Сайтқа кіру Тіркелу

25 мамыр соңғы қоңырау салтанатты жиыны

25 мамыр - соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиынның сценарий
Фанфары
І. Қайырлы күн қымбатты ата - аналар, ұстаздар және оқушылар!
ІІ. Армысыздар бүгінгі салтанатты жиынның иегерлері және мектеп түлектері!
І. Құрметті қонақтар, ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, жас түлектер. Міне бүгін қызығы мен қиыншылығы мол әр оқу жылы қайталанбас тарихқа тол мектептің мерекесі. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын және бітіруші түлектерді білім нәрімен сусындатқан, балалалық шағын өткізген алтын ұя мектебімен, әріптен бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздармен қоштасу соңғы қоңырау салтанаты.
ІІ. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн - мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпес анық.
І. Құрметті оқушылар, ата - аналар, ұстаздар 2016 - 2017 оқу жылының соңғы қоңырау салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Өзіңмен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің айналайын халқым менің.
ІІ. Бүгінгі өткізіліп отырған салтанатты жиынға келген қадірменді қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.
2.
3.
4.
5.
І. Нұрлы үмітін сеніммен арқалаған
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп
Түлектерді шақырайық ортаға
(түлектер ортаға шығады)
ІІ. Тәжірибелі ұстаздар Қойбағарова Разия Хамзақызы, Сапарова Гүлжан Тыныштыққызы, Есенгазина Дидар Изденқызы жетекшілік ететін сыныптан 29 оқушы бітіргелі отыр. Бүгінгі таңда мектебіміздің мерейін үстем етіп, ұстаздардың үкілеген үмітін ақтағалы отырған 5 алтын белгі белгісіне үміткер, 1 ерекше аттестат үміткерлері бар. Сонымен қатар 11 жыл бойы алған білімін талай білім додаларында сынап, оза шауып бәйге алған дарынды оқушыларымыз елінің үміті мен сенімін ақтар жаңа заман түлектері, ертеңгі күннің көсбасшысы болады деген сенімдеміз.
І. Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран
ІІ. Назар салыңыздар! Бүгінгі мерекелік салтанатты жиынның ашылу салтанатына орай ҚР Әнұраны шырқалсын! Мемлекеттік ту енгізілсін! Туға теңел!
І. Мектебің мынау класың
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың - деп ақиық ақын Мұқағали атамыз жырлағандай кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған ұл - қыздарыңыз бүгінгі таудай болып алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр. Олай болса, мектебіміздің бүлдіршіндері өмір атты теңізге жүзгелі тұрған түлектерімізге өздерінің жылы лебіздерін арнамақ.
( 1 сынып оқушысы тақпақ айтады)
ІІ. Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкіменен аямаған
Саялы бақ, жанашыр жас ұрпақтың
"Ұстаз" деген аяулы, ардақты адам
Өмірде өшпейтіндей іс - балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол - болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді аналық қамқорлығым деп түсінген мектебіміздің директорына сөз беріледі.
(озаттарды марапаттау, мұғалімді марапаттау)
І. Тек жүректен арналар сөзіміз де
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берейік құрметпен өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз
Сөз кезегі салтанатты жиынымыздың қадірменді қонақтарына беріледі.
ІІ. Қымбатты түлектер, бүгін сіздердің мектебіміздегі соңғы қоңырау салтанаты сіздерге арналады. Енді бірер айдан соң балғын балалық армандарың жүзеге асар асудағы ең алғашқы баспалдақты аттайсыздар. Елің үшін еңбек етер жігерлі жас маман ретінде жаһанданған қазақстанның дамуына өздеріңіздің үлестеріңізді қосасыздар. Қашанда сіздерді биіктерге жетелеген мектебіңіз және білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыңыз - бұл жолда жеңіске жетулеріңізге жолдас.
Ендеше келесі сөз кезегі қымбатты түлектер, өздеріңізде.
(түлектер жылы лебіздерін айтады, хор)
І. Бүгін мына кеш жүректі тербейды,
Балдаурен балалық айналып келмейді.
Алғашқы ұстазым әліппе ұстатқан
Жүректен ешқашан сөнбейды, - деп алғашқы ұстазына сөз кезегін береміз.
І. Сыныпты келдің басқарып
Көрмедің ойлап бас қамын
Өмір деген қас - қағым.
Бірге өткізген күндерін, қыс жазында
Жазып шықты қаншама іс қазына
Балапанын ұшырған ұясынан
Сөз берейік жетекші ұстазына, - деп ортаға ұстазды шақырамыз.
(11 класс вальс би)
ІІ. Жақсы шәкірт азамат ата - анада
Халқынан, ата - анадан бата алады,
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін
Ортаға шақырайық ата ананы. Сөз кезегі____________
Ән:
І. Құрметті түлектер! Көгершіндей қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер!
ІІ. Гүлдерге толы омырау
Әр түрлі ән - күй ойнайды.
Сыңғырла соңғы қоңырау
Соқтырмай өмір қоймайды - деп зымыраған уақыт жаңа бір оқу жылының аяқталғанынан хабар беріп тұр. Кешегі алғашқы қоңырау сыңғыры оқушы мен мектепті табыстырса, бүгінгі соңғы қоңырау мектепті бітірушілердің алтын ұя мектебінде соңғы рет еститін қоңырау үнін мектеп соқпақшы.
І. Қоңырау соғу рәсімі __________беріледі.
ІІ. Күмбірле қоңырау күмбірле,
Аттансын түлектер жаңа өмірге.
І. Ұшырады мектебің өз қолыңнан
Көріне біл ғылымның сан қырынан
"Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой" - деп
Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан
ІІ. Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
"Сәт - сапар" деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.
Ұлттық бірыңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз, Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар!
Осымен түлектеріміздің алтын ұя мектебімен қоштасуына арналған соңғы қоңырау салтанатты мерекемізді жабуға рұқсат етіңіздер.
І. МЕКТЕП ТҮЗЕЛ! ТІК ТҰР! ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ ШЫҒАРЫЛСЫН!
ІІ. Сіздерді көңілді демалыс, жайдары жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарыңды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш жігермен алтын ұя мектептеріңізге оралуларыңа тілектеспіз!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×