Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Білім туралы ұлағатты сөздер

Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.
Әлихан Бөкейханов

Фантазия білімнен маңыздырақ. Өйткені білімнің шегі бар.
Альберт Эйнштейн

Кітап маған тақтан да қымбат
Шекспир

Сүйкімді асты қабылдаудың еш жағымды әсер болмайтыны тәрізді, ынтасыз, зердесіз білім қабылдауда ақыл ойды тоздырады, айтылған ақпараттар бойға сіңбейді, жақсы тәрбиелі ұрпақ қалыптаспайды
Леонардо да Винчи

Білім – қымбат қазына,
Қанағат тұтпа азына.
Мұзафар Әлімбаев

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады
Константин Ушинский

Білім – ең маңызды аспап
Билл Гейтс

Білім — адам баласының ортақ қазынасы.
Жүсіп Баласағұни

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс - тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
Мәлік Ғабдуллин

Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.
Мұхтар Әуезов

Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет
Шоқан Уәлиханов

Білім — кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады.
Нұрсұлтан Назарбаев

Мен ешқашан мектеп тапсырмаларының жеке ілім - біліміме кедергі жасауына жол бермедім.
Марк Твен

Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді
Шоқан Уәлиханов

Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Абай Құнанбайұлы

Оқысы білім бұлағы,
Оқыса елдің ұланы,—
Тірілтіп, елге жан бітіп,
Елі үшін жұмақ қылады.
Бейімбет Майлин

Білімің болсадағы ұшан - теңіз,
Пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей.
Шал Құлекеұлы

Адамның сәні - өнер, білім, ақылы.
Жетес шешен

Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған.
Ыбырай Алтынсарин

Адам бойындағы ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл.
Жүсіп Баласағұни

Күндіз - түні үнемі еңбек ету, мәңгілік оқу, оқуға әбден жаттығу, соншалықты өжет болу қажет... Ол үшін әрбір сағат өте қымбат.
Антон Чехов

Үйренер нәрсең — білім және ұғым.
Жүсіп Баласағұни

Оқысаң ғылым қорын білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.
Шәңгерей Бөкеев

Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек.
Ахмет Байтұрсынұлы

Оқу - білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.
Ғабит Мүсірепов

... біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді.
Қаныш Сәтбаев

Адам неғұрлым идеялық жағынан білімді болса, соғырлым өз ісінде табанды да мығым болмақ.
Петр Лесгафт

Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!
Мағжан Жұмабаев

Ғылым білімге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ.
Жүсіпбек Аймауытов

Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие.
Лев Толстой

Әлемдегі үздік білім — өмір үшін күресте беріледі.
Уэнделл Филлипс

Жер үстінде адам өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Жүсіп Баласағұни

Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халықтың еншісі.
Ғабит Мүсірепов

Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жігіттер күн болды ойланарлық...
Асыл сол ақыл, білім бойда барлық.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Білген адам білімді өмір бойы іздейді
Иүгінеки Ахмед

Ақыл мен білім бізге көбіне керек емес кезде келеді.
Габриэль Гарсиа Маркес

Əдеп - ол қоғамның құндылығы,
Білім - ол адамның құндылығы.

Біліктінің орны - төр.
Саиф Сараи

Білгенге - қиын емес кету байып.
Міржақып Дулатұлы

Жас мұраты, білім, тәлім — талабы...
Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы.
Ілияс Жансүгіров

Көп оқу – білім төресі.
Александр Пушкин

Білім - ердің дәулеті.
Саиф Сараи

Білім — теңіз, түбі де, шегі де жоқ.
Жүсіп Баласағұни

Білімдар жөнді біліп «бекін» дейді,
Ақылмен іс істеген өкінбейді.
Білмеген талай жұмыс істей жүріп,
Амал жоқ түбінде сол опық жейді.
Иүгінеки Ахмед

Білімдіге білімсіз тең бола алмас.
Иүгінеки Ахмед

Бақыттың жолын білім ашар.
Иүгінеки Ахмед

Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,
Білім білген әр істе шебер болмақ.
Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап -
Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ.

Білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар.
Махмұд Қашқари

Білімді кісі керекті сөзді ғана айтады.
Иүгінеки Ахмед

Біліксіз білмей де сөйлей береді.
Иүгінеки Ахмед

Білікті біліп айтар.
Иүгінеки Ахмед

Кедейдің кертіп жер малы - білім.
Иүгінеки Ахмед

Жарлының жалғыз байлығы - білім.
Иүгінеки Ахмед

Білімсізге білікті сөз де парықсыз көрінеді.
Иүгінеки Ахмед

Білім беру саласында "ар білімі" деген білім оқытылуға тиіс деп ойлаймын.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ.
Нұрсұлтан Назарбаев

Білім қонбайтын үш адам болады:
Біріншісі – Тәкәппар адам,
Екіншісі – Ұялшақ адам,
Үшіншісі – Жалқау адам

Қайткенде де ақылыңа көбірек азық бере жүруге тырыс.
Лев Толстой

Біліммен қаруланған адам – жеңімпаз адам.
Максим Горький

Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,
Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл.
Құр жасы елулерге келсе - дағы,
Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiл
Абай Құнанбайұлы

Қарулы күштерге кетіп жатқан миллиардтаған қаржының тым құрыса бір бөлігі білімге жұмсалғанда, болашағымыз бұлыңғыр болмас еді.
Сергей Капица

Өмірдің қуанышы көп алуыңда емес, басқаларға көп беруіңде, білім мен тәжірибеңді халыққа таратуыңда.
Бауыржан Момышұлы

Өнер - білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Жүсіп Баласағұни

Мектеп - кеме, білім - теңіз.
Қасым Аманжолов

Мен көп нәрсені білмейтінімді білемін, алайда басқалар мұны да білмейді.
Сократ

Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден - бір көзі.
Василий Сухомлинский

Ақыл керек білім таңдап оларға,
Білім керек жақсы іске қарауға.
Жүсіп Баласағұни

Ақыл - білімге бастар жол.
Құтып

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Абай Құнанбайұлы

Әзіз тірлік - білімдіде.
Жүсіп Баласағұни

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де - бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!
Абай Құнанбайұлы

Ғылымды көбінесе біліммен шатастырады. Бұл – үлкен ағаттық. Ғылым дегеніміз білім ғана емес, сонымен бірге саналылық та, яғни сол алған білімді дұрыс қолдана білу.
Василий Ключевский

Жастардың бүгінгі міндеті — оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Жастар бүгін сөзден іске көшетін заман. Білімсіз істің реті болмайды. Сондықтан, жастардың жалпы назары мектепке аударылуы керек.
Ғани Мұратбаев

Білімдеріңізді толықтырмаған әр күн – сіз үшін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз.
Константин Станиславский

Білімді адам біліп іс қылады, біліп істеген іс өкінішсіз болады.
Иүгінеки Ахмед

Білімдінің сөзі — ем,
Мейірімі көп, өзі кең!
Мағжан Жұмабаев

Тіл – көңілдің ашқышы,
Көңіл – жарық, жан – қия.
Білім – бақыттың басқышы,
Қараңғыда жол қия.
Ғұмар Қараш

Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады.
Халел Досмұхамедұлы

Жалпы өнер білімнің ішіне ана тілі болуы да кіреді һәм мұның керісінше ана тілі болудан ұлттың білім өнері табылады. Ана тілін білмей тұрып, ешбір білім өнерді таратуға мүмкін емес.
Ғұмар Қараш
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, туған жер, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету