Сайтқа кіру Тіркелу

Қыз өссе-елдің көркі

Ертеңгілік
«Қыз өссе-елдің көркі»
Мақсаты: Көктем мерекесіне орай өткізілген сайыста қыздарды әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, ана мен қыз бала арасындағы сыйластықты арттыруға тәрбиелеу, ақыл-парасатын, талғампаздығын, тапқырлық, шеберлігін бағамдау арқылы «Қыз сыны» сайысының жеңімпаз аруын анықтау мақсаты көзделді.

Жүргізуші: Аяулы аналар, апайлар, 8 Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!
Құрметті қонақтар, бүгін сіздерді мектепалды даярлық тобындағы қыздар арасындағы «Қыз өссе - елдің көркі» атты қыз сыны сайысын тамашалауға шақырамыз.

Сайыс бағдарламасы бес бөлімнен тұрады:
1. «Тегін білу,тектілік» /өзін таныстыру/
2. «Анасын көріп, қызын ал» / өнерін көрсету /
3. «Шебер қолдар» /түс киіз жасау/
4. «Қыздарға әсемдік жарасады» /сән киім үлгісін көрсету/
5. «Қонақ жайлық - ата дәстүріміз» /үйден көктем салатын жасап әкелу/

Жүргізуші: Әділ-қазы береді
Өздеріңе билікті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Балғын жүзі албырап
Қанатын жаңа қаққан
Қарсы алайық аруларды
Сайысқа дайын тұрған
Ару қыздарымызды, көңілді қошеметпен қарсы алайық /арулар үнтаспада қосылған баяу әнмен ортаға шығады/.
Жүргізуші: Уа,халайық, халайық
Бастамас бұрын сайысты
Әжемізден ауылдың
Аталы бата алайық.
ӘЖЕ: А,құдайым оңдасын
Оң жолына бастасын
Бүгінгі мына сайыста
Еліңе ұнар ару бол
Халқың сүйер аққу бол! Әумин!

1. Жүргізуші: Ал, енді қымбатты арулар, сіздерге қойылатын сайыстың бірінші шарты «Тегін білу - тектілік»/өзін таныстыру/

Аруларымыз сайысымыздың келесі шартына дайын болғанша ортаға жігіттеріміз шығады.
«Жігіттер» биін тамашалаңыздар.
Келесі ұлдарымыздың «Ана туралы» өлең шумақтарын тыңдаңыздар:

Сегізінші наурыз күнін
Мейрамдайды аналар
Аналардың шаттығын
Құттықтайды балалар

Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең

Мұрат, мүлде, мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін

Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым

Менің әжем,бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже

Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі

Бәріңізде анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым

2. Жүргізуші: Келесі, сайыс «Анасын көріп, қызын ал». Аруларымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен ортаға өз өнерлерін көрсетеді!
3. «Шебер қолдар» сайысы. Аруларымыз алдарыңызда қазақтың қол өнерімен жасалатын түс киізді жабыстырып, жасап көрсетеді. Ал, кәне, арулар, іске сәт!
Аруларымыз тапсырмаларын жасағанша, алдарыңызда жігіттер тобының
«Қара жорға» биін тамашалаңыздар! /Арулар жұмыстарын әділ қазылардың алдына қойып, келесі сайысқа дайындалады/.
«Кішкентайдан мені» әні орындалады.
4. Келесі,сайыс «Қыздарға әсемдік жарасады». Аруларымыздың сәнді киімдерін тамашалаңыздар!

5. «Ас қадірін білмеген аштан өлер,ат қадірін білмеген жаяу қалар» дегендей, келесі сайысымыздың шарты «Қонақжайлық - ата дәстүріміз» деп аталады. Аналар мен қыздардың алтын қолдарымен үйде дайындалған мерекелік салаттары. /Арулар өз салаттарын таныстырады/
Алдарыңызда даярлық тобының орындауында «Айналайын, ана» әнін тыңдаңыздар!
Келесі сөз кезегі әділ-қазылар алқасына сөз беріледі . Сайысқа қатысқан аруларға:
«Көрермендер көзайымы», «Өнерлі қыз», «Мың бұралған биші», «Көрікті қыз», «Әдемі қыз», «Ақылды қыз», «Сүйкімді қыз», «Ажарлы қыз», «Салмақты қыз», «Үшінші орын», «Екінші орын», «Бас жүлдеге иегер ару» атты номинациялары бойынша жүлделер берілді.

Жүргізуші:
Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық!
Ардақты аналар, апалар, мейрамдарыңыз құтты болсын!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×