Сайтқа кіру Тіркелу

Нұрын шашты...

Нұрын шашты...
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Кезінде қоныс болған Абылайға.
Қазақтың шексіз, шетсіз байтақ жерін,
Сұлулығын, шұрайлы табиғатын,
Таңдаған да, таңдана білген дара.

Бүгінде сұлу Есіл жағасында,
Танылып бар әлемге таралуда.
Аңыз ба, ертегі ме...- ел куә ғой,
Салынған аз уақытта жаңа қала,
Нұрсұлтан таңдап алған Сарыарқада.

Самсаған ғимараттар, Бәйтерек те,
Арманмен тілдесуде бой көтере.
Қазақтың бар өнерін паш ететін,
Ұлылықтың белгісі – ескерткіштер,
Тарихтың бар есігін ашты емес пе!?

100 жылда дара туған, дана ғана,
Нұрсұлтан нұрын шашты бас қалаға.
10 жылдық мерей тойын елің тойлап,
9 жолдың торабындағы жас қаламды,
Ата – баба аруағы қолдады ма?

Жарқыраған Астанамыз арман қала,
Шоқ жұлдызың жарқырап жанған қала.
Таң қалып тамашалап, аралайды,
Шет елден шақырылған қонақтар да,
Астана - Арқа жерін жаңғыртуда.

Күндізгі туған жердің шежіресіне,
Түндегі жұлдыздарда таласуда.
Бақ қонған Арқа төсін дүбірлетіп,
Дәулетті, сәулетті де құт мекен боп,
Жарқырап, жаңара бер - нұр Астана.

Тәуелсіз қазақтың киелі мекені,
Сарыарқа төсінде - ертегі шаһары,
Сиқырлы сазымен, домбыра үндескен,.
Асқақта күмбездей сұлу жер жаннаты.
Астана - Абылай арманы, қазақтың қамалы.

Алынар белестер, қол жетер табыстар,
Әлемдік деңгейге жеткізер - ол жастар,
50 ел қатары - қазақпен толығар.
Жеңістен - жеңіске жеткізер жалауың,
Астана биіктен - биікке самғай бер, алысқа...
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×