Сайтқа кіру Тіркелу

Көптілділік – полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі

КӨПТІЛДІЛІК – ПОЛИМӘДЕНИЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсетті. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Қазіргі кездегі жаңа білім саласына қойылатын талап, жас маманның кәсіби білімділігін, біліктілігі мен дағдысын қойып отыр. Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады. «Тегінде адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен» озады деген ұлы ақын Абай сөзі қай заманда да өз мәнін жойған емес. Сондықтан болар, білім беру жүйесін дамыту басты бағыт болып саналады.

Көптілділік - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы. Мемлекеттік тіл, орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой - өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін және толлеранттылығының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру заманы тілдерді білуді талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет» - деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою - бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. Әлемдік білім беру іс - тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру жаңалық емес. Қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс - тәжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін енгізу - жаңа педагогикалық мәселе, өйткені ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс.

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, әдіскер,
Касым Жулдыз Салиевна

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Қызықты ағылшын тілі» вариативтік компоненті арқылы бала тілін ақпараттық  ...

«Қызықты ағылшын тілі» вариативтік компоненті арқылы бала тілін ақпараттық ...

«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі -...
Бүлдіршін - Полиглоттар

Бүлдіршін - Полиглоттар

Мақсаты: Білімділік: Балалардың алған білімдерін сарапқа салу. Балаларды өз бетімен жұмыс істеуге, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан - жаты тез...
Happy English арнайы курс бағдарламасы

Happy English арнайы курс бағдарламасы

Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік...
Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)

Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)

Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)...
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері

Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×