымға айтарлықтай үлес қосты. Ш.О.Омаров пен Н.З.Нығматулиннің диссертациялық жұмыстары шеңберінде 1990 жылдардың ортасына дейінгі мемлекеттік тәуелсіздік алудағы тарихи кезеңді қамтитын республикадағы демократиялық жаңаруды іске асыратын Қазақстандық жастардың ролі мен жастар арасындағы саяси үрдістер зерттелді. Біздің еліміздің тарихындағы ол кезеңдегі жағдай қазіргі кезден ерекшеленеді және жас буынның саяси мінез-құлқы мен жастар арасындағы саяси үрдістерде көрініс тапты.

Қазақстанның тәуелсіздік дамуы кезінде, әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістері белең алған кезеңінде республикамыздың жігіттері мен бойжеткендері қоғамның, дамыған елдер қатарына қосылуда, дамудың қарқынды болуына елеулі үлес қоса алады, әрі елдің жаңа сапалы көрінісіне бет бұруына көмектесуі тиіс. Ол іс-шаралар, біріншіден, мемлекеттік жастар саясатының қажеттілігімен, екіншіден, тиімді жастар саясатын құру тұжырымдамасын жасау, үшіншіден, жастардың саясатқа деген көзқарастары мен белсенділігін арттыру арқылы қоғамдық маңызды мәселелерді шешу, қоғам болашағын анықтайтын жастарды саяси ынталдыру, төртіншіден, елдегі жастардың қоғамдық - саяси құндылықтарға бейімделу деңгейін көтеру аса маңызды болып отыр.

Қазіргі кезеңдегі ел дамуындағы ең өзекті мәселе - мемлекеттің жастарға деген жаңаша қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады. Бұл жөнінде Н.Ә.Назарбаев былай деген болатын: «Біз бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз»
Жастар - мемлекеттің ең басты стратегиялық, әлеуметтік, электоральды ресурстарының бірі. Кез келген қоғамның жаңару мен даму болашағы жастарға байланысты. Жастар жаңа ойлардың желісін жақсартуға бағытталумен үйлесетін болса айрықша әлеуметтік топ ретінде жігерлілік, белсенділік танытады. Демократиялық сәйкестігін дамыту, сонымен қатар мемлекетті басқаруда жастардың белсенді қатысуы және барлық қоғам үшін маңызды шешімдер қабылдауды ұйғару керек.

Жастарды саясаттандыру тереңдігі қоғамның барлығы не жастардың демократиялық дамуын қамтамасыз ететін жастардың саяси тәртібінің оптималді моделін іздеу тиімді. Қазіргі сатыда «Нұр Отан» партиясының басым моделі Қазақстанның саяси жүйесіндегі оңтайлы пішін ретінде қарастырылуда. Бұл алдағы уақытта басқа да саяси партиялардың сайлауға қатысып, Парламенттен өз орнын алуына және барлық үрдістерге қатысуына мүмкіндік беретіндігі алға тартылды.

Тәуелсіздік алған кезден қоғамның саяси жүйесі, оның негізгі құрылымдарының бірі саяси партиялар туралы диссертациялар, моногафиялар, теориялық мақалалар баршылық. Өйткені, демократиялық құқықтық мемлекет орнату жолына түскен елдердің саяси жүйесінің құрылымында саяси партиялардың ерекше орын алатыны белгілі. Ал көппартиялық саяси жүйесі партиялық құрылысының қалыптасуы және даму үрдісіндегі Қазақстан үшін бұл мәселелер айрықша маңызды. Сондықтан да Қазақстанның саяси жүйесіндегі саяси партиялардың өміріндегі ахуалды, елдегі «Отан», «Асар», «Азаматтық» және «Аграрлық» партиялардың қоғам дамуына ықпалы, олардың өзара бірігуінің нәтижесінде өмірге келген «Нұр Отан» партиясының бағдарлама мақсаты мен міндеттері туралы Қазақстан Президентінің ресми баяндамаларында, сұхбаттарында және Қазақстан халқына Жолдауларында айтылған пікірлер мен ұсыныстар толық мазмұнда көрсетілген.

Халқымыздың “Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады” деген ұлағатты сөзін, білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін ол терең түсінді. Расында да, білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат көзі жоқ екені баяғыдан белгілі. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең алдымен білім күшіне арқа сүйейді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білімге негізгі басымдық беріп отырғандағы басты себебі содан. Өйткені, білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын ұлы Абай да жақсы айтқан: “Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма”, – дейді ол.

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов «Қазақ¬стан Республикасындағы білім мен ғылымды дамытудың жай-күйі және келешегі туралы» баяндамасында білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерімізді тілге тиек етті. Ол өз баяндамасында соңғы 10 жылда білім саласын қаржыландыру 7,5 есеге өскендігі, биылдың өзінде білімге мемлекеттік бюджеттен 900 млрд. теңге бөлінгені, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары-ақ «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істеп, жастардың шетелде білім алуына жағдай жасалынғаны, білім саласын дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы түзілгені, «Ғылым туралы» жаңа заң қабылданып, «Білім туралы» заңға өтімді өзгерістер енгізілгені жайлы айта келіп, жоғары білім саласындағы «Назарбаев Университетінің» ерекшелігіне тоқталып өтті. Осы игі істер жастардың сапалы біліммен қарулануына тигізетін үлесі болып табылады.

Лондондағы Сити университетінің студенті Айжан Рымбек математика пәнінен өткен халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды. Халықаралық олимпиадаға қатысқан 130 студенттің арасында қазақ қызы профессор Таннердің сыйлығын жеңіп алып, ең үздік деп танылды. Нәтижесінде Айжан құрмет дипломы, қаржылай сыйақымен марапатталып қана қоймай, математика қоғамдастығының вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Ол «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алуда. Қазақстанның талантты жастарға қолдау көрсетуі құптарлық жайт. Мұндай елдің болашағы зор болмақ. Павлодардағы №8 лицейдің түлегі, «Алтын белгі» иегері Жасұлан Бараисов физика пәні бойынша өткен халықаралық олимпиададада (IPhO-2011) алтын медальді жеңіп алды. Жасұланның есімі сондай-ақ «Қазақстан үміттері» және «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы» энциклопедияларына енгізілген. Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының шәкірттері Болгария мен Грецияда өткен халықаралық олимпиадаларда математика мен ағылшын тілі пәндерінен 3 жоба қорғап, 1-ші және 2-ші орындарды иеленді. Осындай дарынды жастардың қолында ел болашағы. Келешекке кемел біліммен аяқ басайық.

№ 10 орта мектеп, математика пәні мұғалімі,
«Парасат» дебат клубының жетекшісі
Наурызбаева Айнур Муханбедияровна
Кері қайту
Ілмек сөздер: Келешекке, кемел, біліммен
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×