Сайтқа кіру Тіркелу

Өлім туралы ұлағатты сөздер

Біз махаббаттың өлімдей күшті екенін білеміз. Есесіне ол әйнек секілді қорғансыз.
Ги де Мопассан

Өлімнен де ауыр ит өмір кімге керек?!
Қадыр Мырза Әли

Өлім - хақтың пәрмені
Махамбет Өтемісұлы

Өлімнен асып түсу мүмкін емес.
Михаил Лермонтов

Адамдар мал - мақтан үшін соғысып, өзі жек көретін өлімге жанын тапсырады
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Өлімнен басқаның бәрін өткізуге болады, жақсы атақтан басқаның бәріне шыдауға болады.
Оскар Уайльд

Өлгендер қайтып келмейді,
Шыққан жан қайтып енбейді.
Қорқыт ата

Мен өзімнің детектив романдарымның сюжеттерін ыдыс - аяқ жуып жатқан кезде табамын. Өйткені ол маған мүлдем ұнамайтын іс. Сол себепті басыма бірден өлім туралы ойлар келеді.
Агата Кристи

Өлер алдында тек екі нәрсеге өкінеміз: аз ғашық болғанымызға және аз қыдырғанымызға.
Марк Твен

Өмір тәтті - бүгін қолың жеткенде,
Удай ащы - ертең тастап кеткенде.
Иүгінеки Ахмед

Мал - мүлік жидым деп мәз болма - жан кеткенде кетеді.
Қожа Ахмет Йассауи

Адам анасынан туған күні ғана дүниеге келмейді. Өмір сүру барысында да мың өліп, мың туылады.
Габриэль Гарсиа Маркес

Қанша тырыссаңыз да, о дүниеге аттану оңай емес.
Габриэль Гарсиа Маркес

Артында жақсы аты қалған адам өлмейді.
Саиф Сараи

Түзелмейтін тек өлім.
Сергей Довлатов

Тек ақымақ қана өз өлімінің жақындағанын тойлайтын болады.
Бернард Шоу

Адам баласының бәрі де өлгелі жаралған.
Күлтегін

Бұл дүниеде екі - ақ есік бар: бірі - өмірге қарай ашылады, екіншісі - өлімге қарай ашады. Бірінші есікке енген адам — екінші есікке де енеді.
Жүсіп Баласағұни

Әкесі өлген — асқар тауы құлағанмен бірдей, шешесі өлген — ағар бұлағы суалғанмен бірдей, ағасы өлген — оң қанаты қайырылғанмен бірдей, інісі өлген — сол қанаты қайырылғанмен бірдей, апа - қарындасы өлген - өрісі тарылғанмен бірдей.
Жиренше шешен

Барлық адамның тағдыры бір жерде түйіседі: құл да өледі, қожайын да өледі.
Жүсіп Баласағұни

Кейде мен өлілерге қатты қызығамын. Өйткені олардың бос уақыттары өте көп.
Роберт Де Ниро

Өлімге берер жаным бар – пендеге берер арым жоқ.
Асқар Сүлейменов

Кәрі өлсе — дауыл тынғаны, жас өлсе – бәйтерегіңнің сынғаны.
Шал Құлекеұлы

Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.
Әйтеке би

Ақыл, ажар ажалға не қылады?
Шәңгерей Бөкеев

Өмір — күшті, өлім — одан да күшті.
Жүсіп Баласағұни

Өлімнен қорқуға болмайды. Еңбекке қабілеттіліктен айырылудан қорқу керек.
Бауыржан Момышұлы

Хан өздігінен өлім жазасын қолданбасын.
Өлім жазасын шешетін халықтың өзі болсын.
Майқы би

Пайдасыз өмір сүру мезгілсіз өлгенмен тең.
Иоганн Вольфганг фон Гёте

Өлімге де - мал керек, батырға да - жан керек.
Шортанбай Қанайұлы

Өлім келсе - өкінбей - ақ бара бер,
Зарлағанмен естімейді қара жер.
Жүсіп Баласағұни

Тумақ — сүннет, өлмек — парыз.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Өлім — ғибрат.
Жүсіп Баласағұни

Диктаторлар өзінің аудармашысы мен жеке тіс дәрігерінен қорқуы тиіс. Себебі осы екеуінің қателігі оны өлімге апаруы мүмкін.
Уинстон Черчилль

Ана алдында өлім де мойын ұсынады.
Ғабит Мүсірепов

Өмір – өзен, өлім – құрдым.
Бернияз Күлеев

Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа немді алар өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары – гөр,
Мен жоқ болам көміліп тәнімменен.
Тән көмілер, көмілмес еткем ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін.
Ахмет Байтұрсынұлы

Өлгенді қадір етсек - қанға рауа.
Шәңгерей Бөкеев

Өмір ол театр және де сол театрда әркім өз рөлін керемет сомдауда, және де сол театрдың соңы немен аяқталатыны бәрімізге аян ол өлім.
Тұрсынбаев Ербол

Өлімді білмей тұрып, одан қорқу қисынсыз сияқты.
Сократ

Өлім деген жалғаннан,
Шын өмірге, өтетін көпір.
Бағлан Нұғманов

Егер өмір туралы аз білсек, сонда өлім туралы біз не білеміз?
Конфуций

Бір күні өлім келетінін мойындай білу керек. Мәңгілік көктемді армандауды доғарсаңыз, жаз бен қыс та бақыт сыйлайды.
Брюс Ли

Жаманға беліңді шешіп иланба – илантып тұрып өлтірер.
Шалкиіз Тіленшіұлы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×