Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Геометриялық денелердің проекциясын түсіру

Геометриялық денелердің проекциясын түсіру.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік мақсаты: геометриялық денелер тобын кескіндеп, олардың проекциясын түсіруге, логикалық ойлауға қалыптастыру
ә) дамытушылық мақсаты: геометриялық денелермен таныстыра отырып, оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік мақсаты: мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тазалыққа, ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеберсыздар және геометриялық денелер.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақтарды қайталау арқылы геометриялық денелерге талдау жасау.
Геометриялық денелер дегеніміз - кеңестік жазық немесе қисық беттері мен шектелген тұйықталған бөлігі бар.
Барлық геометриялық денелерді екі топқа жатқызуға болады. Көп жақтылар тобына текше, призма, пирамида жатады, айналу денелер тобына цилиндр, конус, шар.
Призма дегеніміз - табандары деп аталатын екі жағы параллель және тең көп бұрыштар, ал қалған бүйір жақтары параллелограмдар болатын көп жақты призма деп аталады.
Пирамида дегеніміз - табаны деп аталатын көп бұрыш пен бүйір жақтары деп аталатын үшбұрыштар мен шектелген көп жақты пирамида деп аталады.
Цилиндр дегеніміз - математика курсында цилиндрлерді тік төрт бұрыш өзінің бір қабырғасынан айналдырғанда шығатын айналу денесі деп түсіндіріледі.
Конус дегеніміз - тікбұрышты үшбұрышты катеттерінің біреуіне айналдырғанда шығатын айналу денесін конус дейді.
Шар дегеніміз - дөңгелекті диаметрлерінің біреуінен айналдырғанда пайда болатын денені шар дейміз.
Проекция деп жазықтықта, қағазда, экранда, дәптерде, нәрсенің кескінін салу процесін айтады.
латын сөзі, аударғанда, деген мағынаны береді.
Нәрсенің берілген негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші көрінісін салу сызу пәнінің басты есептерінің бірі. Осындай есептер шығару негізінен оқушылардың кеңістікте елестету қабілетін дамытуға әсерін тигізеді.
Берілген екі көрінісі бойынша үшінші көріністі тұрғызу үшін нәрсенің кеңістіктегі пішіні көз алдымызға елестетіп, түсініп алуымыз керек. Сызбаларды дұрыс орындай және оқи алу үшін ондағы берілген екі кескіні (бас көрінісі мен үстіңгі көрінісі) бойынша нәрсенің үшінші кескінін яғни сол жақ көрінісін салу, құру керек. Ең алдымен, кескінделген нәрсенің бетінің жекеленген бөліктерінің пішінін анықтап аламыз. сонан соң берілген екі кесіндіні бірдей қарастырған дұрыс. бұл жағдайда қандай беттердің жиірек кездесетін кескіндерге назар аудару керек. Нәрсенің жекелеген бөліктерінің пішінін анықтап алғаннан кейін олардың сол жақ көрінісін және бүкіл нәрсені бүтіндей ойша көзге елестету керек. Үшінші көріністі салу үшін сызбаның қандай сызықтарын, нәрсе кескінінің өлшемдерін өлшеп салу үшін базалық сызықтар ретінде алу керектігін анықтап аламыз. Бас көрінісі мен үстіңгі көрінісі берілген нәрсенің сол жақ көрінісін салуды қарастырайық. Бұл жағдайда нәрсенің үшінші проекциясын салу тек оқу міндеті болып табылады.
Екі көріністі салыстыра отырып, нәрсенің беті төрт бұрышты призманың беттерін қамтитынын тағайындадық. нәрсенің фронталь симметрия жазықтығы бар, оны сол жақ көріністі салу барысында нәрсенің жекелеген бөліктерінің ені бойынша өлшемдерін өлшеп салудың базасы ретінде алған қолайлы.
Нәрсенің жекеленген бөліктерінің биіктігі оның табанынан бастап өлшеп салынады және ол горизонталь байланыс сызықтар арқылы бақыланады.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Айналу денелерінің проекциялары

Айналу денелерінің проекциялары

Білімділік: Айналу денелері туралы мәлімет беру, Конус, шар, цилиндрмен таныстыру Дамытушылық: сызбаларды оқу, орындау үшін оқушы білімін дамыту...
Проекциялау түрлері, олардың қасиеттері

Проекциялау түрлері, олардың қасиеттері

Проекциялау деп жазықтықта (қағазда, экранда, дәптерде) нәрсенің кескінін салу процесін айтады. Бұл жағдайда алынған кескінді проекция...
Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу (фронталь диметриялық жә ...

Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу (фронталь диметриялық жә ...

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушылардың білімін қалыптастырып қана қоймай, оларға тың мәліметтер беру. ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту,...
Геометриялық денелерді жазықтықпен қию

Геометриялық денелерді жазықтықпен қию

Ақтөбе облысы, Темір ауданы Бабатай орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнә мұғалімі Мамбетқұлова Жанат Талғатқызы...
Геометриялық денелер тобының проекциялары

Геометриялық денелер тобының проекциялары

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ ОЖББМ - ің бейнелеу, сызу, технология пәнінің мұғалімі Қошқарбаев Мәлік Файзоллаұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету