Сайтқа кіру Тіркелу

Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы

Біздің заманымыз - іскер, белсенді, өздігінен жол таба білуге бейім адамдар заманы. Белсенділік іскерлік – адамды көздеген мақсатына жеткізеді. Бұл орайда адамның өз қабілет деңгейін жан - жақты көрсете алуының негізі - мұғалімнің білімділігімен қатар, ортамен іскерлік қарым - қатынас жасау сырын, өзін ұстауы мен сөйлеу этикасын меңгеруіне байланысты. Сөз адамның көзқарасын, мәдениеттің деңгейін көрсете алады. «Сөзіне қарай кісіні ал, кісіге қарап сөз алма» деп айтылған. Абай Құнанбайұлының даналығы да осыны меңзейді.

Ал мұғалім қызмет барысында пікір айту, оқушымен, әріптестермен тіл табысуы, сабақ түсіндіруі, білім мен тәрбиені ұштастыруы, білімді тиянақтауда оқушыға сұрақ қоя отырып, оның пікірін жеткізуде оған өзінің сөзі көмектеседі. Сөйлеушінің сөзі оның ісіне жауапкершілікпен қарауын тиянақтылығын байқатады. Қазақтың ағартушы ғалымдарының бірі А. Байтұрсынов « Алты адамның басы қосылса, төр мұғалімдікі болады»,- деп тұжырымдаған екен. Біз оқушының жүрегінен орын алсақ, сөзімізбен, білімімізбен ғана сондай беделге жетеміз. Біздің сөзіміз ұлттық дәстүрді сақтау әрекеттерімізден де белгілі.

Сабақтастықты жүзеге асыру үшін сабаққа қатысқанда кейбір мұғалімдер сол күнгі тақырыппен ғана шектеледі. Оқушыларды ойға жетелеп, қиялын ұшқыр етуге жұмыстар жасалмайды. Мұғалім алдымен кез келген нақыл сөздерді түсіндіріп және салыстыруға болады. Ол үшін мұғалім тұрақты тіркестер, жаттанды емес мақалдарды ойға түсіріп жүрген дұрыс. Сабақта лидерлік түсіндірме түрінде болады. Көп сөзділік оқушыны жалықтырып жібереді. Педагог Сухомлинскийдің мынадай пікірі бар: « Көрнекі құрал тек көмекші ғана болу керек қой. Мұндай сабақта балалардың барлық назары көрнекі құралға қызықты зат ретінде ауады, мұғалімнің оны сабаққа не үшін әкелгенін балалар түсінбейді». Соған қарағанда көрнекіліктен гөрі біздің сөзіміз, практикалық жұмыстар көрнекілік болу керек.

Мұғалім сабаққа кіргенде сұрақтар қоюда сөзіміздің жұтаңдығы көрініп қалады. Мысалы оқушылар сабақтарында «Кім болуды арандайсыз», «Бұл неге тәрбиелейді», «Нағыз дос деп кімді айтуға болады?» т. б сұрақтарға оқушылар көңіл қойып жауап іздеуге тырысады.
Оқушы сабақ айтқанда қате деп айтуға болмайтынын қазір ғалымдар айтып жүр. Үзілді - кесілді «Жауабың дұрыс емес» дегенше «Ойыңды толықтырсаң болар еді» «Жауабыңда айқындылық жоқ» деу керек. Оқушының толық жауабы, көзқарас айту шеберлігі, білімінің тиянақтылығына «Бәрекелді», «Жарайсың», «Қандай жақсы пікір айттың» деген сөздермен мадақтауға болады. Бұл оқушыны білімге құштарлыққа, пәнге қызығушылыққа жетелейді
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сабақта ойын технологиясын қолданудың берер нәтижесі

Сабақта ойын технологиясын қолданудың берер нәтижесі

Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтарды жүзеге асыруда ойын технологиясын қолданудың мәні зор. Ойын - баланың...
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттыру ...

Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттыру ...

Оқушыларға қазақ тілі білімінің қыр - сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез - келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының...
Жаңа бағдарлама-жаңа бағыт

Жаңа бағдарлама-жаңа бағыт

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 14 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі...
Оқушының шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс мерзімде дамыт ...

Оқушының шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс мерзімде дамыт ...

Оқушының шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс мерзімде дамытудың жолдары Жаңа ғасыр табалдырығын аттап тұрып ел президенті Н....
Тіл дамыту жолдары

Тіл дамыту жолдары

Павлодар облысы, Ақсу қаласындағы №7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аймаханова Жанар...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×