Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу

Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу

Бүгінгі таңдағы мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі Қазақстан Республикасының азаматтарының пат­риоттық рухын көтеру болып табылады. Елбасы Н. Назарбаев жылдағы Жолдауында патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөледі.
Ал осы бағытта Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика, бизнес және құқық колледжінде патриоттық тәрбие алға қойылған мақсаттардың бірі болып табылады. Қазақстан Рес­публикасының азаматтарына патриоттық тәрбие бе­рудің өзектілігі қоғамның рухани әлеуетін ны­ғайту қажеттілігіне негізделген. Әрбір азаматтың жауап­кершілік сезімін, Отансүйгіштік қасиетін арттыру. Қа­зіргі кезде егемендікке қол жеткізіп, алға қарай нық басқан, экономикасы берік Қазақстанның гүлденуіне үлес қосатын әр жас ұрпақтың патриоттық сезімі болуы қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назар­баевтың «Қазақстан болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азамат өзін - өзі айқын билеуін қалыптастырады» деп нақты көрсетті. Бүгінгі күні жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде де «Қазақстан аза­маттарының отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» – деп анық айтқан болатын.

Елбасының салиқалы саясатын қолдай оты­рып, Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық универ­ситетінің экономика, бизнес және құқық колледжінің ұжымы әскери - патриоттық тәрбие беруде жұмыс жос­парына сәйкес төмендегідей іс - шаралар өткізді: Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлерімен кездесулер, мұражайларды аралау, әскери - спорттық жарыстар өткізіледі, сап және ән байқауы, жастардың Қарулы Күштерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әскери бөлімдерді аралау.
Қалалық және облыстық жарыстарға қатысу, сияқты іс - шаралар студенттердің бойындағы шыдамдылық, батылдық, топпен бірге жұмыс істеу, спортқа деген сүйіспеншілік, рәміздерге, ел тарихына деген құрмет сезімдерін оятады.

Осы іс - шаралардың бәрі әрқашан жастардың патриоттық рухтары жоғары болып, Отанын сүюге және оның тарихын білуге, туған тілі мен дінін құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында жүргізіледі.
Қазақстанның баянды болашағы өскелең ұрпақтың қолында. Демек, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу отбасынан басталып барлық оқу орындарының, барлық пәндердің соның ішінде айрықша алғашқы әскери дайындық пәнінің алдында тұрған басты міндеті болып табылады. «Алғашқы әскери дайындық» пәнін Кеңестер Одағы тараған соң, орта оқу орындарынан алып тастау – жастарға әскери патриоттық тәрбие беру, оларды әскер қатарында қызмет етуге дайындау ісіне едәуір зиянын тигізіп, жалпы білім беру деңгейіне де әсер етіп, Қарулы Күштерінің жеке құрамының моральдық - адамгершілік сипатында көрініс тапты. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы №1340 «Алғашқы әскери дайындық туралы» қаулысы бойынша «Алғашқы әскери дайындық» пәні жалпы орта білім беретін мектептер мен бастапқы және орта кәсіптік білім беретін ұйымдарда 1996 - 1997 оқу жылынан бастап қайта енгізілді.

«Алғашқы әскери дайындық» пәні оқу бағдарламасының негізгі мақсаты: саптық, тактикалық, атыс, медициналық дайындық, топография, азаматтық қорғаныс бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, Отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу, алған білімдерін практика жүзінде көрсетуге ықпал жасау.
Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық универ­ситетінің экономика, бизнес және құқық колледжінің ұжымы білімді, жігерлі, жасөспірімдерді тәрбиелеуде әр түрлі ұлттардың, халықтардың мәдениетін қабылдау жағдайында ғылыми көзқарасты, саяси сана - сезімді, қазақстандық патриотизмді, ұлттық келісімді қалып­тастыра отырып, әрқашан қажырлы еңбек етеді.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кластан тыс шара

Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кластан тыс шара

Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кластан тыс шара. АҚ күні және әскери - спорттық мереке....
Ұлт тірегі – білімді ұрпақ қолында

Ұлт тірегі – білімді ұрпақ қолында

Б. Жұмабеков, Қазтұтыну одағы ҚЭУ - дің экономика, бизнес және құқық колледжінің оқытушы - ұйымдастырушысы...
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеу

Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеу

Әскери патриоттық тәрбие беру, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді қорғаудың міндеттерін шешу үшін қажетті, патриоттық және рухани -...
Жастардың бойында патриоттық сезiм

Жастардың бойында патриоттық сезiм

Бүгінгі күні балалар мен жастардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен берілгендік сезімін қалыптастыру, азаматтық...
Алғашқы әскери дайындық сыныбына арналған стендтер

Алғашқы әскери дайындық сыныбына арналған стендтер

Алғашқы әскери дайындық сыныбына арналған стендтер Бұл жинақтан алғашқы әскери дайындық сыныбына арналған дайын стендтер эскиздерін таба аласыздар....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету