Сайтқа кіру Тіркелу

Салт-дәстүр – асыл қазына

Тақырыбы: Салт - дәстүр – асыл қазына

Мақсаты:
Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу. Соның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу - діңгегі - бала. Бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрін атадан балаға жеткізу.
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған,
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де,
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге,
Жақсы дәстүрді сақтаған жарар,
Болмаңдар ескі үрдіс деп қарап,
Тыңдаңдар кеңес қызың, ұлың бар.
Көнерген ескі сүрлеуден шығыңдар,
Бірақ дәстүрді, әдет - ғұрыпты,
Жасасын осынау өлмес ұғымдар!
Өнерлі халық – өміршең халық, қазақтың әдет-ғұрпына, салт - дәстүрлеріне бағытталған «Салт - дәстүр – асыл қазына» атты кешіміздің бастаймыз!
Мұғалім:
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс - тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім - тәрбиеге
қатысты салт - дәстүр, әдеп - ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан кейін баланы
бесікке бөлеу дәстүрі. Бесік адам сатысы. Соған байланысты бүгінгі 5, 7 сынып
оқушыларымен бірлескен «Бесікке салу» салт - дәстүрімізді тамашалаңыздар.
Автор:
Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен.
Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен
атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайыадам жіберіп сүйінші сұратқан.
Бүгін ендеше біз баланы бесікке бөлеп, бесік жырын айтуды үйренейік. Бесік түгел
ағаштан жасалады. Оның құрылысын да білуіміз керек.
Келін:
Түбегіңді, шүмегіңді салайын.
Денең таза болсын деп
Бас жастықша салайын
Басың жұмсақ болсын деп
Екі бел жастаншы
Бел көрпеңді салайын.
Сымбатты, сұлу өссін деп
Тартпа бауды тартайын
Сымға тартқан сүйректей
Денең сұлу болсын деп
Жабуыңды жабайын
Жел, суық тимей қалсын деп.
Автор:
Балаға ат қоюды ауылдың беделді азаматы азан шақырып, баланың құлағына үш рет
естіртіп айқайлап, қайталаған. Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған.
Көпті көрген ата: Бұл баламыз мырза, жомарт болсын деп, атын Мырзабек қояйын.
Есімің Мырзабек болсын.
Есімің Мырзабек болсын.
Есімің Мырзабек болсын.
Осы бала елдің алдында жүріп, еліне қызмет қылсын деген ниетпен бұл балама өз батамды берейін.
Әнет бидей еліңнің ағасы бол,
Халқыңның Қазыбектей данасы бол.
Жер, суды жау қалмақтан қорғап қалған,
Бөгенбайдай жұртыңның панасы бол.
Ер Сырымдай халқыңның көсемі бол.
Тоқсан бидей үш жүздің шешені бол.
Керейде Белгібайдай білекті бол,
Беріште Исатайдай жүректі бол...
Енді бесікке салуды аулымыздың қадірменді анасы Аққыз әжелеріңе берейін.
Автор:
Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын - орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақты уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіріледі. Шашу үлестірілгеннен соң бесікті отпен аластайды.
Аққыз әже:
Келіңіздер қане, Мырзабегімнің тыштымасын алыңдар. Мырзабегім тышты ма, Мырзабегім тышты ма? – деп тыштыма үйлестіреді. Тыштыма үйлестіріп болған соң барлық отырғандарды қамшымен арқаларынан ұрып шығады.
- Ал енді алдымен баламызға жын - шайтан жақындамасын деп бесікті аластап алайын.
Алас, алас баладан алас.
Иесі келді, пәледен көш
Алас, алас баладан алас.
Көзі жаманның, көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас.
Қырық қабырғасынан алас
Отыз омыртқасынан алас, - деп пәле - жала, жын - шайтан, тіл - көзден сақтасын деген тілек айтылады.
- Әдемі, сұлу болсын деп, басына айна мен тарақ жастайын. Көзден сақтасын деп, тұмар байлайын. Қамшыдай өткір болсын деп басына қайшы жастайын.
- Баланы әкеліңдер бесікке бөлеп берейін.
Мойынымдағы тұмарым
Тарқамайтын тұмарым
Тағдыр берген алсын деп
Ақ бесікке салсын деп
Мойынымдағы маржаным
Қорадағы мал - жаным,
Бесігіңе жата ғой
Тәтті ұйқыға бата ғой
Балам жатсын бесікте
Пәлесі қалсын есікке,-
Мұғалім: Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.
Ән: «Қазақы дастарқаным» орындайтын Хасанов Е
Мұғалім:
Әдет - ғұрып, салт - дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, ұнасымды, ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу. Соның бірі – «Қыз ұзату» тойы. Соған байланысты 8 - 9 сынып аралығындағы көрінісін тамашалаңыздар!
«Ұлын - ұяға, қызын - қияға қондыру» - ата - ананың тілегі, әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату - үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата - ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жерге қондыруы, жылайтыны әрине қимастық көңілі.
Қызды алуға құда (тақ санмен) бес немесе жеті кейде одан да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар және күйеу жолдас болады. Солтүстік және орталық Қазақстанда тек ер адамдар барады. Құдалар әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын - сауық, құдалық рәсімдер мен кәде – жоралар жасалады.
Ербол: -
Біздің елден алып келген кәдемізді ортаға әкеліп көрсетуге рұқсат етіңіздер.(кәделер беріледі)
- Рұқсат болса біз енді жол жүрейік. Біздің ауылда да үлкен той бар, сонда күтіп отыр.
Нұрберген:
- Рұқсатымызды береміз. Алдымен біздің кәдемізді қабыл алыңыздар. (Соңында құда аттандырар кәдесі беріледі) (тақия, орамал т. б.)
Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «қоштасу жырын», жастар «жар - жар», «ау - жар» айтылады.
Мұғалім: Ұзатылған қыз тойында қыз - жігіттер тобы кететін қыздың көңілін аулап, баратын жағында да, осындай жайлар болатынын өлеңмен айтысады. Сонымен бірге олар қыздың бақытты, елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді. Мұның бәрі өлеңмен айтылатындықтан «жар - жар» қызықты болып естіледі.
Нұршат:
Алып келген базардан
Қара насыр, жар - жар
Қара мақпал сәукеле,
Шашын басар, жар - жар
Мұнда әкем қалды деп,
Қам жемеңіз жар - жар
Жақсы болса қайны атаң,
Орнын басар жар - жар!
Қыз былай деп жауап қайтарады.
Гүлмаржан:
Есік алды қара су,
Майдан болсын жар - жар
Ақ жүзімді көргендей,
Айнам болсын жар - жар
Қайны атасы бар деуді - ау
Осы қазақ жар - жар
Айналайын әкемдей,
Қайдан болсын жар - жар
Мұғалім: Ұзатылатын қыз өз үйінен аттанар алдында өзінің ата - анасымен, аға - інісімен, сіңлісі, жақын - жуықтарымен қоштасу жырын айтады.
Гүлжан: Әуеден ұшқан бұлдырық,
Құбыладан соққан ызғырық
Жатқа кетір барамын
Жаратқан соң қыз қылып
Атасы жақсы құл болмас,
Анасы жақсы күн болмас.
Оң жақтан кетіп барамын,
Қыз еркелеп ұл болмас,- деп өзінің жат жұрттық болып жаратылғанын жырға қосады.
Ең соңында:
Жанымдағы қаным - ау,
Сіңілер мен інім - ау.
Жыл айналып келгенше
Қош аман бол күнім - ау,- деп бауырларымен қоштасады. Мұнда «жыл айналып келгенше» деген сөздің мағынасы бар. Өйткені дәстүр бойынша ұзатылған қыз жыл толмай өз үйіне бара алмайды.
Қоштасу қазақ халқының бауырмалдық, әншілік, айтқыштық қабілетін көрсететін тұрмыс - салт жыларының ішінде көркем де, көрнекті дәстүр. Қоштасу жыры соңынан қыздың жеңгелері мен серіктері:
Гузель:
Жылыма бикеш, жылама
Көзіңнің жасын бұлама
Ұл болып тусаң әуелден,
Сені мұндай қыла ма?- деп оған жұбату айтып, келешегіне жақсы тілек білдіреді.
Ән:«Дастархан» Хасанов Еркін.
Би: 7 сынып оқушылары
Ән: «Наурыз - думан» Арон Дәурен
Мұғалім:
Ата салтым - асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Сіздер бүгін «Салт - дәстүр – асыл қазына» атты кешімізді тамашаладыңыздар. Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы, мақал - мәтелі, тыйым сөздері - тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік. Халқымыздың әдет - ғұрыппен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деуге болады. Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бесікке салу жоралғысы

Бесікке салу жоралғысы

Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан...
Бесікке салу дәстүрі

Бесікке салу дәстүрі

"Бесікке салу" ежелден келе жатқан қазақтың көне дәстүрі. Ол қалай жүргізіледі, кімдер қатысады, не қойылады, осы жайлы толығырақ оқыңыз....
Күлімде, наурыз, күлімде!

Күлімде, наурыз, күлімде!

Мақсаты: Ұлттық рәсім туралы қарапайым түсінік қалыптастырып, сыйластық сезімге тәрбиелеу. Зал бөлмесі Наурыз мерекесіне орай әсемде, сенді...
Қазақтың салт-дәстүрі, бесікке салу

Қазақтың салт-дәстүрі, бесікке салу

Мақсаты: Балаларды өз елінің дәстүрі және өмірімен таныстыру. Балаларды өз елінің салт - дәстүрін білуге құштарландыру, сұрақтарға толық жауап беруге...
Бесік жыры

Бесік жыры

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Бірлік ауылындағы №102 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Тілеубаева Салтанат Рахатқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×