Сайтқа кіру Тіркелу

Химияны оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында танымдық және дербес қабілеттерін дамыту

“Химияны оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында танымдық және дербес қабілеттерін дамыту”

Қызығушылық деп оқушылардың бір нәрсеге зейін қоюға, кейбір заттар мен құбылысты танып білуге ұмтылуын айтамыз. Химияда оқушыларды қызықтырып, өзіне тартатын құбылыстар аз емес, тек соларды таба, тани білу керек.
Химияны оқып үйрену шашыранды деректер негізінде емес, себеп - салдары анықталған танымдық білім негізінде қалыптасуы керек, әсіресе заттың құрылысы мен қасиеттері арасындағы байланыстары ашылуы қажет.

Оқушылардың таным қабілеті дербес дамыса ғана нәтижелі болады, ынталылығы, саналы жауапкершілігі қалыптасқан жағдайда болуы керек, проблемалық ахуалдарды біреудің көмегінсіз, өзі дербес шешкен жағдайда таным қызметі дами түседі. Дербестік негізі оқушының өз бетінше оқулықпен, анықтамалық әдебиеттермен, сөздіктермен, энциклопедиялармен, сол тәрізді оқу құралдарымен жұмыс істей білуіне тікелей байланысты.
Бейорганикалық және органикалық дүниедегі даму туралы ілім химиядан сабақ беруде көрініс табуы тиіс, ол заттар мен құбылыстардың өзара байланысы және тәуелділігі жөніндегі ілім тәрізді мектеп бағдарламасындағы химия курсының өн бойы қамтуы керек.
Жоғарыдағы мәселеге байланысты 8 сынып оқушыларын химияны оқуды жеңілдетіп, алған білімін тиянақты ету үшін Жұбайбек Жұмаханұлының “ХИМИЯ ҚАҚПАСЫ” оқулығына сүйеніп оқыту.

Негізгі міндеттеріне оқушылардың “Химия қақпасына” сүйене отырып, элементтердің қалай аталатынын, таңбалануы, бос күйіндегі агрегаттық күйін, табиғатта таралуы, мөлшерін, металдардың белсенділігін және бейметаллдардың қасиетін, элементтердің валенттілігін үйрене отырып, формула құру оларды атау, реакция теңдеуін құру, теңестіру қасиеттерін үйренуі кіреді.
«Химия қақпасының» маңызы және негізгі ерекшелігі - химияны оқуға үнемі есте сақтайтын білім қорын жасайды. Химия қақпасы – химиядан жасалған кестелердің қақпа бейнесіне біріктірген жүйе. Оның әр кестесі еске жеңіл сақталатындығы.
«ХИМИЯ ҚАҚПАСЫ» 30-дан астам кестелер жүйеленіп, қақпа бейнесі түрінде біріктірілген. Жалпы онда қосымша ретінде ғалымдар туралы қысқаша мағлұматтар, 8 өлең, 6 диалог берілген.
I. Химиялық элементтерді атау мен таңбалау.
II. Бос күйіндегі элементтердің агрегаттық топтары.
III. Химиялық элементтердің Жер қыртысындағы массалық пайызбен алынған үлестері
IV. Химиялық элементтердің жарық спектрі
V. Элементтердің жіктелуі бойынша қасиеттері
VI. Элементтердің салыстырмалы атомдық массасы
VII. Элементтердің валенттігі
VIII. Химиялық элементтердің күрделі қосылыстарының формулаларын құрастыру
IX. Химиялық элементтер қосылыстарының атаулары
X. Химиялық элементтердің күрделі қосылыстарының химиялық қасиеттері.

9 - 10 сынып оқушыларын «Сатылай кешенді талдау және деңгейлеп, саралап оқыту»технологиясын қолдана отырып үйрету.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушының өзінің даму деңгейіне байланысты оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету. Деңгейлеп оқыту түрі көбінесе 10 сынып оқушыларымен жұмыс жасағанда маңызы байқалып отырады. Себебі, жеке тұлғаға бағдарлап оқытуда дифференциялау мәселесі маңызды. Мұнда оқытуды әр оқушыға арнап жеке жоспар түрінде жүргізу емес, атап айтқанда, дифференциалауды ұстаным ретінде қарастыру. Яғни, оқушының жекелей айырмашылығын ескеріп оқыту үрдісін айтады. Сонымен қатар, оқушылардың жеке ерекшеліктерін өз сыныбындағы оқу әрекетінде ескеруді айтады. Ал екінші бір түрі – әр түрлі деңгейде оқыту мақсатында оқушыларды арнайы оқу тобына біріктіреді. Оқушыларды әр пәнге қабілетіне қарай бөледі, мысалы, математика, биология немесе химия және т. б сонымен қатар, суретке, шахматқа, спортқа және музыкаға қабілетіне қарай оқушыларды жеке бағдарлама бойынша оқытады. (Факультатив)

Сатылай кешенді талдау технологиясы (СКТ)- оқушылардың қызығуы, ынтасын қалыптастыру. Сатылай кешенді талдау арқылы тірек - сызбанұсқаларды пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру, логикалық ойлау, танымдық қабілетін дамыту. Негізгі бөлімі ретінде: әрбір элементке анықтама, элементті тану, тарихы, табиғатта таралуы, алу жолдары, қасиеттері, оны жан - жақты түрлендіру, амалдау, мәнін табу және қолданылуы, қорытындысы қарастырылады. Және сабақты ретімен жүріп, бір жүйеге келтіру оқушы мен оқытушы арасында білім дағдысын қалыптастыру.
11 сынып оқушыларын «Проблемалық оқыту технологиясын» қолдана отырып оқыту.

Оқу үрдісін дұрыс қолданған жағдайда ғана оқушылардың пәнге қызығушылығын, ой өрісін тереңірек дамытуға және алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуіне мүмкіндік туады. Проблемалық оқыту әдісі түрлі сұрақтар туғыза отырып оқушылар алдында проблемалық жағдайлар жасалады. Себебі, оқушылардың өздерін іздендіру арқылы оқушының өзінің ойлау қабілеті дамып, білім сапасы артады. Сабақ барысында кейбір оқушылар жауаптарын ойланбай айтады. Сондықтан оқушылардың тыңдау қабілеттеріне жауапты өздігінен құрастыруына проблемалық жағдайлар туғызатын сұрақтарға өз түсінігі бойынша ойын айтуға көп көңіл бөлінеді.
Қорыта келе, Жаратылыстану - математикалық білім берудегі инновациялық технологиялардың пайдалану тиімділігі – Тұлғаға бағытталған білім оның жан - жақты дамуына ықпал ете отырып, қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн - жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны болуы тиіс деп білемін
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аханбаев К. Жалпы және органикалық химия. «Санат» 1999ж
2. БірімжановБ. А Жалпы химия оқулық - 2 басылуы «Ана тілі» 1992ж
3. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, «Рауан» 1993ж
4. «Химия анықтамалығы» журналы №3 2009ж
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі

ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі

Оқу мақсаты: Оқушылардың металдардың жалпы сипаттамасы тарауынан алған білімдерін периодтық жүйедегі s – элементтердің периодтық жүйедегі орны туралы...
Хлор және оның маңызды қосылыстары, қасиеті, алынуы, қолданылуы

Хлор және оның маңызды қосылыстары, қасиеті, алынуы, қолданылуы

Жалпы мақсат: Галогендер туралы жалпы түсінік. Хлордың маңызды қосылысына тоқталу. Хлордың алынуы мен қасиеттерін түсіндіру...
Д. И. Менделеевтің ғылыми жетістігі. Периодтық заңның маңызы

Д. И. Менделеевтің ғылыми жетістігі. Периодтық заңның маңызы

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Лайбұлақ ауылы, "Лайбұлақ орта мектебі" КММ химия - биология пәні мұғалімі Мусалиева Нурлығаш Жуматаевна...
Д.И. Менделеевтің периодтық заңы

Д.И. Менделеевтің периодтық заңы

Сыныбы. 8 Сабақтың тақырыбы: Д. И. Менделеевтің периодтық заңы. Пән мұғалімі: Намазбаева Айжамал...
Химиялық  элементтер-өмір өзегі

Химиялық элементтер-өмір өзегі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Бекарыстан би кеңшары Ү.Түктібаев атындағы №24 орта мектептің биология пәні мұғалімі Сансызбаева...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×