Сайтқа кіру Тіркелу

Жүрек туралы ұлағатты сөздер

Бiздiң шын жүректен және асыға күтерiмiз бiр ғана нәрсе, ол атамекенiмiздiң орыс пролетариаты диктатурасынан құтылуы. Бiз барлық жерлестерiмiздi осы ұлттық мұратымыз жолында бiр жан, бiр тән болып жұмылуға шақырамыз.
Мұстафа Шоқай

Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл.
Аристотель

Қазақтың жүрегі тоқтамасын, өнердің жүрегі тоқтамасын деп отырғаным сол. Өнерін өлтіріп алған қазақ ел болып оңбайды, елінен айнып қалған жүрек – жүрек боп соғып жарытпайды. Екеуі бөлінбес бір бүтін, тұтас дүние деп есептеймін. Ендеше, жүрегіміз тоқтамасын.
Әшірбек Төребайұлы

Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек.
Әзілхан Нұршайықов

Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет - ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой.
Федор Достоевский

Адамның келбеті жүрегінің айнасы.
Цицерон

Қазіргі тарихта инабатты әрі сұлу, бірақ жүрегінен айрылған жаңа әйедердің тобы пайда болды.
Михаил Лермонтов

Бос жүрек үнемі бірқалыпты соғады.
Михаил Лермонтов

Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды.
Абай Құнанбайұлы

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
Абай Құнанбайұлы

Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.
Абай Құнанбайұлы

Егер біреумен түсінікті тілде сөйлессең, тіл табыса аласың. Ал, оның ана тілінде сөйлер болсаң, ол сені жүрегімен түсінеді.
Нельсон Мандела

Шеше мінезінен сезік алса, бала жүрегі суына береді, қатулана береді.
Ғабит Мүсірепов

Жақсы адамдардың жүрегінде жақсы, жаман адамдардың жүрегінде жаман ойлар жүреді.
Ибн Хиббан

Еркекке тіс те керек, іс те керек, білек те керек, жүрек те керек...
Ғабит Мүсірепов

Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады.
Ілияс Есенберлин

Сіздің істеріңіздің нәтижелерін басқалар бағалайды, тек қана өз жүрегіңіздің таза да әділ болуына тырысыңыз.
Джон Рескин

Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, отансыз да өмір сүре алмайды.
Константин Паустовский

Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Нағыз махаббат түр - әлпетте емес, жүректе.
Ник Вуйчич

Әйел адамдар ешқашан құпия ұстауды білмейді. Бірақ олар жүрегінде сақтаған затты өлсе де айтпайды.
Стивен Кинг

Жүректі шын күйдірсе, махаббат азабының өзі де бір қуаныш емес пе? Иә, зор қуаныш. Өйткені жүрек күю үшін шын махаббат, зор махаббат керек. Ал, ондай махаббат жаныңа қанша азап салса да – қуаныш, бақыт.
Ілияс Есенберлин

Жүрек кімді қаласа - сол сұлу.
Саиф Сараи

Аққуды атуға, махаббатты қорлауға болмайды! Махаббат әні – аққу әні. Оның сұлу ырғағын естудің өзі адамның өмірдегі бір тәтті арманы емес пе?! Әрине, аққуды ататындар да, махаббатты қор ететіндер де табылады. Бірақ олар дүниенің қызығын, сәнін түсінбеген бейшаралар. Олар үшін махаббат әні – аққу әні салынбайды. Ал қор болған махаббат зары – жаралы аққудың соңғы әні. Оның мұңына, оның зарына елжіремеген жүрек – ол жүрек емес.
Ілияс Есенберлин

Өлең үйіріліп көкейіңе ұйып жатсын, тазартып жүрек кірін жуып жатсын.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Адамға махаббат қонған кезде жүрегі жерде жоқ элементпен толығады. Оның себебін білесің бе? Бұл бақыттың құпия сыры неде деп ойлайсың? Ол тек жалғыздығымыздың бітуімен байланысты.
Ги де Мопассан

Егер сіз адамды шынымен жақсы көрсеңіз, еш нәрсесіне де қарамай, шын жүрегіңізбен сүйіңіз. Құлазығанда қуанышы, жылағанда жұбанышы болып, қай кезде де қасынан табылуға тырысыңыз. Сондай кезде ғана пәк махаббат болады.
Александр Куприн

Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шын махаббат бар да, махаббатпен ойнау бар. Шын жақсы көру – өмір бақи сәулесін, сұлулығын жоғалтпайтын гауһар тас. Кімде - кім шын сүйсе, өз сезімін қадірлейді, өйткені оның ләззаты ыстық жүректен туған. Ал жүректі ауыстыра алмайсың.
Ілияс Есенберлин

Азапта туған өлең шері басым,
Жүрекке қатты тисе тез ұғасың.
Александр Пушкин

Етістікпен күйдір адам жүрегін.
Александр Пушкин

Кейде жүрегіміз жарылып кетеді. Иә, шынымен де жүрегіміз жарылып кете жаздайтын шытырман оқиғалар көп болады. Менің ойымша, ондай кезде өліп қалғанымыз дұрыс. Бірақ біз дым болмағандай тірі жүреміз.
Стивен Кинг

Жігерсіз сөз жүрекке жетпейді.
Бауыржан Момышұлы

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Абай Құнанбайұлы

Шын махаббат, шынайы махаббат өтірікпен әсте сиыспайды. Ондай махаббат қорлыққа да, зорлыққа да риза болып, шыдайды. Сүйген жүрек, адал жүрек есептесуді білмейді.
Сәбит Мұқанов

Даналардың сабырлылығы - бар болғаны олардың өз сезімдерін жүрек түбінде жасыра білуі.
Франсуа де Ларошфуко

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым - шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
Василий Сухомлинский

Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.
Бауыржан Момышұлы

Саясатта жүрек болмайды, тек қана бас болады.
Наполеон Бонапарт

Жүрек арқылы өткен ақыл тілі көпке жетеді.
Жан - Жак Руссо

Сақтауға қажет бір асыл болса – алдымен жүрегіңді сақта, өйткені өмір бастауы – сол жүрек.
Уильям Гарвей

Әке - шешенің өтірігі бала жүрегін суындыра береді. Бір кезде ол өтірікті бала да айтады.
Ғабит Мүсірепов

Шын режиссура – жүрек сияқты: соққаны білінбейді.
Асқар Сүлейменов

«Жүрек» деген жұдырықтай кесек ет,
Сүйген, күйген сезім – қанын еселеп,
Жинай берсе, талай теңіз жасалып,
Талай кеме айдындарын кешер еді.
Сәбит Мұқанов

Жаннан артық сенімді дос таппадым,
Құпиямды тек жүрекке сақтадым.
Захир ад - дин Мұхаммед Бабыр

Шарап ішпеңіз, жүректі темекімен жүдетпеңіз.
Павлов Иван Петрович

Көре алмаушылық - жүректегі у.
Франсуа Вольтер

Жүрегім дертті, сөзім у.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Біз өз көзімізге сенеміз – бірақ оларға сенуге болмайды; біз өз жүрегімізге де сенеміз – бірақ оған да сенуге болмайды. Есте сақтаңдар, шәкірттерім: ақиқатында адамды тану оңай емес!
Конфуций

Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады.
Әл – Фараби

Қоштасу — жүрекке салмақ.
Жүсіп Баласағұни

Жаннан безген жырдан басқа, жас жүректің кімі бар?!
Бернияз Күлеев

Оты сөнген ер жүрек қалар мұздап.
Бернияз Күлеев

Жатсаң – ойда, тұрсаң – жырда, жанған жүрек емі бар.
Бернияз Күлеев

Өмірдің мақсаты — жүрегіңді ғаламмен жараса соғуға дағдылау, болмысыңды әлеммен үйлестіру.
Джозеф Кэмпбелл

Жүрек үнемі ақылды ақымақ қылады.
Франсуа де Ларошфуко

Жылуы жоқ жүрек – қуыс кеуде.
Жүсіп Баласағұни

Ақиқаттың мекені — жүрек.
Әбіш Кекілбаев

Ақын үшін ең зымыран тұңғиық та — жүрек, ең шырқау биік те — жүрек.
Әбіш Кекілбаев

Ақын еңбегінің жалғыз өлшемі – оның адам жүрегіне қанша жақындай алғаны.
Әбіш Кекілбаев

Үш - ақ нәрсе - адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай Құнанбайұлы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×