Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Жыр дүлдүлі -Мұқағали

Мақсаты:
Білімділік – Оқушыларды М. Мақатаевтың өмір жолы,
шығармашылығымен таныстыру, ақындық талантымен
таныстыру.
Дамытушылық – Мұқағали жырларын оқыту арқылы поэзия әлеміне, сөз
өнеріне сүйіспеншілігін арттыру, көркем оқуға
дағдыландыру.
Тәрбиелік - М.Мақатаев өлеңдерін оқи отырып Отанын, туған жерін
табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: М. Мақатаевқа арналған хаттамалы альбом, кітап көрмесі, талант туралы тұшымды ойлар жазылған плакат, сөзжұмбақ, кадаскоп.
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Кеш жарық! Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Қасиетті Қарасаз жерінде туып, артына өшпес мұра қалдырған ғасырымыздың ғаламат ақыны М. Мақатаевтың туған күніне арналған «Жыр дүлдүлі - Мұқағали» атты өнеге сағатымызға қош келдіңіздер.
Қайтейін, айыптымын алдарыңда,
Айта алмаған сөзім бар, арманым бар.
Достарым, жаман ақын жазған жырдың
Тым құрыса, бір парағын аударыңдар.
деп, өлеңін аманат етіп кеткен мақтанышымыз М. Мақатаев биыл 9 - ақпанда 81 - ге келер еді. 3 - сынып оқушыларының сіздерге арналған әдеби сазды өнеріне құлақ салыңыздар.
Хор: «Көгершіндер әні»
Сөзі: М. Мақатаев Әні: Н. Тілендиев
1 - бөлім:
«Ақын өмірі жайлы не білеміз?»
Аяжан «Арыз жазып кетейін» өлеңін оқиды.
Бақытнұр: М. Мақатаев қасиетті Қарасаз мекенінде 1931 жылдың 9 - ақпанында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы колхоздың құрлысшысы, шешесі Нағиман.
Ақбөпе: Мұқағалидың азан шақырып қойған аты Мұхамедқали. Кейіннен жеңгелері, ауыл әйелдері тілге жеңіл болсын деп Мұқағали атап кеткен.
Ерсін: Мұқағалиды сөзге, жырға үйреткен әжесі Тиын еді.
Айсұлтан: Зеңгір көк тіреген шыңдар, Шалкөденің баурайы Мұқағалидың шабытына қанат бітірген, алтын бесігі.
Аяжан: Мұқағалидың әжесі Тиын «Әкесін ұрысқа аттандырып келгеннен кейін Мұқағали төрге жайылып жатқан көрпеше үстінде жер бауырлап, ұзақ жылап жатты деп еске алады.
Мұғалім: Қалай сені жұбатам, аңыра Ана,
Сау қайт деп тәңіріңе жалын Ана.
Мына отырған иеміз құласа егер,
Саған жар, бізге әке табыла ма?!
... Жалынған ғазиз Анам, сұрап қалған,
Жоғалды сол бетімен бірақ та арман.
Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,
Себебі ол үйімізден тірі аттанған.
деп әкесі Сүлеймен Калининград маңында болған сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тауып, қара қағаз. суық хабар әкелді. Шешесі Нағиман қаршадай Мұқағалиға жете қабыл үш ұлымен жесірлік тауқыметін тартып қалды. Сол кездері Мұқағали жас та болса анасының бір жағына шығып, еңбекке ерте араласты.
2 - бөлім:
«Жырлап өсем Мұқағали жырларын»
Ерсін: «Үш бақытым»
Аяжан: «Әке»
Айсұлтан: «Мен таулықпын»
Бақытнұр: «Отан»
Бағылан: «Туған жер»
Ақбөпе: «Қайран Қарасазым - ай»
Аяжан: «Бесік басында»
Ән: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!»
3 - бөлім:
«Ақын жайлы естеліктер»
Көрініс:: « Еркін мен Мұқағали» Ролдерде: Ерсін, Айсұлтан
Көрініс: «Бауыржан мен Мұқағали» Ролдерде: Аяжан мен Ақбөпе
Ерсін: «Н. Тілендиевтің естелігінен»
Сөзжұмбақ шешу, көрнекіліктер мен жұмыс.
Хор: « Саржайлау»
Сөзі: М. Мақатаев Әні: Н. Тілендиев
Қорыту:
Аламан бәйгеде оза шауып, өлең – жырда шашасына шаң жұқтырмайтын, талантты тұлға – Мұқағали ақынның өмір жолы әр - алуан оны біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Сондықтан біздің парызымыз бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз
Осымен өнеге сағатымыз аяқталды.
Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету