Сайтқа кіру Тіркелу

Үйкеліс күші және оның техникада қолданылуы

Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші және оның техникада қолданылуы

Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.
ә)Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Есеп шығару тәсілдерін үйрету, практикалық білім беру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық проектор, динамометр, білеуше

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;
ІІІ.Жаңа сабақ;
IV.Бекіту;
V. Үйге тапсырма;
VI. Сабақты қорытындылау (бағалау).
І.Ұйымдастыру (оқушылармен сәлемдесу, түгендеу)
ІІ.Үй тапсырмасын қайталау
Сурет арқылы салмақсыздықты еске түсіру. (Проекциялық аппарат, компьютер арқылы)
ІІІ.Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
1)Оқушыларға өздерінің өмірімен байланысты, күнделікті тұрмыстағы кездесіп жүрген заңдылықтарға байланысты бірнеше сұрақтар қою.
2)Сұрақтарды проекциялық аппарат арқылы экранға шығарып, жеке-жеке қысқаша жауап қайтару.
Шананы қара жолмен сүйрегеннен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік - бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама – қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрсетеді.
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Fүйк. әрпімен белгіленеді.

Сырғанау үйкеліс күші. Өте жақсы өңделген екі бірдей металл кубты алып, оларды әр түрлі беттерге қояйық, біреуін кішкене кедірлі – бұдырлы бетке, ал екіншісін жылтыр бетке. Бет аздап кедірлі – бұдырлы болғанда дененің оңай сырғанайтынын байқаймыз. Ал керсінше екі өте жақсы тегістеліп өңделген беттің бір – біріне сырғымайтынын көреміз. Себебі мұндай беттердің бөлшектері бір – біріне өте жақын орналасады екен, олардың арасындағы үлкен тартылыс күштердің салдарынан олар бір – біріне жабысып қалады екен.

Конькидің жүзі мұзға қысым түсіреді де оның ермеуіне әсер етеді, конькидің астында пайда болған су қозғалысты жеңілдетеді, қысым түсіру тоқталса су бірден қатып қалады. Неліктен сұйық үйкелісті азайтады? Сұйық қабаттары жанасқан беттерге жабысады да бір – бірімен тайғанауға әкеледі. Сұйықтардың қозғалысы да белгілі тұтқырлық деп аталатын кедергіге әкеледі, бірақ оның шамасы қатты беттердің арасындағы кедергіден әлдеқайда аз болады.
Тыныштық үйкеліс күші. Бұл бір жағынан дененің қозғалуына кедергі жасайтын күш, ал кейде тыныштық үйкелісі қозғалыстың басталуына себеп бола алады. Мысалы: жүргенде аяқ киім табаны жолмен өзара әсерлесе отырып, үйкеліс нәтижесінде пайда болған тыныштық үйкелісі адамның аяғына үдеу береді, сөйтіп адам жолды аяғымен итеріп оны кері қарай қозғалуға мәжбүр етеді.

Өзіміздің тәжірибемізге сүйене отырып, біз мұздың үстінен жайлап абайлап жүреміз де, онда ақырындап жылжимыз. Мұздағы тыныштық үйкелісінің аздығы сондай, адам табаны тиесімен сырғып кетеді. Бұл тайғанауға әкеледі де, жүруге кедергі жасайды.
Демонстрациялық лабораториялық жұмыс. (Проекциялық аппарат, компьютер, экран арқылы көрсетіледі).

Білеушені бірдей күшпен тартайық. Бетке қай жағынан жанасқанын ескермейік. Үйкеліс күшінің жанасушы беттердің ауданына тәуелсіз екенін көреміз.
Білеушені басқа кедір-бұдырлы бетке орналастырайық. Енді оны орнынан қозғалту үшін бұрынғыдан да көп күш жұмсау қажет екенін көреміз. Бұл үйкеліс күшінің өзара әсер етуші беттерге тәуелді екенін көрсетеді.

Беттердің кедір-бұдырлығына байланысты болады.
Динамометрге бекітілген білеушені тарту арқылы берілген уақыт моментіндегі денеге әсер ететін күшті анықтауға болады. Әсер етуші күш белгілі бір шамадан асқанда білеушенің қозғалатынына назар аударыңдар. Сонымен бірге білеушені қозғалысқа келтіріп тұрған күштің әсер етуші күштен аз екенін байқаймыз. Салмағы алғашқыдай тағы бір білеушені қойып, бетке әсер ететін күшті екі есе арттырайық. Динамометр үйкеліс күшінің артқанын көрсетеді.
IV.Бекіту.
Тапсырмалар:
1.Үш түрлі үйкеліс күшіне оқушыларды үш топқа бөліп тапсырма.
2.Техникада үйкеліс коэффициентін ескеру тақырыбына үш түрлі жағдайға байланысты тапсырма.

1)Денелердің массалары бірдей болғанда, автомобильдің құрғақ асфальт пен ылғал асфальтта үйкеліс коэффициентінің мәндері 1=0,6 және 2=0,4. Үйкеліс күшінің шамасы қай асфальтта артық?
2) Денелердің массалары бірдей болғанда, автомобильдің құрғақ бетон мен ылғал бетонда үйкеліс коэффициентінің мәндері 1=0,95 және 2=0,85. Үйкеліс күшінің шамасы қай асфальтта артық?
3) Денелердің массалары бірдей болғанда, автомобильдің қара жолда және құм төселген жолда үйкеліс коэффициентінің мәндері 1=0,5 және 2=0,7. Үйкеліс күшінің шамасы қай асфальтта артық?

Сабақты қорытындылау
Оқушылар біз бұл себептерде қандай күш туралы айтып отырмыз? Әрине үйкеліс күші туралы. Сонымен біз бүгін үйкеліс күшінің маңызымен таныса келе мынадай қорытынды жасаймыз.

Қорытынды: Сырғанау үйкеліс күші үйкеліске түсетін денелердің табиғатына тәуелді болады. Сырғанау үйкеліс күшінің модулі қалыпты қысым күшінің модуліне тура пропорционал: Fүйк.=μN

Тәжірибелер үйкеліс коэффициенті жанасушы денелердің аудандарына тәуелсіз, жанасатын денелердің қандай материалдан жасалғанына тәуелді болады. Дененің жылдамдығы аз болса, жылдамдыққа тәуелсіз, ал жылдамдық артқан сайын үйкеліс жылдамдыққа тәуелді артады.
Домалау үйкеліс күші де сол сырғанау үйкеліс күші бағынатын заңға шартты түрде бағынады.

V. Үйге тапсырма: §41,42 оқулық. 18-жаттығу.
VI. Оқушыларды бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жылу құбылыстарын қорытындылау

Жылу құбылыстарын қорытындылау

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға жан - жақтылы түсінік бере отырып дене импульсі мен импульстің сақталу заңдарын түсіндіру, оқушылардың...
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль ...

Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль ...

Оқушылардың өзара белсенді – интерактивті өздік таным әрекеттерін ұйымдастыру арқылы қысым тақырыбын меңгерту. Мысалдар келтіре отырып, оқушының оқу...
Архимед күші

Архимед күші

Сұйық тарапынан әрекет ететін күш қайдан пайда болады. Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін бұл ығыстырушы күштің шамасы дене мен сұйықтың қандай...
Тартылысы құбылысы. Ауырлық күші

Тартылысы құбылысы. Ауырлық күші

Семей қаласы № 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру мектеп кешені Елеусізова Жания...
Денелердің жүзу шарттары

Денелердің жүзу шарттары

Семей қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру мектеп кешені Елеусізова Жания...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×