Сайтқа кіру Тіркелу

Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың тиімді жолдары

«Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың тиімді жолдары» (презентациясымен)

Тіл - қоғамдағы адамдардың бір - бірімен пікір алысып, қарым - қатынас жасайтын құралы. Таза мәнерлі тіл – бұл ойлау жемісі. Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойындағы тілдік мәдениетті қалыптастырамыз. Олай болса тіл адам баласы қоғамымен бірге туып, өмір сүріп, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан мұра. Баланы тілдік мәдениетке тәрбиелеуде отбасының, бала - бақшаның қажырлы еңбегі орасан. Бала - бақшада тәрбие жұмыстарының басты мақсаттарының бірі - баланың тілін ұстартып, жақсы сөйлей білуге үйрету.

Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин атамызда балаларды оқу және оқыту, тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатындығын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да, еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес» - деген болатын. Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі – олардың еліктеу, қиялдау қабілетінің басым болуы. Сол себепті әрбір ата - ана, тәрбиеші баланың қойған сұрақтарына үнемі, дұрыс жауап берулері керек. Баланың тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады.

1. Айналадағы бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім - кешек, ыдыс - аяқ, тағам, үй жиһаздарын ) көрсетіп, атын сұрап айтқызу.
2. Осы заттардың қайдан, неден (ағаштан, шыныдан, жүннен, темірден жасалғандығын) түсіндіру.
3 Ойыншықтары жайында, жақсы көретін ертегісі туралы әңгімелесу.

Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным - сенімдерін, дәстүрін, жол - жоралғыларын, әдеп - ғұрыптарын өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіру мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуға баға жетпес нәтиже береді. Балаларға осы халқымыздың игі дәстүрлерін: бесікке салу, ат қою, тұсау кесу, қонақ күту, ас қайыру т. с. с әр сабақта тақырыпқа байланысты айтып отыру. Балаларға жасына қарай көркем әдебиет шығармаларын мазмұнын айтқызу, мақал - мәтел айту, жұмбақтар жасыру сияқты жұмыстарды да жүргізуге болады. Жұмбақ жаттау кезінде балалар өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта – жігері артып, жауапкершілікті сезінеді.

Мысалы: Қараңғыны түреді,
Ылғи жалғыз жүреді.
(ай)
Домалап кетеді,
Қайта домалап жетеді.
(доп)
Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама.
(кітап )
Мақал - мәтелдің де бала тәрбиелеуде орны ерекше.
Мысалы: Жақсы болсаң, жақын көп.
Тіл - буынсыз, ой - түпсіз.
Ағаш тамырымен мықты,
Адам жолдасымен мықты.
Жаңылтпаштар айту баланың тілін дамытуда маңызды рөл атқарады.
Шілікті шаптым,
Жілікті астым.
Шілікті жақтым,
Жілікті шақтым.

Қаштым қатты - ақ
Ұшты қалпақ,
Балақ сатпақ,
Аяқ батпақ.
Қорыта айтқанда, баланың жан - жақты дамуына, тілдік қорының молаюына көбірек көңіл бөлсек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудегі «PlayBus» жобасыны ...

Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудегі «PlayBus» жобасыны ...

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №35 «Шұғыла бөбекжайы» ағылшын тілі мұғалімі Джармағамбетова Гульбану Темирханқызы...
Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасының логопеды Гаухар Дайрабаева Тлековна...
Баланың тілін  дамытуда ойынның  атқаратын маңызы

Баланың тілін дамытуда ойынның атқаратын маңызы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №89 Шамшырақ бөбекжай - балабақшасы Бибосынова Айнұр Базарбаевна...
Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиел ...

Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиел ...

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасы тәрбиешісі Садыкова Жадыра...
Ақыл-ой тәрбиесі

Ақыл-ой тәрбиесі

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы №7 «Балдырған» балабақшасы Садықова Жадыра...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×