Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Баланың бас ұстазы - ата-ана

Күн тәртібінде қаралатын:
1. тестің қорытындысы - психолог
2. Баяндама - Даирова С. Т.
3. Оқушылардың құттықтаулары
Баяндама:
Баланың бас ұстазы - ата - ана
«Баланы әуелі мейір - шапағатқа,
Онан соң ақыл - парасатқа, ақырында
Еңбек пен ғылымға баулуы»
Халық даналығы
Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата - ананың абыройы.
Жаманы – қайғысы, азап - соры.
(В. Сухомлинский).
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілетін білім - адамзаттың қас жауы, оның барлық өміріне апат әкеледі.
Әл - Фараби
Мақсаты: әрбір балаға ата - ананың өмірдегі алар маңызды орнын ұғындырып, оларды қадірлеуге баулу; мектеп пен отбасы қарым - қатынасын нығайту; баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал жасау.

Отбасы – мемлекеттің негізгі буыны. Отбасы – болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты сіңіретін тәрбие ошағы. Жеке адамның бойындағы ар - ұяты, ой - өрісі, әдептілігі мен мәдениеттілігі отбасынан бастау алады. Сондықтан отбасы тәрбиесі бірінші орында тұруы тиіс.
Тәрбие отбасынан басталады. Болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен жанұяда ата - ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Отбасының, жанұяның қос шынары алатаудай атамыз және аналардың анасы әжеміз – береке мен мейірімнің ұйтқысы. Атаны сыйлау, ата - бабаны, елді сыйлау, әжені құрметтеу – өмірді құрметтеу.
Білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алатындығын ұғыну – біздің басты парызымыз.
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы, себебі адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық - суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Әке – шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі.
Әйел - отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу - әйел - ананың тікелей міндеті. Әке мен шеше - отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар.
«Бала тәрбиесі - бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесімен танысу керек» деп қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев қалай дәл тауып айтқан десеңізші!
Баланың қалыптасуына үш түрлі жағдай әсер етеді:
1) Тұқым қуалаушылық
2) Қоршаған ортасы(отбасы, балабақша, мектеп, достары, т. б.)
3) Отбасы және ондағы тәрбие.
Кез келген бала туғаннан бастап өзіне тән белгілі қасиеті мен қабілеті болады. Баланың болашағы оның қабілетінің негізі. Қабілет белгілі бір іс - әрекеттен көрінеді.
Егер балаға уақытында қажетті жағдай жасалмаса, қабілеті ашылмай, басылып қала береді. Қабілетсіз адам болмайды, тек қана ол әр түрлі жаста танылуы мүмкін. Балаға ең бірінші әсер етуші - отбасы, оның мүшелері, ондағы қалыптасқан әдет - ғұрып, дағдылар. Отбасында бала мынадай қасиеттерді сіңіре алады екен. Көпшіл немесе тұйық, еңбекқор немесе жалқау, ұқыпты немесе ұқыпсыз, әділ немесе әділетсіз, адал немесе арам, ақкөңіл немесе қызғаншақ т. б.
Отбасы – шағын мемлекет. Отбасы адамды кемеліне келтіреді және бақытқа бөлейді. Отбасында әке мен ана басты рөл атқарады. Құсқа екі қанат қалай керек болса, балаға да әке мен ана сондай қажет. Анасы мен баласының арасын көзге көрінбейтін тылсым жіп жалғап тұрады. Міне, сол арқылы ана бала көңіліндегі мұңды бар болмысымен сезінеді. Ал, әке балаға сыншы демекші, әке баланы сырттай бақылаушы және бағыт беруші. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»деп бекер айтылмаған.. Бала отбасындағы тәлім - тәрбиені әке мен анадан алады.
Бала тәрбиесі жөніндегі сауалнама бойынша сұхбаттасу. «Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, әрбір отбасындағы ата - ана тәрбиеші, ұстаз. Отбасы өз - өзінен қайнап жатқан бір әлем. Ол жақсылықтар мен қатерліктердің жемісі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізген болатын.
Отбасы ата - аналарының түрлері.
№ Атаулары Сипаттамасы
1 Қамқоршы ата - ана Баласының дене және эмоционалды қажеттіліктерін қанағаттандырып, бала күтімімен айналысады.
2 Беделді ата - ана Өзіндік беделін сақтай отырып, соның негізінде балаға мәдени құндылықтарды меңгертуге тырысады.
3 Тәрбиеші ата - ана Отбасында белгілі білім - іскерліктерді меңгерте отырып, баланы оқыту мәселелерімен айналысады.
4 Серіктес ата - ана Отбасында баламен тең құқықтар негізінде ортақ әрекеттерді орындайды.
5 Бірге тұратын ата - ана Баламен бір шаңырақта тіршілік жасайтын адам.
Ата - аналарға төменгі халықтық қағидаларды отбасы тәрбиесінде қолдана білу ұсынылады:
1. Жолын кеспе.
«Асығыспыз десек те, ал мынаны есепте,
Ақсақалды атаның алдынан сен кесе өтпе».
«Біл мынаны, жігітім, емес бірақ үгітім
Жолын кессең қарттардың – кесіледі үмітің».
2. Жеті түнде.
Түнде шашты тарама, біреу қуып бара ма?
Иесіз қалған пәтердің, есігінен қарама.
Түсі игіден түңілме, түс қашқанға жүгінбе.
Ашық қалған құдыққа, жеті түнде үңілме.- деген ережелердің, тыйымдардың өзіндік бала тәрбиесіне берер ықпалы зор.
Енді Сіздерге парақтар таратып сіздер «Бала деген кім?»әрбір ата - ана ой қозғау жазасыздар.
Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
Балаңыз Сізге қандай көмек көрсетеді?
Бала ата - ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп перзентін әлпештеп өсірген ата - ананың, жатса - тұрса баласына тілейтіні алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.
Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
Балаңыздың тәтті қылықтары
Жағымсыз қылықтары
Жақсы қасиеттері

Қорыта келгенде, Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата - ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана - отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Сіздерге тілейтінім бақыт, денсаулық тілеймін!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету