Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақтың ұлттық ою - өрнегі. Ою - өрнекті қиып, жапсыру

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ою - өрнек өнері бойынша білімдерін тереңдету, қазақтың ұлттық ою - өрнек өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру. Дамытушылық: теориялық білімдерін жетілдіру, сарамандық жұмыс арқылы білімдерін көрсету.
Тәрбиелік: әсемділікке, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, ой - өрісін дамыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың көрнекілігі: оқулық, буклет, сұрақ жауап, мақал мәтел, нұсқау карта.
Пән аралық байланыс: сызу, бейнелеу, әдебиет, геометрия, тарих.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме? Қанеки балалар біз алға шығып, сыйлы қонақтарымызға сәлем беріп, бір - бірімізге жақсы тілектер айтамыз. Мұғалім: мен сендерге сәттілік тілеймін оқушылар бір біріне тілек айтады.
Сонымен балалар біз бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын Әл Фарабидің қағидалы сөзі «Тәрбие жоқ жерде білім болмайды» яғни оқу мен тәрбие егіз дегенді есімізге түсірейік. Сондықтан біз мәдениеттілік пен адамгершілікті естен шығармауымыз керек. Біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Ою - өрнекті қиып жапсыру» Ою - өрнек тұрмыстық бұйымдарда, үй жиһаздарында, киім - кешек т. б бұйымдарда қолданылады 1. Слайд (Ұлттық бұйым түрлері) Әр сұрақ бойынша фишка беріліп отырады.
Үй тапсырмасы: 1. Ою - өрнек дегеніміз не? Ою - өрнек – белгілі тәртіптегі элементтерден құралған өрнек. 2. Слайд. Ою - өрнек неше топқа бөлінеді? төрт топқа бөлінеді. (Жануар тектес, өсімдік тектес, ғарыштық, геометриялық) Енді бүгінгі сайыс сабағымыздың шарттарымен таныстырып өтейін. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Оқушылар екі топқа бөлінеміз.(екі түрлі ою арқылы топқа бөлу)
1 – топ «Шебер қолдар» 2 – топ «Өнерлі қыздар»
1 – кезең «Атымда ізгі сырым бар» таныстыру
2 – кезең «Кім білгір» сұрақ жауап
3 – кезең «Ойлы болсаң озып көр» әр топ берілген оюдың жасалу жолын айтып көрсету
Сергіту сәті би «Қара жорға»
4 – кезең «Ою ойғанның ойы ұшқыр» үлгі бойынша ою сызып қию жапсыру
5 – кезең «Өлеңшінің сөзі алтын» ою өрнекке байланысты өлең оқу
6 – кезең «Сұрақ бізден жауап сізден» қорытындылау сұрағы

3 - слайд
1.«Атымда ізгі сырым бар»
«Шебер қолдар» Шебер біздің атамыз,
Шебер біздің әжеміз.
Шебер болған бабамызда,
Бізде шебер боламыз.
«Өнерлі қыздар» Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Өнер білім шыңында,
Құрметтейміз ата салтын.
4 - слайд
2.«Кім білгір»
1. Композиция дегеніміз не? Ою өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру деген сөз.
2. Симметрия дегеніміз не? Симметрия ол ою өрнектің екі жағының бірдей болуы.
3. Ырғақ дегеніміз не? Ырғақ ою өрнектерде бір элементтің қайталанып отыруын айтады.
4. Оюлар өлеңін кім жазды? (Ф. Оңғарсынова)
5. Қазақ ұлттық ою өрнектерінің бастапқы элементтерін қай дәуірде салды?
Қазақ ұлттық ою өрнектерін тас дәуірінде салды.

5 - слайд
3. «Ойлы болсаң озып көр» әр топ берілген оюдың жасалу жолын көрсету
6 – слайд Сергіту сәті: би (Қара жорға)
Қауіпсіздік ережесі; 1. Қайшымен жұмыс жасау ережесі: (қайшыны ашық тастамау, бір бірімізге тұтқыл жағымен ұсыну, жоғары қаратып ұстамау арнайы қорапта сақтау)
2. Клеймен жұмыс жасау ережесі: (желімді ашық тастамау, таза ұқыпты жұмыс жасау)
7 - слайд 4. «Ою ойғанның ойы ұшқыр»
Берілген үлгі бойынша оюды сызып қию матаға жапсыру.
5. «Өлеңшінің сөзі алтын» (өлеңмен жарысу)
9 - слайд
6.«Сұрақ бізден жауап сізден» бес түрлі ою беріледі. (оқушылар плакатқа атын тауып орындайды)
Бағалау: фишкаларды санау арқылы
10 - слайд
Үй тапсырмасы: Оюға таспа бастырып тігу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ою – өрнек түрлері және дайындау реттілігі

Ою – өрнек түрлері және дайындау реттілігі

Мақсаты: 1. Ою – өрнектің түрлерімен таныстырып, оның бүктеу және қию әдістерін үйрету; 2. Оқушыларды халқымыздың салт – дәстүріне, қолөнеріне терең...
Қазақ ою - өрнегін ою әдістері

Қазақ ою - өрнегін ою әдістері

Әлжанов Боранбай Сағиұлы Білімі: Жоғары, К. Жұбанов ат. Ақтөбе МУ 1998 ж Мамандығы: Еңбек және сызу пәні мұғалімі Жұмыс орны: №77 орта мектеп...
Оюы көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп

Оюы көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп

ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы Крупская атындағы орта мектеп-балабақшасының технология пәнінің мұғалімі Саябаева Гүлғайша Жакеновна Сабақтың...
Ұлттық ою - өрнектермен жұмыс жасау

Ұлттық ою - өрнектермен жұмыс жасау

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп еңбек пәнінің мұғалімі Агибай Жанагуль Абдихалымқызы...
Аққу оюын дайындау

Аққу оюын дайындау

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп еңбек пәнінің мұғалімі Агибай Жанагуль Абдихалымқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×