Сайтқа кіру Тіркелу

Фоамиранан гүл жасау әдісі

Психологиялық дайындық. менің көршім ойыны Оқушылар қасындағы көршілері туралы жақсы сөздер айтады.
Тұсаукесер: Жұмбақ шешу
Көрік берер бөлмеге,
Хош иісін сыйлайды.
Туған күн кештерінде,
Сыйлыққа да сыйлайды.

Осы гүлдің отаны –
Қазақтың кең даласы
Көктемде дала құлпырып
Қып - қызыл болар қарашы.
Кенелтіп жүр пайдаға
Голландияда көшетті.(қызғалдақ)

Жапырағын ұстасаң,
Асты суық,
Жылы үсті,
Дәрі жасар бұл гүлден,
Емдер күйік, тынысты (түймедақ)
Ой қозғау Гүл туралы не білеміз

Негізгі бөлім Қызығушылығын ояту.
Ерте заманда жер бетінде қатал қыс ұзақ аялдап, қақаған аяз кетпей тұрып алады. Сол заманда тау бөктерінде орналасқан жертөледе бір шағын отбасы өмір сүріпті. Отағасы жанұясын асырау үшін жұмыс іздеп жер дүниені шарлап кетеді. Әйелі мен екі перзенті оны күтумен болады. Күндердің күнінде қаңтар айының аяғында ұл бала қатты науқастанып қалады. Әбден шарасы таусылған ана тәуіптің көмегіне жүгінген екен. Тәуіп әйел оның кеселінің себебін анықтайды. Ол сәбиді емдеу үшін жаңа өсіп тұрған гүлдер мен жапырақтар керек екендігін мәлімдейді. Анасы мен бауырының қайғысына шыдай алмаған әпкесі емшіге керекті өсімдіктерді іздеп жолға шығады. Қараса, айналаның бәрі мұзбен шырмалып, қалың қармен көмкерілген. Бойжеткеннің бойын үрей билеп алады да, не істерін білмей, отыра қалып, қатты жылайды да, Құдайға жалбарына бастайды. Жүректен шыққан ыстық жастар қарды тесіп, жердің түбіне жетеді де, нәзік гүлдерді - бәйшешектерді оятады. Олар қардың қалың қабатын тесіп, өздеріне жол салып, ақырында жер бетіне шыға келеді. Қыздың жасы тамған жерлердің бәрі әдемі ақ гүлдермен әрленеді. Сұлу бойжеткен оларды теріп алып, үйіне алып барады да, інісі аман қалады. Содан бері бәйшешек - үкілі үміттің нышаны саналатын болған екен.
Жаңа ақпарат Гүл әсемдік символы. гүл арқылы біз өзіміздің көңіл күйімізді көтереміз және бір - бірімізге қуаныш сыйлаймыз.

Раушан – гүлдердің патшайымы. Жалынды махаббат пен тәжім етудің, сүйкімділіктің нышаны. Раушан бағзы замандардан - ақ ең сәнді өсімдік саналып келген. Аталған гүлдің әдемілігі жағынан да, түсінің байлығы жағынан да, мұрныңызды жарардай хош иісті. Конфуцийдің еңбектеріне сүйенер болсақ, ежелгі Қытайдың патшалық кітапханасында раушан туралы 600 кітап болған екен. Және сол кездің өзінде қытайлықтар раушан майын дайындау тәсілін жетік білген. Б. з. д. 372 - 287 жылдары өмір сүрген Теофраст раушан гүлдің жабайы және бақта өсетін түрлерін ажыратып берген. Ал, көненің көзі саналатын Алтай қорғандарынан (б. з. д. V – IV ғ. ғ.) раушандар бейнеленген күміс тиындар табылған.
Біз бүгінгі сабағымызда осы гүл түрлерін өз қолымыздан жасауға үйренеміз. Жалпы гүл жасауда әр түрлі материалдар кеңінен қолданылады. Мысалы: таспа, қағаз фетр, фоамиран. т. б Біз бүгін фоамираннан гүл жасау әдісін үйренеміз. Фоамиран бұл жұмсақ беті тегіс синтетикалық материал. Ол қазіргі уақытта сұранысқа ие материалдың бірі Оны қол өнерде кеңінен пайдаланып келеді.

Шығармашылық жұмыс. ҚЕ таныстыру Фоамираннан гүл жасау.
Технологиялық карта. Визуалды айғақтар
І топ Раушан гүлі
ІІ топ Түймедақ гүлі
Оқушылар Топта технологиялық карта көмегімен гүл жасап үйренеді.
Критерийлер бойынша жұмыс нәтижесін өзара бағалайды.
Қорытынды. Рефлексия
Білдім
Түсіндім
Қолданам
Оқушылар Өз білімдерімен жұмыс нәтижесін қорытындылап кері байланыс жасайды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×