Сайтқа кіру Тіркелу

Тәрбие туралы ұлағатты сөздер

Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.
Ахмет Байтұрсынұлы

Тәрбие басы – тіл.
Жүсіпбек Аймауытов

Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады.
Әзілхан Нұршайықов

Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе.
Зейнолла Қабдолов

Шындық – бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.
Бауыржан Момышұлы

Адам өмірі - қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ тәрбиелеген ұтады екен.
Қорқыт ата

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов

Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата - аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.
Антон Макаренко

Адамды қандай істе болса да ұстамдылықта, ойындағысын тайсалмай айтуда, қайсы бір мұқтаждыққа төзуде, шыдамдылықта, батылдықта ерлік көрсете алатындай жағдайға қоймайынша оны ержүрек етіп тәрбиелеуге болмайды.
Антон Макаренко

Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды.
Абай Құнанбайұлы

Бала тәрбиесінде әке мен шешенің мүмкіндігінше бірдей араласуы үшін, отбасы тәрбиесін жоғары дәрежеде дұрыс жолға қою қажет.
Пётр Каптерев

Кісі айыбын ашып айтқаннан, жапқан жақсы.
Жүсіп Баласағұни

Оқыту — тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады.
Константин Ушинский

Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие.
Лев Толстой

... еңбек тәрбиесіне баса назар аудару керек. Еңбекке тәрбиелемей тұрып, балаға дұрыс тәрбие бердім, — деп айту екі талай.
Спандияр Көбеев

Тайып бара жатқанға таяныш бол.
Саиф Сараи

Жақсы тәрбие сенің тұздықты дастарханға төгіп алмағаның емес, басқа біреу солай істегенде, оны сенің байқамауың.
Антон Чехов

Дәрежең өскен сайын ұстамды болғайсың.
Иүгінеки Ахмед

Қолға түскенін емес, әбден таңдап - сараптап оқыңыз. Діл мен жаныңызды байытып, оны тәрбиелеңіз.
Иван Тургенев

Айтқаныңды қайталама: алуаны да бірақ рет жейді.
Саиф Сараи

Сапты аяқпен ас беріп, сабынан қарауыл қарама.
Саиф Сараи

Жай жатқан жыланның құйрығын баспа.
Саиф Сараи

Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.
Антон Макаренко

Тек қана ата - аналармен бірге жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.
Василий Сухомлинский

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды.
Ян Амос Коменский

Тәрбиешінің өзі тәрбиеленген болуға тиіс.
Карл Маркс

Біздің балалар - біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие - болашақтағы қайғымыз, бұл - біздің көз жасымыз, бұл - басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәмыз.
Антон Макаренко

Балаларды тәрбиелеу - еңбек әрі борыш.
Федор Достоевский

Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ.
Саиф Сараи

Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,
Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.
Қорқыт ата

Тарих дегеніміз – бір халықтың тек қана еркіндікке қарай ұмтылысының тарихы ғана емес, сол халықтың тәрбиесінің де тарихы.
Жозеф Ренан

Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл.
Махмұд Қашқари

Еңбек үстінде тек жұмысшы адам ғана тәрбиеленбейді, сондай - ақ жолдастық қалыптасады, яғни басқа адамдармен екі арада дұрыс қарым - қатынаста тәрбиеленеді.
Антон Макаренко

Бүгінгі жастарды ең болмаса қазақ халқының "тура биде туған жоқ" деген даналығының рухында тәрбиелейік.
Ғабит Мүсірепов

Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілет бар.
Константин Ушинский

Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.
Қорқыт ата

Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.
Ахмет Байтұрсынұлы

Ешкімде іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.
Бауыржан Момышұлы

Жастардың оқу - тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.
Ахмет Байтұрсынұлы

Тәрбиенің еркіндігі - еркіндікпен тәрбиелеу.
Асқар Сүлейменов

Балалар тәрбиесін – үлкендерден бастау керек.
Максим Горький

Тәрбиеші болу үшін, тәрбиеленген болуың керек.
Антон Макаренко

Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл бақытты кәрілік, қате тәрбие біздің келешектегі сорымыз, біздің көз жасымыз.
Антон Макаренко

Тәрбиедегі мақсат - адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару.
Мағжан Жұмабаев

Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?!
Мұхтар Әуезов

Балаға қуаныш сыйлай отырып, оқыта тәрбиелеуге міндеттіміз.
Аркин Ефим Аронович

Тәрбие дегеніміз — тәрбиеленушілерді белгілі бір адамгершілік дағдыларын меңгеруге көндіру мақсатымен бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы.
Лев Толстой

Тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы.
Әл – Фараби

Тәрбиенің бірінші шарты балаға жақсы есім таңдау.
Әлішер Науаи

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.
Мұхтар Әуезов

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды - ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.
Цицерон

Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
Әл – Фараби

Тәрбиелі — тәртіптің құлы.
Бауыржан Момышұлы

Бір түп раушан өсіріп, алғашқы гүлдің қуанышына бөленудің, гүлді адамға беріп, сол сәттен толғанысты бастан кешудің, жаңа адамды тәрбиелеудегі маңызы, егістік жерді жыртумен, астық өсірумен, ащы тер мен алақандағы күсті және еңбек рақатын танумен бірдей. Василий Сухомлинский

Жасында торай болғаннан үлкейгенде шошқа шығады.
Владимир Маяковский

Жақсы отбасыда жазалау деген атымен болмайды. Ал бұл - отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы.
Антон Макаренко

... баланы сүйе білуге үйрету - өмірдегі ең маңызды нәрсеге үйрету деген сөз.
Василий Сухомлинский

Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс.
Виссарион Белинский

Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек.
Антон Макаренко

Өнер біткеннің барлығы сияқты, тәрбие өнері де табиғаттың кемістігін толтыруды мақсат етеді.
Аристотель

Менің бүкіл өмірімді ұзыннан - ұзаққа созылған тәрбие алу барысы деуге болар еді.
Клод Гельвеций

Тәрбие – кең мағынасымен алғанда, қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.
Мағжан Жұмабаев

Тәрбие біздің жүрегімізге ең алдымен жеке адамға да, қоғамға да пайдалы әдеттердің ұрығын себуі керек.
Клод Гельвеций

Топастықтың екі түрі бар: бірі - туа біткен, екіншісі - тәрбие еккен топастық.
Клод Гельвеций

Тәрбие жұмыстарының дәл мәні сіздің балаға тікелей әсер етуіңізді емес, көзбе - көз әңгімелесуіңізде емес, ол сіздің өз отбасыңызды ұйымдастырудың, сіздің жеке және қоғамдық өміріңізді және бала өмірін ұйымдастыра білуіңізде.
Антон Макаренко

Тәрбиешінің нағыз данышпандығы – әкенің, шешенің, педагогтың – балаға бақыт беруі. Балалық шақтың бақыты – жылылық пен қорек беретін отбасының тыныштығы.
Василий Сухомлинский

Жалғыз білім үйретуге емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек.
Міржақып Дулатұлы

Өзіңнен ұл, қыз туса, ей азамат!
Қолда өсір - ұстай көрме алыста жат.
Мейірімді, таза болса тәрбиесі,
Баланың еркін өсер тәртібі - есі
Жүсіп Баласағұни

Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал.
Василий Сухомлинский
Күшті махаббат қана күйеудің бойындағы кінəратты жеңеді. Күшті махаббаты бар ақылды, сабырлы əйел ғана жаман жігіттен жар жасап алады. Содан кейін олар бірінің айтқанынан бірі шықпай сыйласымды, тату - тəтті өмірді бастарынан кешіреді. Бұл жолда əйелдің көп қажыр, қайраты жұмсалады. Ол жақсы жарды содан соң барып табады. Адам бойындағы, əсіресе қыз бойындағы қасиет ана берген тəрбиеден ғой.
Әзілхан Нұршайықов

Ата – ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы.
Антон Макаренко

Ешбір әке баласына жақсы тәрбиеден артық ештеңе бере алмайды.
Хадис шәриф

Адам мінезінің, ақыл - қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі - түрлі болуынан... адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен...
Жүсіпбек Аймауытов
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×