Сайтқа кіру Тіркелу

Отбасындағы жылылық

Отбасындағы жылылық

Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір - бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз.
Н. Ә. Назарбаев
Әрбір отбасында тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпақ ата - ананың алақанының жылылығын, жүрегінің мейрімділігін көріп, біліп, сезініп өсуі қажет. Осындай сезімдерге бөлену үшін ата - ана арасындағы ыстық махаббат берік болса болғаны. Ұрпақты тәрбиелеуде ата ананың алар орны ерекше екендігін айта кеткім келеді. «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» деген дана сөз де бекер айтылмаса керек. Қазіргі Тәуелсіздігіміз қарыштап көкке өрлеген таңда жастарымыздың арасындағы болмашы нәрселерге бола ауру, арақ құмар, қылмыскер болып бара жатқанына қарынымыз ашып, жүрегіміз сыздайды. Осы жастарға не керек, не жетпейтінін білмедім? Сонау ата бабаларымыз басынан аштықты да басынан өткізді. Сонда да арын сатып, арақ ішіп қайғысын жеңілдеткен жоқ. Керсінше осындай қиыншылықтан шығу үшін қолайлы іс - әрекеттер жасап, ақылмен шешті емес пе?
Осы орайда, балғындарымызға үлгілі тәрбие беру қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы отбасынан бастау алады. Себебі, отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс - тіршілік әкеледі. Қоғамның негізгі мақсаты - адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасындағы тәрбие әр адамның мүмкіндігі мен рухани мәдениетін қалыптастырып, салауаттылыққа тәрбиелейді.
Балаларға жан - жақты тәрбие беруге ерекше әсер етіп отырған «Өзін - өзі тану» адамгершілік - рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын айтып кету қажет деп ойлаймын. Себебі, балаларым білім алып жатқан №233 орта мектепте жүргізіліп жатқан «Өзін - өзі тану» пәнінің өскелең ұрпаққа оң әсер етіп отырғандығын көруге болады. Баламның бойында қалыптасқан сабырлылық, ізеттілік, сыпайылық ерекше қамқорлық қасиеттері, әрине, кез - келген ата - ананың көңілінен шығары анық.
Сонымен қатар бұл бағдарлама – жеке тұлғаның өзін - өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның бойында оң өзгерістер қалыптастырады.
Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қанына сіңген адамгершілік қағидаларын адамдар арасындағы ізгілік, қайырымдылық, адалдық, тереңде жатыр. Жеке тұлғаның бойына адамгершілік нәрін ұялатуға «Өзін - өзі тану» бағдарламасы үлке әсер етеді деп айтуға болады.
«Жақсы сөз жан семіртер» деген халық мақалы арқылы:

Қызылорда қаласы,
Ж. Нұрсейітов атындағы №233 орта мектебінің
физика пәні мұғалімі Нұржанова Қ. Б.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тұлғаның адамдық негіздері

Тұлғаның адамдық негіздері

Сабақтың міндеті: Білімділік: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру маңыздылығын түсіндіру, ақпарат беру. Дамытушылық: Оқушыға тәрбиенің маңыздылығын...
Рухани-адамгершілік тәрбиесі

Рухани-адамгершілік тәрбиесі

«Өзін - өзі тану» пәнінің басты мақсаты - рухани - адамгершілік құндылықтарды негізге алатын, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын нағыз мінезді...
Өнеге – тәрбиенің алтын арқауы

Өнеге – тәрбиенің алтын арқауы

Өнеге адамдардың тәлім – тәрбиелілігі, үлгілілігі, саналылығы ережелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Ұрпаққа өнеге көрсететін иманды, зерделі,...
Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы

Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы

Рухани - адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен...
Оқушылардың рухани - адамгершілік дамуына « Өзін - өзі тану» сабағының ықпа ...

Оқушылардың рухани - адамгершілік дамуына « Өзін - өзі тану» сабағының ықпа ...

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің психологы Үсенғазы Жанна Үсенғазықызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×