Сайтқа кіру Тіркелу

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер
Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі жас ұрпақ. Бүгінгі таңда егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – құзырлы мұғалім.
Құзырлы мұғалім - рухани дамыған, кәсіби іскерлікке, рефлексияға, жаңа ұмтылыстарға қабілетті, жаңа тәсілдерді қолдана білетін, педагогикалық шығармашыл тұлға.
«Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы ғылыми - әдістемелік негіздері» тақырыбында ұйымдастырылып отырған бағдарлама жаңалық болып отыр. Басқа да білім жетілдіру курстарымен салыстырғанда бұл курс оқу мерзімінің ұзақтығымен және оқытудың жеті модульден тұратын бағдарламасымен ерекшеленеді. Осы бағдарламаның негізгі міндеті - қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.
Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Бізге ұсынылып отырған осы курстың негізгі бағдарламасы - мұғалімнің оқыту мен оқудағы әдістерін өзгертуге жасалған жаңа бастама, яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтиды.
Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Бағдарламадағы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері негізгі жеті модульге бөлінеді:
• Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
• Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
• Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
• Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.
• Талантты және дарынды балаларды оқыту.
• Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
• Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Оқушыларды зерттеу барысында аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын қарастырдым.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер - бұл жеті модульде қарастырылатын оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері, сонымен қатар «Диалог негізінде оқыту және оқу» және «Қалай оқыту керектігін үйрету» деген атауларға негіз болып, соны кеңінен қарастыратын модуль. Сабақ барысында оқушылардың өзара білім алмасуын, оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыстың негізгі құралы бұл - диалог екенін меңзейді. Яғни, осы диалог сабақ барысында тиімді қолданылса, оқушылар өздерінің ойларын, көзқарастарын жан - жақты, еркін айтуына, дамуына көмектеседі. Ал «Қалай оқыту керектігін үйрету» оқушылардың алған білімдерін есте сақтап, қосымша өздігінен ізденіп оқуға, яғни, білім жинау жауапкершілігін түсінуге мұғалім қандай іс - әрекет жасауын қарастырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер...
Тригонометриялық функциялардың туындыларына есептер шығару

Тригонометриялық функциялардың туындыларына есептер шығару

Тригонометриялық функциялардың туындысын табу формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету, білімдерін кеңейтіп толықтыру....
Бөлінгіштің жоғарғы разряд бірліктері бөлінгіштен кем емес жағдайда бір таң ...

Бөлінгіштің жоғарғы разряд бірліктері бөлінгіштен кем емес жағдайда бір таң ...

Сабақ: математика Тақырыбы: Бөлінгіштің жоғарғы разряд бірліктері бөлінгіштен кем емес жағдайда бір таңбалы санға бөлу. Қолданылған модульдер: Оқыту...
Назарбаев зияткерлік мектебінің білім сатысы оқуы

Назарбаев зияткерлік мектебінің білім сатысы оқуы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур...
Оқыту мен оқу үдерісінде сындарлы оқыту теориясының тиімділігі

Оқыту мен оқу үдерісінде сындарлы оқыту теориясының тиімділігі

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×