Сайтқа кіру Тіркелу

Тәрбие стилі туралы мақала

Қай ата - ана болса да идеал әрі жақсы ата - ана болғысы келеді емес пе? Бүгінгі әңгімемізде осы кездегі ата - аналар типі мен олардың тәрбие стилдері туралы саралап, талдап көрсек. Оқып, ойланып көрейік

Авторитет ата - аналар
Олар балаларын тәрбиелеу барысында. оған өте мұқият әрі үлкен жауапкершілікпен қарайды. Баланың әр ісін жіті түрде қадағалайды, ескерту, түзетулер көп айтады бірақ не себепті бұлай жасамау керек, оның арты қандай жайсыздыққа апарып соғады осыны балаға толық түсіндіреді. Бұндай тәрбие балаға әділетсіз емес дұрыс көрінеді және үндемей келісе салады және ылғи осылай қатал бола бермейді, кейде баланың өз түсінігіне сеніп еркімен де жіберетін кездері болады. Ал қажет кезде баланың ой - пікірін тыңдай біледі және онымен санасып, дұрыс деп тапса қалауын жасайды.

Авторитар ата - аналар
Баланы ешқашан өз еркімен бос қоймай қатты қадағалайды, тек өз ережелерімен жүруді талап етеді, баланың әр ісіне сөйлеп, ұрсып, ескерту, тиым салуды жиі жасайды. Егер қарсыласса жазалауы да мүмкін. Неге бұлай ету керегін балаға түсіндіргілері келмейді, тек бағынуын талап етеді, сені жаман болсын демейміз, біздікі әрқашанда дұрыс деген ұстаныммен жүреді.

Либерал ата - аналар
Балаға өте жұмсақ, ылғи еркелетіп, мейіріммен қарап, көп шектеулер жасамайды, көбінесе өз қалауымен жүрсін деп еркіне жібереді.

Индифферентті ата - аналар
Балаға қойылған шекара жоқ. Олардың не істеп жүргендерімен еш шаруасы жоқ. Себебі өздері қатты стресс, тұрмыс, бизнес қамымен жүреді. Оларда тіршілік, басқа да өз проблемаларымен айналысып бала үшін бөлетін ешқандай бос уақыт деген жоқ.

Енді осы тәрбие стильдерінің нәтижесі қандай болып шығады екен?

Авторитар ата - ананың балалары іс - жүзінде жабық, тұйық, ұяң болады және олар тәуелсіз болам деп ұмтылмайды. Мінездері ашушаң, қырсық өзіне сенімсіз, мазасыз, өздігінен ешнәрсе шеше алмайды. Жасөспірімдік өтпелі кезеңнен олар дөрекі, агрессивті түрде ауыр өтеді. Бұл баланың кейінгі өміріне де өз әсерін тигізеді

Либерал ата - ананың балалары ешкімге бағынбайды. Көпшілікпен араласуда өздерін дұрыс ұстай білмейді, еліктегіш, түрлі әлсіздіктерге бой алдыратын балалар.

Авторитет ата - ананың балалары - бәрінен ең дұрысы болмақ. Олардың өз ұстанымы бар, өзіне сенімді, өзін бағалауы жоғары, не қалайтынын жақсы біледі, жауапкершілікті сол себепті өмірден өз орындарын тез таба алады. Ненің жаман, жақсы екенін ажырата біледі, олар көбіне дұрыс бағыттағы жолмен кетеді.

Ең қауіптісі индифферентті ата - ананың балалары.
Олар әдетте, қараусыз кеткендіктен әлсіз, ойланбай, білместікпен әр нәрсеге ұрына береді, қоғамның әлсіз тобын көбіне осы тәрбиеден шыққандар толықтырады. Қылмыскерлер, жеңіл жолмен ақша табуға ұмтылушылар, алаяқтық, ұрлық, жеңіл жүрісті қыздар, араққа салынып кеткендермен үй - күйсіз жандар.

Міне, бүгінгі қоғамдағы балалар тәрбиесі, тәрбиелеу стилдері. Ол баланың болашағына, қандай жолмен жүретініне жауап бере алады деп санаймын. Ата - ана бала тәрбиелеуде баланы емес, өзін тәрбиелесін деген сөздің жаны бар. Қысқаша айтқанда бұл баланың негізгі фундаменті болып табылатыны сөзсіз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайын ...

Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайын ...

Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен біріңғай білім...
Ата-ана туралы мақал-мәтелдер

Ата-ана туралы мақал-мәтелдер

Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада. Жалғыз баласы атқа шапса, Атасы ауылда тұрып Тақымын қысады....
Ата-аналар жиналысын дәстүрден тыс түрде ұйымдастыру

Ата-аналар жиналысын дәстүрден тыс түрде ұйымдастыру

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, «Райхан» мектепке дейінгі бөбекжайының жоғары санатты әдіскері Куанышева Эльмира Избасаровна...
Сіз қандай әкесіз? (тест)

Сіз қандай әкесіз? (тест)

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебі, Шағын орталық тәрбиешісі Манькева Майнур...
Тіл табыса білейік

Тіл табыса білейік

Қостанай облысы, Қостанай қаласы № 24 бастауыш қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ергалиева Ментай Амановна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×