Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ақыл туралы ұлағатты сөздер

Әйел ақылынан артық түсініксіз ештеңе болмас. Оларды бір нәрсеге көндіру мүмкін емес. Сондықтан да, оларды өзін - өздеріне көндіру керек. Олардың сөйлеу тілін үйрену үшін мектеп қабырғасында қалыптасқан логиканың барлығын төңкеру керек.
Михаил Лермонтов

Ар ақылдан сенімдірек.
Михаил Лермонтов

Шенеуніктің орнына еріксіз байланған данышпан не өлуі не ақылдан айрылу мүмкін.
Михаил Лермонтов

Адамның ең ұлы көркі - оның ақылы деп санаймын.
Мұхтар Әуезов

Білімдімен дос бол,
Сасқанда ақыл береді.
Мөңке би

Керенау ақылда әзілге орын жоқ.
Уильям Шекспир

Ақша қажет болса бөтен адамдардан сұра, ақыл керек болса досыңмен сырлас, ал саған ештеңе қажет болмаса туыстарыңа бар.
Марк Твен

Ақылыңа азықты көп беруге тырыс.
Лев Толстой

Сүйкімді асты қабылдаудың еш жағымды әсер болмайтыны тәрізді, ынтасыз, зердесіз білім қабылдауда ақыл ойды тоздырады, айтылған ақпараттар бойға сіңбейді, жақсы тәрбиелі ұрпақ қалыптаспайды.
Леонардо да Винчи

Планетадағы әр адам өз ақылымен ойланып, өзгенің пікірінен тәуелсіз шешім шығара білуі керек.
Цицерон

Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет - ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой.
Федор Достоевский

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген - ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген - дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.
Әйтеке би

Ақылсыз достан,
Ақылды дұшпан артық.
Шалкиіз Тіленшіұлы

Ақыл — адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.
Мұхтар Әуезов

Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.
Абай Құнанбайұлы

Жұрттың бәрі ұмытшақпын деп зар илегенде жақсы, ал ақылының аздығына арыз айтқандарды кездестірген жоқпыз.
Франсуа де Ларошфуко

Сөйлеуді үйренгенің - өскенің. Үндемеуді үйренгенің - ақылыңның кіргені.
Бернард Шоу

Ақыл да ойлағанды ұнатады. Ойланып-толғанған адамға ғана ақыл дұрыс жол көрсетеді.
Бауыржан Момышұлы

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбайұлы

Аз да болса өз ақылың болсын
Максим Горький

Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
Абай Құнанбайұлы

Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей.
Лев Толстой

Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.
Абай Құнанбайұлы

Адамның сәні - өнер, білім, ақылы.
Жетес шешен

Адам бойындағы ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл.
Жүсіп Баласағұни

Қару деме қылышты,
Шапқанда сүйек қаппаса.
Ақылды деме — туысты,
Сасқанда ақыл таппаса.

Ақымақ шаппамен бауыздар,
Ақылды мақтамен бауыздар.

Ата-ананың ақылы— қазулы қара жолмен тең.
Дулат Бабатайұлы

Бақ көшсе ақылыңа қарамайды.
Шал Құлекеұлы
Адам көркі – ақыл.
Мұхтар Әуезов

Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық.
Төле би Әлібекұлы

Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз.
Ыбырай Алтынсарин

Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң - саған ақыл не керек?!
Әлихан Бөкейханов

Зерек ақыл - суық мұз.
Абай Құнанбайұлы

Ақылды әйел ерінің атын шығарады.
Базар Оңдасұлы

Ақылмен кеңескеннен кейін ең сорақысы адамдармен достасу мүмкін емес екенін түсінесің.
Эрнест Хемингуэй

Табиғат әйелге былай дейді: қолыңнан келсе сұлу бол, қаласаң дана бол, ал саналы, ақылды болуға міндеттісің.
Пьер де Бомарше

Кейбір ғалымдардың бастары толы ми, ми толы ақыл. Әттең, со ақылды айта алар тіл жоқ.
Ғабит Мүсірепов

Ақылды адамға ең ауыр жаза - мақтай беру, мақтай беру
Ғабит Мүсірепов

Арлы, ақылды адам қиянат, зорлық жасамайды, өзімшілдік пен мақтанды сүймейді.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету