Сайтқа кіру Тіркелу

Жеңді модельдеу

Жеңді модельдеу (9 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Жеңдерді модельдеу әдістерімен таныстыру, таңдап алған жең фасонын модельдеуге үйрету; тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамасыз ету.
Дамытушылық: модельдеу саласында алған білімдерін дамыту, жұмыс істеу әдіс - дағдыларын дамыту; қиялындағы фасонды қағаз бетіне сурет қып түсіре білуге, қиялдай білуге үйрету.
Тәрбиелік: жұмыс тәртібін сақтау; еңбекті бағалауға үйрету; еңбек және тұрмыс гигиенасы ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу; өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: оқулық, модельдеу бойынша кестелер, дәптер, жеңдердің 1: 4 масштабындағы бөлшек қима үлгілері, сызғыш, пішу үшін қажет сызба, қалам, түрлі түсті қағаз, қайшы.
Техникалық құралдар.
«Технология» оқулық 8 сынып
1. «Технология» оқыту әдістемесі 8 сынып
2. «Технология» дидактикалық материалдар 8 сынып
3. «Мектептегі технология» әдістемелік журнал 11. 2010ж
4. «Шаңырақ» энциклопедиясы.
Сабақ жоспары:
: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу
ІV Жаңа сабақты түсіндіру.
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Сарамандық жұмыс
VІІ. Қорытынды
VIII. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
б) сабаққа даярлығын байқау;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Киімді модельдеу – бұл эскиз бойынша жасалған бұйымның үлгісі. Киімді модельдеумен суретші - модельер айналысады. Модельер адамның денебітімін, оның пропорциялары мен пластикаларын, сондай - ақ костюмнің бөлек бөлшектерінің үйлесімдік заңдары мен ережелерін, пішім сызықтарын, әрлеуді білуі керек. Қосымшалар мен безендірулерді, сондай - ақ тігін ісінің технологиясын жақсы ажырата алуы қажет.
Оқулықтағы кестені талдау.
Сарамандық жұмыс - 11
Кеуде бүкпесін жең түбіне ауыстыру
Кеуде бүкпесін мойындыққа ауыстыру
Кеуде бүкпесін жең түбіне ауыстыру
Үйде оқушы кеуде бүкпесі ауыстырылған модельдердің бірін үйде орындау керек болатын.

Кім жылдам?
1. Модельдеудің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Модельдеу дегеніміз не?
3. Бүкпенің жаңа бағыттарын қалай белгілейді?
4. Көркемдік модельдеумен кім айналысады
Оқушылар сұрақтарға жауап беруі қажет

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Интерактивті тақтада жең суреттерін жасырып, бетіне суреттер қоямын. Әр сұраққа жауап берген сайын жең суреттері ашылады.

ІV. Жаңа сабақты түсіндір
Жең тарихы.
Ежелгі египеттік, парсылық Ассириялықтарда жең болмаған.
Бұл сән үлгісі алғаш рет Византиялықтардан келді.
ХІІ ғасырдан бастап Еуропада қондырма жең кең қолданыла бастады.
Ренессанс дәуірінде тілікті және бүрмелі жеңдер кеңірек қолданыста болды.
ХV - XVI ғасырда алып - салынбалы жеңдер бүрмеленіп, қымбат әшекейлермен сәнделді
XVII ғасырдың соңында жеңнің жоғарғы бөлігі жіңішке, төменгі бөлігі кең, жалпақ қайырмалы манжетпен өңделген.
XIX ғасырдың 20 - шы жылдарында жеңдер өзгеріске енді.
Түзу ұзын жеңнің сызбасы
Жеңге қажетті өлшемдер
Жеңнің негізгі түрлері.
Реглан жең
Қондырма жең
Тұтас пішілген жең
Құрастырылған
Пішіміне қарай жеңнің түрлері.
Қондырма жең
Реглан жең
Тұтас пішілген
Қондырма жең түрлері

5. Сабақты бекіту.
Графикалық диктант
1. Жең үлгісі ең алғаш рет Ресейден келген.
2. Кеуде бүкпесін орнын ауыстыру арқылы жаңа модельдер алуға болады.
3. Жұ, Иа, Ба өлшемдерін алдыңғы бой сызбасын сызғанда пайдаланамыз.
4. Модельдеудің үш түрі бар.
5. Пішіміне қарай жең 4 - ке бөлінеді
6. Жең аузы тар жеңді “қанатша” деп атаймыз.
7. Техникалық модельдеу дегеніміз - эскизден, суреттен модельдеу
8. Жеңнің негізгі сызбасын сызғанда ЖБа, ЖКа өлшемдері қажет.
9. Жеңнің түрлеріне “Жапырақша”, “Қанатша”, “Сопақша”. жатады.
10. Тілігі бар жеңдер ең алғаш Реннесанс дәуірінде

6. Сарамандық жұмыс.
Қазір сендер өздеріңді суретші – модельер сезініп, жең моделін жасайсыңдар.
Құрал - саймандар және материалдар: жұмыс қорапшасы, сызғыш, бұрыштама, лекало, қаламдар ҚЖ - 2Ж, өшіргіш, желім, қайшы, жең пішімі.

Тапсырма. Жоспар бойынша сызбаға эскизге сәйкес модельдік өзгерістер енгізу:
1. Түрлі түсті қағазда жең пішімін сызу.
2. Контур бойынша қырқып алу.
Оқушылар жасалған сызбалар базасында маусымдық сән үрдестеріне сәйкес модельдеу дағдыларын жетілдіреді. Түрлі киім модельдерін (сән журналдарын), маталарды, киімге арналған фурнитураларды пайдалана отырып, сәндегі бағыттарды көрсетеді. Киімнің дамуы өндірістің, техниканың дамуымен, қоғамның әлеуметтік жағдайымен байланысты екендігін атап айту. Мойындық ойығының, кеуде пішімінің, жең және т. б. пішіндерін қалай өзгертуге болатынын түсіндіру және көрсету.
Киімді модельдеудегі үш негізгі принципі
1. Киімнің адамның сыртқы және ішкі кескініне сәйкес болуы;
2. Арнаулы киімдердің мақсатқа сай, қолдануға ыңғайлы болуы
3. Киімнің қолданылатын аясына, түріне пайдаланылатын материалдың сәйкес болуы.

7. Үйге тапсырма.
1. Сән журналынан жаңаша үлгідегі 3 жеңнің эскизін салып, сипаттама беру.
2. Техникалық лекалосын жасау.

Қызылорда қаласы, №112 орта мектеп
Технология пәнінің мұғалімі
Баймаханова Алтынай Булатбековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Модель және модельдеу

Модель және модельдеу

Оқушылардың қоршаған ортадағы модель түрлерін анықтай білу қабілеттерін дамыту. Топта жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс...
Модельдеу. Модель түрлері

Модельдеу. Модель түрлері

Модель дегеніміз нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе...
Алжапқышты модельдеу

Алжапқышты модельдеу

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға алжапқышты модельдеуде бұйым пішінін өзгертудің әдіс - тәсілдерін меңгерту; 2. Дамытушылық: Оқушылардың...
Сарамандық жұмыс: жең қондыру

Сарамандық жұмыс: жең қондыру

Сабақтың мақсаты. Білімділік: оқушыларды қатаң технологиялық жүйелікпен, техникалық жағдайларды сақтай отырып, жеңді өңдеуге және оларды қолтық...
Модель түрлері

Модель түрлері

Сабақтың мақсаты: 1. Модель түрлерімен таныстыра отырып, теориялық білімді практикада ұштастыру 2. Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×