Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Мейірімді туралы ұлағатты сөздер

Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет - ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой.
Федор Достоевский

Мейірімді ер адам алаңсыз. Төмен адам уайымшыл.
Конфуций

Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын.
Виктор Гюго

Білімдінің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!
Мағжан Жұмабаев

Жек көру - бейшаралықтың, кейде ақыл жұтаңдығының бетке ұстаған пердесі, жек көру дегеніміз - мейірімнің, ақыл мен адамдарды түсінудің жетіспеушілігінің белгісі.
Альфонс Доде

Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.
Ғабит Мүсірепов

Ең зиянды адам - мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек - осы төртеуі кімнің бойында болса - сол шын адам болады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Туралық - хақтың мейірі.
Саиф Сараи

Адам бәріне де қабілетті. Одан жақсылықты да, жамандықты да күтуге болады. Сол мені қынжылтады. Сондықтан күндіз - түні жаратқаннан тек адал, ақкөңіл, мейірімді адамдарды жолықтыр деп тілеймін.
Сергей Довлатов

Еңбекті дұшпан санаған адамда өмірі мейірім жоқ.
Сәбит Мұқанов

Сәбиді қанша рет сүйейік, бәрібір мейіріміз қанбайды.
Бауыржан Момышұлы

Халықтан мейірім кетті,
Момынға телі - тентек тақымы өтті,
Талтүсте талапайда ақым кетті,
Бұл не деген заман болды, достар?!
Қожа Ахмет Йассауи

Мейірімді адам өзін кінәлайды, төмен адам өзгені кінәлайды.
Конфуций

Не дер екен мейірімі мол кісі:
Мейірбандық – кісіліктің үлгісі.
Есіңе ұстап мейірбанның нақылын –
Дәулет болар алсаң соның ақылын.
Мейірімнен шынайы леп еседі,
Соны бақсаң – дәреже, бақ өседі.
Жүсіп Баласағұни
Адам нәсілін жер бетінде баяндатып тұрған бірден - бір күш — мейірім мен рақым ғана.
Әбіш Кекілбаев

Мен ұмытылмас мейірімді достарымнан артық бақыт таба алмаспын.
Уильям Шекспир

Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету