Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қауіпсіздік ережелері (технология пәні бойынша)

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қол инесімен жұмыс:
1. Үнемі арнаулы қобдишада сақтау керек.
2. Инені киімге қыстыруға болмайды.
3. Тігіс кезінде ине жібін тіспен үзуге болмайды.
4. Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс.
5. Инені тістеп отыруға болмайды.
6. Инемен ойнап отыруға болмайды
7. Инені пердеге көйлекке қыстырып кетуге болмайды.
Қайшымен жұмыс:
1. Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.
2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме.
3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
4. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде көңілін бөлуге болмайды
5. Қайшының ұшын жоғары көтерме
6. Қайшылар өткір болуы керек және жабық сақталғаны жөн.
Үтікпен жұмыс:
1. Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген желінген жерлерін тексеру керек
2. Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек
3. Үтікті тек тұтқасынан ұстаған дұрыс.
4. Үтікті арнайы тіреуішке тіреу керек
5. Үтікті тек мұғалімдердің рұқсатымен токқа қосуға болады
6. Ылғал қолмен токқа қосылған үтікті ұстауға болмайды.
Тігін машинасы:
1. Машинаның айналатын бөлшектеріне шам ілініп кетпеуі үшін шашыңды жинақы ұстау немесе басты орамалмен байлап алу керек
2. Тігу кезінде матаны қолмен тартуға болмайды ине сынып кетуі мүмкін
3. Жұмыс кезінде машина табанының астында бөгде заттар қайшы, оймақ және т. б. болмауы керек
4. Тігін машинасында жұмыс істеу кезінде қозғалыстағы бөлшектерге жақын еңкеюге болмайды
5. Тігу барысында жарық алдыңнан немесе сол жағыңнан түсуі керек
6. Тігін тігушімен машинаның арақашықтығы 10 - 15 см болуы керек
7. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек
8. Тетікті орнатқан кезде аяқты табанға басып тұруға болмайды
9. Машинаның инесіне жіпті өткізгенде аяғыңды табаннан алып тастау керек
10. Машина табанының астына матаны бекітпей оны оралған жібімен жүріске жіберуге болмайды

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету