Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауышта оқушылардың көркем жазын қалыптастыру

Бастауышта оқушылардың көркем жазын қалыптастыру.

Көркем жазу оқушының келген күнімен жазымен басталады. Әдемі жазуды меңгерудің әр адамға маңызы өте зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттің белгісі, әрі сол жазуды оқитын адамға көзқарасы, құрметі. Көркем жазудың мақсаты - дұрыс, анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық қоғамдық тәрбиелік мәні зор.

Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да, күрделі жұмыс. Өткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге ( фонетика - графикалық жазуға ) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбе, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.

Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелейді.

Көркем жазу әдісі - тікелей жазу тарихымен байланысады. Ежелден адамдар өз ойын келер ұрпаққа жеткізу үшін тасқа, металға, ағашқа, саз балшыққа жазған екен. Одан кейін папирус, пергамент, матаға, қағазға жазатын болды. Жазу қарулары да өзгерді. Олар қамыс ағаш, бояу жаққыш, қаздың қауырсыны, болаттан жасалған қалам ұш, шарик қаламсабы болды. Болаттан жасалған қалам ұш 19 ғасырдың басында пайда болғанымен оны пайдалану ғасырдың екінші жартысында пайдалана бастады. Ал қаздың қауырсыны жазуға әдемілік береді, әрі арзан, әрі ыңғайлы деген ойлар 19 ғасырдың аяғына дейін жетті. Шрифт қиын болғандықтан жазу, 1Петрдің кезінде жеңілдетілді. Мектептерде жазуды оқыту арнайы пән болып кірді. Көркем жазу пәнінің ең маңыздысы жылдам әрі әдемі жазу болып табылатын. 20 ғасырдың басында жазу шрифтін жеңілдету туралы тағы әңгіме көтерілді.

Өткен ғасырдың 70 жылдарында ғана мектепке арналған жазу шрифті қабылданды. Бұл шрифт арнайы шарик қаламсабына арналған, салмақ салмай, қаламсапты дәптердің бетінен алмай, жылдам жазу. Өткен ғасырдан бастап оқушылардың отыруына да гигиеналық талаптар қойыла бастады. Профессор Ф. Эрисмонның мектеп партасы ең ыңғайлы болып табылады деген. Ендігі басталған дискуссия жазу жөнінде болды. Әріпті түзу салу керек пе, әлде қиғашынан салған жөн бе? Кейбір елдерде түзу жазғанды жөн көрді. Әріп анық түседі, ірі қитар балалар саны азы болады деп есептеді. Түзу жазудың өмірі ұзаққа бармады. Қиғашынан жазу әрі тез, әрі ыңғайлы деп табылды. Көркем жазудың ойдағыдай болуы гигиеналық талаптарды орындаудың нәтижесінде болады. Ол мектеп жиһазы партаның оқушыға сәйкес келуі, оның ыңғайлылығы, жарықтың түсуі.

Жазу процесінде оқушы дұрыс отыру керек, қаламсапты дұрыс ұстауы, дәптерді партаға орналастыру, осының әрі баланың көзіне, жазуына жұмыс қабілетіне әсерін тигізеді. Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек, сол қол дәптерді басып тұрады, ал оң қолдың басы дәптер де жатады. Бала мен партаның арасына жұдырық сыятындай болуы керек. Көз бен дәптердің арасы 30 см болуы шарт. Жарық сол жақтан түсуі керек. Жазу ұзақтығы 1 сыныпты 5 минут, 2 сыныпта8 минут, 3 сыныпта 12 мин, 4 сыныпта 15 мин. Одан ұзақ жазу баланы шаршатады. Арасында балаларды демалдырып, сергіту жаттығуларын жасаған жөн. Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әр түрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау, баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын дамытады. Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, оң, сол, шеті, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек т. б ұғымдарды меңгереді.

Жазуды үйренуде мына принциптерді сақтаған жөн:

1. Көрнекілік принципі: мұғалім тақтаға, дәптерге таблицаға көрнекіліктер арқылы жазып көрсетеді.
2. Сапалылық принципі: мұғалім басына не үшін қиғашынан жазады, әріптерді қалай басқарады, әріптердің биіктігі қандай болу керек екенін түсіндіреді. Қиғашынан жазу тер әрі ыңғайлы.
3. Қайталау принципі: жаттығу орындау кезінде пайдаланады. Жазылған нәрсеге міндетті түрде анализ беріледі. Баланың жазған жазуын дұрыстығын тексеріп отырды.
4. Генетикалық принципі, алғашында жеңіл әріптер, содан соң салынуы қиын әріптер мысалы а, о, ш, т, п, н,.... қолы жаттыққаннан кейін қ. ж. б. в. ф т. с. с
5. Жеке дара ерекшелігін ескеру принципі; оқушылардың көз нашарлығы, бас ауруы, жүрек ауруы. т. б ескеріп отыруы қажет. Барлық бала бірдей емес, олардың жас ерекшеліктері, ойлау қабілеттері әр түрлі Сондықтанда жазу каллиграфиялары әр түрлі. Біреуі өте жақсы, енді біреулері өте нашар жазады. Нашар жазатын оқушылармен жеке жұмыс жасау талап етіледі.

Каллиграфикалық жазуды қалыптастырудың негізгі әдістері:

1. Мұғалім жазу үлгісін өзі тақтаға қайта – қайта жазып көрсетуі тиіс.

2. Әуеде жазу. Ұстаз әріпті әуеде жазып көрсетеді. Бала қолдың қозғалысынан әріптің дұрыс формасын ұғады. Бұл әдіс оқу процесін жандандырады.
3. Көшірмесін түсіру әдісі. Жазылған әріптің үстінен басу.
4. Дайын үлгіден көшіру әдісі. Бұл еліктеу. Оқушы өз жазғанын ұстаздың жазғанымен салыстырады.
5. Әріпке анализ жасау әдісі. Мысалы: а әріпі бір дөңгелектен және бір ілмешектен тұрады.
Балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жаттығуларды пайдаланған жөн.

1. Ғажайып алаң. Тақтаға әріп жасырылады. Мұғалім жасырылған әріптің әрбір элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мысалы: Түйе өркешін қарайық, ұқсайды оған қай әріп? Жаңа әріпті өту үшін 2 сағат беріледі. Бұл жаттығуды 2 - сағатында өткен өте тиімді.

2. Әріпті тап. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді. Барлық әріпті өткеннен кейін, сабағымыздың басында көркем жазу болады. Сол кезде пайдаланған тиімді. Бұл жаттығудың мақсаты білген білімдерін әрі қарай төселдіру дағдыларын қалыптастыру.

3. Орнын белгіле. Тақтаға немесе дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді. Бұл жатттығуды қазақ тілі сабағында пайдаланған жөн.
Бұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Оқушының каллиграфиялық дағдысына көп әсер беретін, ол алғашқы кезде, алғашқы рет қаламсап ұстап, әріп жазған кезі. Әдемі сұлу жазудың фундаменті 1, 2 - сыныпта құйылады. Сол кезде жазуын жөндемесе сол қалпында қалып қоюы мүмкін. Кейін жөндеу қиын болады.

Оқушының қолы неге нашар болады?
Мұғалімнің қолының үлгісі. Оқушы ұстаздың жазуын көшіреді.
Мұғалімнің әлеуметтік жағынан оқытудың жоқтығы. Мұғалім әр оқушыға жазудың кемшілігін, оны қалай жөндеу керектігін түсіндіріп отыру қажет.

Әдемі жазуды қалыптастыруына мұғалім ғана емес, оқушының жеке ерекшеліктері де әсерін тигізеді.
1. Оқушының әдемі жазуға деген ынтасы.
2. Оқушының жай жазуы. Тез жазып үлгеремін деп жазу каллиграфиясын бұзады.
3. Нашар жазуға түрлі аурулар себеп болады: невроз, көз ауруы, ревматизм т. б. Бұл оқушыларға мұғалім жеңілдік жасайды.

Қорыта келе “Ғылым қалғып кетсе, қараңғылық бас көтереді” дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу алдымызда отырған бала тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі. Қазіргі мынау заман талабына сай ақпараттық технологиялардың даму қарқынының басымдылығы соншама барлық жазу үрдісі компьютермен қамтылған. Көркем жазу емлесі біз үшін, болашақ жастарымыз үшін ешқашан қалыс қалмау қажет. Қарыштаған заманда біз өз қалыптасқан көркем жазу сауаттылығын ұмытпауымыз керек! Көркем жазу, өзіндік жазу жазбалары сауаттылықтың нышаны.

Құрметті ұстаздар! Оқушыларымыз сауатсыз болмасын десек, жазу дағдысын, көркем үлгі деңгейін көтерейік! Оқушының жазу мәнерін әдемі болып қалыптасуына бастауыш сынып мұғалімдері жауаптымыз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жазу ережелерімен таныстыру

Жазу ережелерімен таныстыру

Каллиграфия (грек. kallіgraphіa – көркем жазу) – көркем әрі анық жазу өнері. Каллиграфия тарихы қаріп және жазу құралдары, стилистика өнері дамуы...
Дыбыс және әріп

Дыбыс және әріп

Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата алуды, жазу кезінде дұрыс отыруға, дәптер, қарындашты дұрыс ұстауға...
Көркем жазу - өнер

Көркем жазу - өнер

Оқушыларды сауатты, мәнерлі, көркем жазуға машықтандыру. Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулиды....
Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру

Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дауренова Зейнекуль Абдалиевна...
Әріп таңбасын өрнектеп жазу мүмкіндіктерімен олардың сипаттамалары.Біздің ө ...

Әріп таңбасын өрнектеп жазу мүмкіндіктерімен олардың сипаттамалары.Біздің ө ...

Әріп таңбасын өрнектеп жазу мүмкіндіктерімен олардың сипаттамалары.Біздің өміріміздегі әріп таңбалары....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×