Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлт туралы ұлағатты сөздер

Ұлтқа пайдалы адам келсе, бәрiнен бұрын орыс өкiметiнiң атамекенiмiздегi жер саясатын мұқият зерттеп үйренуге тырысыңыз. Сiзге не iстеу керектiгiн осы саясаттың өзi - ақ көрсетiп бередi.
Мұстафа Шоқай

Ағалар, қыпшақ деген ұлт болмайды, қазақ деген ұлт бар. Егер әрқайсымыз бөлiнiп, қыпшақтың көсемi, арғынның көсемi, үйсiннiң көсемi болып жатсақ, бiздiң халық азады.
Мұстафа Шоқай

Бiздiң шын жүректен және асыға күтерiмiз бiр ғана нәрсе, ол атамекенiмiздiң орыс пролетариаты диктатурасынан құтылуы. Бiз барлық жерлестерiмiздi осы ұлттық мұратымыз жолында бiр жан, бiр тән болып жұмылуға шақырамыз.
Мұстафа Шоқай

Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан - дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?
Мұхтар Әуезов

Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.
Мағжан Жұмабаев

Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық тіл.
Қадыр Мырза Әли

Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.
Әлихан Бөкейханов

Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.
Жүсіпбек Аймауытов

Өз ұлтын сүю - өзге ұлтты жек көру емес.
Бауыржан Момышұлы

Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.
Бауыржан Момышұлы

Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!
Ғабиден Мұстафин

Әкеңді білмеген ештеңе емес, қаптаған халықтың ішінен ұлтыңды білмеген не деген сұмдық!
Қадыр Мырза Әли

Ұлт тағдыры – Аналардың қолында!
Оноре де Бальзак

Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі тіл.
Нұрсұлтан Назарбаев

Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.
Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақстанның Тәуелсiздiгiнiң болашағы үшiн, өсiп - өркендеуі үшiн, нығаюы үшiн қазақтың – өзiмiздiң ұлттың бiрлiгi керек.
Нұрсұлтан Назарбаев

Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ.
Әлихан Бөкейханов

Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол сөз жоқ арамза, тексіз әрі қаңғыбас.
Бауыржан Момышұлы

Ұлттық мақтаныш – сол ұлттың адамы үшін қасиетті әрі бұзылмас заң.
Бауыржан Момышұлы

Экономикалық қауіпсіздіктің мәселесі, ең алдымен, - ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі.
Асқар Сүлейменов

Ұлттық рух – бұл, асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік.
Бауыржан Момышұлы

Ұлт – биліктегілермен емес, қарапайым тұрғындарымен бағаланады.
Нельсон Мандела

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
Ахмет Байтұрсынұлы

Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп - тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата - бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.
Шерхан Мұртаза

Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай.
Мағжан Жұмабаев

Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек.
Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл болмаса, ұлт та болмайды. Яғни ол ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады.
Ғұмар Қараш

Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі - ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың, өнері де өршімейді.
Ғұмар Қараш

Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз.
Ғұмар Қараш

Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады? Өзiңнiң алдыңа айналып келедi, Асанбай. Орыстың артында тұрған Мәскеуi бар. Қазақтың артында Мәскеуi жоқ, қазақтың Мәскеуi - бiздермiз Асанбай, қолыңнан келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме. Қорлыққа көнген халық зорлыққа да көнетiн иiсалмас, ынжық болып кетедi. Ұлт өзiнiң мүддесiн өзi қорғай алатын дәрежеге жетуi керек. Кезiнде қазақтың жанын сақтап қалсақ екен дедiк қой..., бiз ол дәуiрден өттiк. Ендi қазақтың рухын, намысын сақтауымыз керек.
Д. А. Қонаевтың Асанбай Асқаровқа айтқан сөзi
Дінмұхамед Қонаев

Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын.
Мұстафа Шоқай

Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды.
Ғабит Мүсірепов

Ұлттың ұлылығы мен кеудесінің кеңдігін олардың жан - жануарларға деген қарым - қатынасына назар салып - ақ байқауға болады.
Махатма Ганди

Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт - санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі.
Бауыржан Момышұлы

Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Ұлт өзінің мемлекетінсіз - ұлт болып өмір сүре алмақ емес.
Нұрсұлтан Назарбаев


Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.
Мұхтар Әуезов

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық.
Бауыржан Момышұлы

Егер әр ұлт өзін өзгелерден артық санаса, соғыстың басты алғышарты сол.
Дейл Карнеги

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!
Асқар Жұмаділдаев

Егер Қазақстанды мекендейтін көп ұлттың әрбір азаматы Қазақстанды, қазақты, оның тілін, салт - дәстүрін, мінез - құлқын, жер - суын Бельгерше түсініп, Бельгерше біліп, Бельгерше сыйлап, құрметтесе, онда бұл елде Құдай сүйгендер ғана тұрып, жұмақ орнар еді...
Шерхан Мұртаза

Өз ана тілін менсінбейтіндер — өз ұлтын үш рет өлтіргендер.
Георг Гегель

Өзге ұлттың орыстанған өкілдері шовинистікке келгенде орыстардың өзінен асып түседі.
Владимир Ленин
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×