Сайтқа кіру Тіркелу

Интербелсенді оқыту технологиясы

Интербелсенді оқыту технологиясы

Сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрлері өте көп. Демек, әрбір сабақ оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол - оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендіру мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыратын орталық, сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстінде сапалы оқытуды іздестіретін үрдіс.

Инновациялық көзқарас бойынша оқып - үйренудің негізін тек пәндер емес, ойлау мен рефлексияға негізделген интербелсенді әдістер құрауы керек деп түсінеді. Интербелсенді әдістер оқушылардың өздік және өзіндік дамуына, олардың өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді. Интербелсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы іскерлік ынтымақтастық қарым - қатынастар орнату, жағымды психикалық орта құрастыру, солар арқылы үйренушілер өз біліміне деген жауапкершілікті нығайтады. Интербелсенді (интерактивті) оқыту бірінші мезетте білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым - қатынасына негізделеді. Интерактивтік оқыту технологиясы мен тәсілі интеракция (ағлш. Interaction – өзара әсер, бір - біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді. «inter» дегеніміз «өзара», ал « act»-«әрекет жасау» деген мағына береді. Яғни «интербелсенді» дегеніміз - біреумен қоян - қолтық қарым - қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.
Интерактивтік оқу технологиясы – оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезінуді тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым - қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

Интерактивтік оқу технологиясын пайдалану әр оқушының іс - әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар - оқулықтар, топ – топ, топ – оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму үрдісін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Білім алушының түрлі ақпараттың толассыз ағынында бағытталуы қиынға түсіп отыр, ол үшін оның талдау, құрылымдау, жүйелеу, мәселені шешу дағдылары жетік дамытылуы тиіс. Ал бұл, педагог жұмысындағы тікелей жасалатын әдістерден, бас тартылып, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым - қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді.

Инновациялық әдістердің негізгісінің бірі -«интербелсенді оқыту әдісі». Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым - қатынас пен қарым - қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интербелсенді әдістерде басты назарды “процеске”, яғни үйрену процесінің өзіне, білім алушылардың “қалай” және “қандай әдіс - тәсілдер арқылы үйренетіндігіне” аударады. Яғни, интербелсенді сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Осы жерде білім алушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі, интербелсенді оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету.

Интербелсенді оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде білім алушылардың біріккен іс - әрекеті, әркім өзінің жеке - дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс - әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір - біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады.

Интербелсенді әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. Қытайдың бір нақыл сөзінде: "Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін" делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Интербелсенді әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ білім алушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интербелсенді оқытуда оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі білім алушылардың белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың бастамасы үшін жағдай жасаушы болады.

Интербелсенді әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:

- тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
- тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
- педагогикалық қолдау көрсету.

Интербелсенді әдіс - тәсілдерді қолдану нәтижесінде оқу үрдісінің барысында оқушылар мыналармен қарым – қатынасқа түседі:

1. Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
2. Оқушылармен (жұптасып жұмыс істеу барысында)
4. Шағын топтармен (3 - 4 оқушымен);
5. Оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас/дебат сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
6. Техника түрлерімен (мысалға, компьютермен, интербелсенді тақтада жұмыс істеуде).

Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтаумен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Интербелсенді әдістің тағы бір ерекшелігі оқушылардың белсенділігі мұғалімнің белсенділігімен сәйкестігінде сонымен қатар оқушы мен мұғалімнің тұрақты өзара іс әрекетінде. Интербелсенді әдістерді қолдануда оқушыларды сапалы дайындықпен қамтамасыз ету оқу процесінің нәтижелігіне тікелей байланысты. Басты тапсырма оқушыларға берілген білімнің бағасында емес ол тапсырманы орындаудағы іс – әрекетінде.

Интербелсенді әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т. б.

Интербелсенді әдіске сондай - ақ әр түрлі көмекші құралдарды яғни ақпараттық қорларды пайдалану: интербелсенді тақта, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, компьютерлер бейне фильмдер мен бейне сюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды пайдалана отырып, таныстырулар жатады.

Оқудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы:
* оқушылардың қызығушылығын туғызады;
* әрқайсысының оқу үрдісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
* әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
* оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
* оқушылардың пікірлері мен қарым - қатынастарын қалыптастырады;
* өмірлік машықтарды қалыптастырады;
* мінез - құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Нағымжанова Қ. М. Бастауыш білім берудегі жаңа технологиялар: Оқу құралы - Өскемен, 2005
2. Сарбасова Қ. Инновациялық педагогикалық технологиялар - Алматы, 2006.
3. Мұхаметжанова С. Т., Жартынова Ж. Ә. Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс - тәсілдері. Алматы, 2008
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,...
Аминдер. Амин қышқылдары

Аминдер. Амин қышқылдары

Аминдер, амин қышқылдары, олардың түрлері, алыну әдістері, химиялық қасиеттері және маңызы туралы мейлінше кең мағлұмат беру;...
Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...
Қоғам қажеттілігі - жаңа технологияны қолдану

Қоғам қажеттілігі - жаңа технологияны қолдану

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақша меңгерушісі Ералимова Ғалия Болатқызы...
Ақпараттық - қатынастық технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызе ...

Ақпараттық - қатынастық технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызе ...

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×