Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қазақ тілін лингвомәдени тұрғыдан оқыту әдістері

Қазақ тілін лингвомәдени тұрғыдан оқыту әдістері

Қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесінде оқыту қазақ тілін елімізде тұратын жүз отыздан астам ұлттардың ортақ тіліне айналдыру, ресми құжаттар тіліне айналдыру, Қазақстанның болашақ ұрпаққа аманатын жеткізетін қастерлі тілі ретінде дамыту дегенді танытатыны белгілі.
Мұндай келелі міндеттерді шешуде қазақ тілін тек күнделікті амандасу мен дүкенге бару немесе көшеде жөн сұрасу құралы ретінде үйретуді өте аздық етеді. Өйткені тілдік минимумның алға қоятын мақсатының аз болуы – өз елінде, өз мемлекетінде Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытып қана қоятын, сөйтіп, жасанды түрде қазақ тілін дамытуға кедергі болатын шектеулер жасалады.
Осындай тар аяда оқытуды қазір көптеген әдістемелік жүйелер ұсынып жүргені де қолдау туғыза алмайды деп ойлаймыз. Ағылшын немесе басқа кез келген шет тілінің шектеулі минимумын белгілеуге болады. Өйткені еркін және табиғи тілдік орта жоқ. Ал қоғамдық және әлеуметтік ортаның барлығы қазақстандық бола тұрып, қазақ тілін қалай шет тілінің әдістемесімен үйрету керек?
Бұл әдістемелік тұрғыдан лингвомәдени мүмкіндіктерді толық қолдана алмағандықтан, өз - өзінен тірелетін тұйық. Сондықтан қазақ тілін табиғи тілдік ортада өмір сүре отырып толық релаксациялық күйде оқытудың жемісті жолы лингвмәдени теориядан бастау алса дұрыс болады деп санаймыз.
Қазақ тілінің коммуникативтік құрал болуына осы лингвомәдени теория тұрғысынан келу арқылы тіл үйренушінің өзінің күнделікті өмір сүріп отырған ортасына тіл үйрететін орта деп қарауына тірек қалайтын мүмкіндіктер көбейеді.
Өз елінде өмір сүріп отырған тіл үйренушінің қазақ мәдениетіне тілдік тұрғыдан қарауына әдістемелік жүйе жасай отырып, олардың қайтадан аккультурациялануына жайлы жағдай жасай аламыз. Тіл үйренушілер қазақ тіліне сонда, күнделікті өмірдің, тұрмыс - тіршіліктің тілі, қатынас құралы деп қарай алатын болады.
Қазақ тілін лингвомәдени тұрғыдан оқытуды ұйымдастыруда басшылыққа дидактиканың белгілі жалпы ұстанымдары алынатыны белгілі. Сонымен бірге, қазақ тілін оқыту әдістемесінің өзінің жеке ұстанымдары да негізге алынады. Бұл ұстанымдар мыналар: коммуникативтік ұстаным, қазақ тілінің кумулятивтік қызметін басшылыққа алу ұстанымы.
Осының ішінде алдыңғы қатарға коммуникативтік ұстаным алынатыны де белгілі. Өйткені қалай болғанда да, қазақ тілі – қарым - қатынас құралы ретінде оқытылады.

Қарағанды облысының тілдерді оқыту
орталығының оқытушысы
Ағымбаева Мунира Шайхсламқызы

Қазақ тілін лингвомәдени тұрғыдан оқыту әдістері жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Көптілділік – полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі

Көптілділік – полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі

Көптілділік - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол...
Қазақ тілін лингвомәдени тұрғыдан оқыту әдістері

Қазақ тілін лингвомәдени тұрғыдан оқыту әдістері

Қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесінде оқыту  қазақ тілін елімізде тұратын жүз отыздан астам ұлттардың ортақ тіліне айналдыру, ресми құжаттар...
Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түр ...

Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түр ...

Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түрлерін қолдану барысында ауызекі сөйлеу тілін дамыту...
«Тіл дамыту» курсы

«Тіл дамыту» курсы

Шет ауданы, Ақжал кенті, Ш. Батталова атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусайнова Мугилсим Сатбековна...
Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)

Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)

Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету