Сайтқа кіру Тіркелу

«Жас келсе, іске!» атты жас мамандар сайысының жоспары

«Жас келсе, іске!» атты жас мамандар сайысының жоспары.

І Жүргізуші:- Қайырлы күн, әріптестер, ардагер ұстаздар және жас мамандар!
ІІ Жүргізуші:- «Жас келсе, іске!» атты жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!

І Жүргізуші: «Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.
ІІ жүргізуші: Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
І жүргізуші: Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?
ІІ жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
І жүргізуші: «Жас маман деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды
ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші:
Уан, ту, сри деп үйреткен
Ағылшын тілінде сөйлеткен
Әлия да әрқашан
Бақытын тауып жүр еңбекпен.

І жүргізуші:
Мусина Алия Қайырғалиқызы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті.»
Тәлімгері: Қарлығаш Бақтығалиқызы
ІІ жүргізуші:
Шалқардан сен келесің,
Бастауыштан бересің.
Құтты болсын қадамың
Гүлжанар саған сәт - сапар

І жүргізуші:
Машотова Гүлжанар Құрманғазықызы бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы:«Білім кілті ізденісте»
Тәлімгері: Сәуле Отарқызы
ІІ жүргізуші:
Елін, жерін сүю үшін шәкірттер
Болу керек патриот, намысты ер.
Мұғалімдік мамандыққа керек екен
Шынтемірдей ақын жанды жігіттер

І жүргізуші:
Тлешжанов Шынтемір Халиматұлы әлеуметтік педагог
Ұстанымы:
«Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе - өзіңді - өзің түсіну»
Тәлімгері: Оразбай Сүндетқалиұлы
ІІ жүргізуші:
Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Гүлнұр біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.

І жүргізуші:
Өтегенова Гүлнұр Мұратқызы дефектолог маман
Ұстанымы «Білсе білім - күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге»
Тәлімгері: Зейнегүл Шаяхметқызы

ІІ жүргізуші:
Шешендікке баулытып
Ана тілді сүйгізген
Анаргүл біздің гүліміз
Танысыңыз, біліңіз.

І жүргізуші:
Мусағалиева Анаргүл Айдынқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұстанымы:«Өнерлі ойға ие, өнегелі тұлға қалыптастыру»
Тәлімгері: Қасиет Сәниқызы
ІІ жүргізуші:
Әсем әннің шебері.
Әрбір сөзі мәнерлі.
Баулыған әрбір өренді,
Сұлтан біздің өнерлі

І жүргізуші:
Әміров Сұлтан Төребекұлы музыка пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Көкіректе сәулесі жоқтың, көңілінде сенімі жоқ.»
Тәлімгері: Ақтолқын Ғаббасқызы
ІІ жүргізуші::
Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі сондай байсалды
. Өзін тану ұстазы
Айсұлу біздің жан - жақты.

І жүргізуші:
Нығметова Айсұлу Жиенбайқызы өзін тану пәнінің мұғалімі
Ұстанымы:
«Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
Тәлімгері: Сандуғаш Орынғалиқызы

І Іжүргізуші:
Информатика сабағы
Қызықтырған баланы
Ақыл - білімді Ғанидың
Бар бойынан табасың

І жүргізуші:
Закиров Ғани Ғалымжанұлы информатика пәнінің мұғалімі

Ұстанымы:
«Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»
Тәлімгері: Айжан Тезекбайқызы
ІІ жүргізуші:
Шешілмеген есептің
Жауабын іздеп табатын
Арматтайын маманнан
Шәкірт ұғып алады

Іжүргізуші:
Алдабеков Армат Нұрланұлы математика пәнінің мұғалімі

Ұстанымы:«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегіңмен ақылың екі жақтап»
Тәлімгері: Балшекер Қанепқызы
. ІІ жүргізхуші:
Спортты серік еткен өн бойына,
Жеті өнерді жинаған өз қолына
Сабырлы да, салмақты біздің Дәурен
Шығады әлі талай биік шыңға.

І жүргізуші:
Қуаншалиев Дәурен Сатыбалдыұлы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Тек қана, Алға!»
Тәлімгері: Руслан Ғиылманұлы

ІІ жүргізуші::
«Баталы жан арымас...» дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен ортаға мектеп директоры Шарапи Тәжібайұлын шақырамыз.
Іжүргізуші:
Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы Сара Қожесқызын жақсы әнмен ортаға шақырамыз.
Ән::
І І жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
І жүргізуші:
1. Шотанов Шәрәпи Тәжібайұлы мектеп директоры
2. Қайұрқұл Шынар Самиғолақызы оқу ісінің меңгерушісі
3. Орынғалиева Сәуле Отарқызы тәрбие ісінің меңгерушісі
4. Жолақова Қарлығаш Бақтығалиқызы шығармашылық топ жетекшісі
5. Маулетова Нүргүл Шәрменқызы кәсіподақ комитетінің төрайымы
ІІ жүргізуші:
Олай болса, сайысымыздың түрлерімен таныс болыңыздар.
І тур «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары
ІІ тур «Мен мұғалім» таныстыру
ІІІ тур « Мен мұғалім ретінде: кешегі, бүгінгі күнгі және болашақтағы ұстанымдарым» атты мини зерттеу жұмысы.
IV тур Сұраққа жауап, жағдайаттар шешу.
V тур « Өнерліге өріс кең» өнер сайысы
І жүргізуші:
Бәйге қуып, мамандар өтер деймін.
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен 10 маман кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
І. І Жүргізуші:
ІІ тур таныстыру уақыты: 3 минут
Ескеріледі:- Мазмұны
- Көрерменге әсер етуі
- Орындау шеберлігі
- эмоционалдығы
Ортаға кезекпен жас мамандарымызды шақырамыз.
І жүргізуші:
Таныс болдық мамандардың тегіменен
Туып өскен мекені жеріменен, таныстыру бөлімінің бағалары әзір болғанша келесі сайысқа кезек береміз.
ІІ жүргізуші:
Келесі кезекте « Мен мұғалім ретінде: кешегі, бүгінгі күнгі және болашақтағы ұстанымдарым» атты мини зерттеу жұмысы. Уақыты - 5 мин.
І жүргізуші:
Ескеріледі: - Зерттеу өзектілігі мен теориялық тұжырымдамасының маңыздылығы
Мақсаты мен міндеттері
Жүзеге асырылуының реалистік сипатта болуы
Дәлелдемелер
Зерттеу әдістерін таңдау шеберлігі
Ортаға кезекпен мамандарымызды шақырамыз.
І жүргізуші:
Таныстыру бөлімінің бағаларымен таныс болайық
1І жүргізуші:
Ал, мамандар сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар,
Білімді бір тексеріп көрейік біз,
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар.
І Жүргізуші:
Келесі кезекте жағдаяттар шешу
Әр маманға 1 сұрақ, 1 жағдаят шешуге беріледі.
Ескеріледі:
- Жағдайды шешу шеберлігі
- Педагогикалық - психологиялық сауаттылығы
- Түсінікті баяндауы
- Жедел әрі нақты жауап беруі
- Өзіне, жауабына сенімділігі
ІІ жүргізуші:
Билет суырып сол бойда жауап бересіздер.
І жүргізуші:
Мини зерттеу жұмысының бағаларымен таныс болайық.
ІІ жүргізуші:
О, заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірін - бірі.
Қарайық тамашалап жиылған жұрт,
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін.
І жүргізуші:
Келесі кезекте өнер сайысы:
Ескеріледі: - Орындау шеберлігі
- Образдылығы
- Шынайлығы
- Көрерменді баурап алуы
Ортаға кезекпен мамандарымызды шақырамыз.
ІІ жүргізуші:
Рахмет! Өнерлерің үстесін!
І жүргізуші:
Жағдаяттар шешу, сұраққа жауап беру бөлімінің бағаларымен таныс болайық.
. І І жүргізуші:
Жас көңілдер жайнасын,
Шешен тілдер сайрасын.
Айтып жібер бір әнді,
Әншілерім қайдасың?
Ортаға Ақтолқын Ғаббасқызын шақырамыз.
І жүргізуші:
Рахмет!
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік дара үні бар,- дегендей әділқазы төрелерге кімнің өнерлері ұнады екен, қане көрейік.(өнер сайысының бағаларын айту)
ІІ жүргізуші:
Сайысымыз да өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.
І жүргізуші:.
Ұстаз сөзі күн нұрына пара - пар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
ІІ жүргізуші:
Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.- дей келе бүгінгі «Жас келсе, іске» атты сайысымызды «Жас мамандар» гимнімен аяқтаймыз.
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×