Сайтқа кіру Тіркелу

Өзің таңдаған өмір

Сабақтың тақырыбы: «Өзің таңдаған өмір»

Сабақтың мақсаты: а) жеткіншектердің өзін - өзі тануын қалыптастыру.
ә) оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
б) тренинг түрлері арқылы оқушының тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, оқиғадан шыға білу, өз ойын жинақты жеткізуге дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, өздік ізденіс, мысал қоя іздендіру, салыстыру, топтау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: түсті қағаз, ақ қағаз, карточка (тақтада).
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) оқушының сабаққа қатысуын бақылау.
ә) сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.
ІІ. Жаңа сабақ
– Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.
• Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктері мен мінез - құлқын анықтау;
• оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету;
• өзін - өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету;
• негативті шығару, жою.
1. Таныстыру тренингі: Оқушылар шеңбер құрып (сағат тілі бойынша) әр оқушы өз есімінің бірінші әріпі бойынша мінезінің бір қасиетін айтып, келесі оқушы бірінші оқушының атын, қасиетін, қайталай отырып, өзінің есімімен қасиетін қоса айтады.

Мысалы: Әдемі – әдепті, Шынар – шыдамды.
2. «Менің таңбам»: 3 топ болып жұмыс жасау.
Міндеттері: әр оқушы өздерінің бойындағы мақсат, орта, жетістік, сенім, қасиеттерін өзі ұнатқан фигураларға түсіру арқылы, өз ойын жеткізу арқылы, өз көзқарасын таныту.
Ежелгі кезде адамдар өздеріне бойтұмар ойлап тапқан.
15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін белгілеген. Таңба – негізгі қалқан болып табылған. Сол таңба арқылы адамда бедел, қасиет, мадаққа ие болған. Қазір әрқайсың өздеріңе таңба жасайсыңдар. Әр топқа 5 түрлі фигура беріледі. Оның артында әр пішінің қасиеттері жазылған. Сол бойынша әр оқушы өз көзқарастарыңды фигураға бес қасиет арқылы көрсетіңдер және оқып беріңдер.

Шарттары:
1. Алға қойған басты мақсаттарың. (ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек) т. б.
2. Өздеріңді жақсы сезінетін орта (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы т. б.).
3. Ең үлкен жетістіктерің. ( үздік оқушы т. б.)
4. Сенімді үш адам.
5. Әр оқушының бойындағы жақсы қасиеттер.
Фигураның қасиеттері: 20 минут уақыт беріледі.
3. Сергіту жаттығуы: «Мейірімді балалар»

– Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді балалар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір - біріңе иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Балалар дем алады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қатар артқа аттап, дем шығарамыз. Балалардың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа адымда. Рахмет.

4) Ұжымдық жұмыс: Ойлануға арналған «Сыр сандық» ойынының шартын таныстырам. Мен сұрақтарды оқимын. Сендер әр сұраққа 2 - 3 оқушы жауап беруі керек. Барлығы 15 сұрақ.
Ойынның шарты: Біз бір - бірімізді жақын тану үшін барлығыңа «сыр сандықты» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «сыр сандықтағы» аяқталмаған сөйлемді өз сөзімен аяқтайды.

1. Ең үлкен қорқыныш – бұл...
2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
3. Мен ренжимін, егер...
4. Мен ұмытпаймын, егер...
5. Маған көңілсіз, егер...
6. Егер маған дауыс көтерсе, мен...
7. Мен қарсыласқанда...
8. Егер мен сенімсіз болсам, онда...
9. Маған ұнады, себебі...
10. Егер, мен шаршасам...

– Сөйлемді аяқтағанда, қандай сезімде болдыңдар? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл - күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз.
V. Қорытынды.
1. Сабақтан қандай жақсы қасиеттер алдыңдар?
2. Сыныпта жасаған жұмысыңның қайсысы және бір - біріңнен қандай қасиетті ала білдіңдер?
3. Екінші жұмыста жасалынған фигураның артына өздерің ұнатқан түстеріңді және оның қасиетін жазып беріңдер. (уақыт болса оқыту)
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×