Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ халқының тәтті тағамдары

Еңбек пәні (10 - сынып)
Сабақ тақырыбы: «Қазақ халқының тәтті тағамдары»
Блум таксономиясы
Тапсырмалар жүйесі
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Ұйымдастыру түрі
Нәтижесі
Бағалау

Блум таксономиясы 6 кезеңнен тұрады. Олар: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Негізгі мақсаты оқушыны дамыта отырып білім беру. Яғни дамыта оқыту технологиясының түрі болып табылады. Мұнда оқыту төменнен жоғарыға бағытталады.
Сабақтың тақырыбы "Қазақ халқының тәтті тағамдары" Қай халықтың болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет - ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан өзгешелеу. Оның негізгісі: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді өңкей малдан алынатын өнім түрлері. Қазақтың ұлттық тағамдары десерттерінің бірі мыналар – жент, талқан, балқаймақ және тағы басқалары

1. Білу
Тәтті тағамдар неден жасалады?
Тәтті тағамдардың даярлану технологиясын білесің бе?
Қандай тәтті тағам түрлерін білесіңдер?
Жаңа сабаққа байланысты сұрақтар қойылады
Сабаққа байланысты сұрақтарға жауап береді. - Жеке жұмыс
- Диалогтік жұмыс
Қызығушылығын оятады,
Ойлау белсенділігін артады
Нормативтік бағалау болады.

2. Түсіну
Жент дегеніміз не?
Талқан дегеніміз не?
Балқаймақ дегеніміз не?
Оқушылардың жауаптарын тыңдайды, бақылау жасап, түсіндіреді.
Ізденеді, түсінеді, түсіндіреді
Оқушылардың диалогы, әңгімесі Танымдық белсенділігі дамиды
Формативтік бағалау болады.

3. Қолдану
Берілген заттардан талқан жасап үйренеміз
Бақылап, қадағалап, бағыт беріп отырады отырады.
Берілген бағыт бойынша жұмыс жасайды
Оқушылар жұмысты бірігіп жасайды
Біріге отырып нәтижеге жетеді
Формативтік бағалау болады.

4. Талдау
1. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол - жеңіл және сусындық тағам. /Айран./
2. Кез келген малдың етінен жасала береді, өкпе - бауыр қосып жасайды. Түрлері көп: соғым, өкпе - бауыр, қарын/ Қуырдақ./
3. Шай дастарханының басты асы. Ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Әр түрлі пішінде, үш - төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Түрлері көп. Мысалы: бармақ, жол, ақ, той т. б. /Бауырсақ./
4. Сүттен жасалған ұлттық тағам. Мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. /Құрт/
5. Аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам.. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік, мүйіз салып араластырады. /Жент/
6. Жылқы етiнiң деликатесi. Онша семiз емес салқындатылған жылқы етiнен не салқындатылған немесе мұздатылған майдан әзiрлейдi. /Шұжық/

Оқушылардың сұрақтарға қалай жауап бергендерін бақылайды және дұрыс талдауға бағыттайды
Сұрақтарға жауап береді, ойланады, ізденеді.
Оқушылар өз ойымен тапсырмаға жауап беріп, ізденеді, орындайды.
Логикалық ойлау қабілеттері арта түседі Формативтік бағалау болады.

5. Жинақтау
«Қазақ халқының десерттік тәтті тағамдары» атты эссе жазу
Эссе тақырыбын беріп, бүгінгі сабақты қорытындылайды
Әр оқушы бүгінгі жаңа сабаққа байланысты ойларын қорытындылап эссе жазады.
Оқушылардың жеке жұмысы Шығармашылық қабілетін дамыту және өз ойын қорытындылай алуға үйрету
Бір - бірін бағалайды.

6. Бағалау
1. Сабақтан не алдым?
2. Тағы не білгім келеді?
3. Менің сұрағым?
Бағалайды
Оқушылардың өзін - өзі бағалауы
Бірлескен бағалау
Өзін - өзі және бір - бірін бағалап үйренуі
Мұғалім қорытындылап, бағалайды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Физикалық кафе

Физикалық кафе

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі: біздің кафеге қош келдіңіздер! (ағылшын тілінде түгендеу, күн жады, көңіл күйлерін сұрау) 2. Ой қозғау...
Қазақ халқының десерттік тәтті тағамдары

Қазақ халқының десерттік тәтті тағамдары

Қай халықтың болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет - ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі...
Менің сүйікті тағамым

Менің сүйікті тағамым

Сабақтың мақсаты: Жаңа сөздермен таныстыра отырып сөйлем құрап, сұраққа жауап беру арқылы тілдерін дамыту. Жаңа сөздерді есте сақтауға жағдай туғызу....
Қазақтың ұлттық дастарқаны

Қазақтың ұлттық дастарқаны

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың...
Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақтың ұлттық тағамдары

Сабақтың мақсаты: Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×