Сайтқа кіру Тіркелу

Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылы,
«Өкпеті» орта мектебінің технология пәні мұғалімі
Башахов Болат Орынғазыұлы

Сабақтың тақырыбы: Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды экономикалық негізгі ұғымдармен таныстыру және өмірде пайдалана білуге үйрету,
2. Әр түрлі кәсіпкерлікті ұйымдастыра білу, ұжыммен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
3. Өзіндік ізденуге, іскерлікке, шеберлікке, тапқырлыққа, үнемділікке, өзара жолдастық көмекке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың типі: қорытынды сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қолөнер көрмесі.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушыларды 2 топқа бөлу, 1 - топ «Барқытбел» туристік фирмасы, 2 - топ жарнамалау
агенттігі.
-«Барқытбел» туристік компаниясының ұйымдастырушылары:
1. Кәсіпорын президенті.
2. Кәсіпорын маркетинг саласын басқарушы.
3. Кәсіпорын менеджері.
4. Кәсіпорын вице - преиденті.
- Жарнамалау агенттігінен қатысушылар:
1. Жарнама агентігінің атқарушы директоры.
2. Жарнама агенттігінің менеджері.
- Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы

II. Үй тапсырмасы
1 - тапсырма. Мына берілген мамандықтарды 5 типке бөліңдер.
Мамандық түрлері:
Агроном, жүргізуші, токарь, дәрігер, шахтер, сатушы, мұғалім, жолсерік, программист, суретші, кассир, дизайнер, инженер, шаштараз - стилист, банкир, бухалтер, журналист, бағбан, фотограф, зоотехник, құрлысшы, прокурор, монтер, фермер, стюардесса, радио - механик, омарташы, аудармашы
1. Адам - табиғат -
2. Адам - техника:-
3. Адам - адам:-
4. Адам - белгілер жүйесі -
5. Адам - Көркем бейне:-
2 - тапсырма. Мына қасиет түрлерін мамандық түрлеріне сәйкестендір.
Мамандықтар: ---------Қасиеттер:
Жүргізуші -----------Әділдік
Программист --------Мейірімділік
Аспаз -----------Есте сақтау
Жаттықтырушы ---------Қырағылық
Дәрігер ------------Дарындылық
Мұғалім-------------- Шығармашылық
Журналист -------------Көру
Заң қызыметкері -----------Иіс сезу
Музыкант -------------Шыдамдылық
Фотограф -----------Табандылық
Бухалтер -------------Талапшылдық
Күзетші ----------Тапқырлық

3 - тапсырма. Тест
1. Жер бетінде қанша мамандық түрлері бар?
а) 30000 б) 32000 в) 34000;
2. Мамандықтар неше типке бөлінеді?
а) 2; б) 3; в) 5;
3. Мамандық таңдауда адам өз бойында қандай қасиеттерді жетілдіруі керек?
а) тәрбиелік; б) шешім қабылдағыш; в) барлығы дұрыс;
4. Мамандық меңгерген адамды қалай айтады?
а) маман; б) мамандық; в) кәсіпкер;
5. Мұғалім, дәрігер, тәрбиеші қандай типке жатады?
а) Адам - Техника; б) Адам - Адам; в) Адам - Белгілер жүйесі;
6. Адам - Табиғатқа жататын мамандық түрі?
а) ұста;; б) тігінші; в) агроном;
7. Ұстамдылық қандай кәсіп иесіне қажет?
а) суретші; б) сатушы; в) музыкант;
8. Малшыға қандай талап қойылады?
а) шебер; б) күш иесі; в) шыдамды
9. Келісім сауда және биржалық келісім жасағанда арада жүретін адам.
а) дилер; б) маклер; в) брокер;
10. Мамандық таңдауда қандай әдеттерден аулақ болу керек?
а) үстірт қарау; б) әлсіздік; в) бәрі дұрыс;

III. Жаңа сабақ
– Оқушылар, біз бүгін шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру тәсілдерімен, бизнес бастамасымен танысамыз. Бизнес - ағылшын тілінен аударғанда кәсіпкерлік, сауда - саттық деген сөз. Бизнес пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі, жеке кәсіпкердің немесе фирманың іскерлік қызметі. Бизнес адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандайда болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдық, рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге мүмкіндік береді. Бизнесті ұйымдастырудың мынадай үш түрі бар.
1. Жеке басты иелік.
2. Серіктестік.
3. Корпорация.
1. Жеке басты иеліктің иесі - бір кісі немесе бір отбасы. Бұл кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым жэне арзан түрі.

2. Серіктестік - кәсіпкерліктің бұл түрінің екі немесе бірнеше ортақтас иелері болады. Бірнеше кісінің серіктес болуы қосымша қаржы көздерін ашады. Серіктес кісілердің әрқайсысы ортақ іске өз идеяларын жэне таланттарын салады.

3. Корпорация - ашылғанда тіркелуі туралы ресми құжат алынатын кәсіпорын ұйымдастыру түрі. Корпорацияға иелік құқы акциялар бойынша бөліп таратылады, корпорация иелері акция ұстаушылар деп аталады.
Бүгінгі сабағымызда бизнестің серіктестік түрін ұйымдастыруға байланысты болады.
1. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы: Қазіргі таңда елімізде шағын бизнесті дамыту және оны қолдау жақсы жолға қойылған. Сондықтан ауданымызда көптеген шағын бизнес орталықтары ашылып жатыр. Осындай бизнестің бір түрі бүгін бізге «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының қолдауы бойынша құрылған «Барқытбел» туристік компаниясы серіктес түрінде құрылған. Енді осы компания ұйымдастырушыларына сөз берейік.
2. Жарнама агенттігінің атқарушы директоры. Бүгін біз сіздердің жаңадан ашылған «Барқытбел» атты туристік компанияның шақыруымен келіп отырмыз. Сіздердің бастаған жұмыстарыңызға сәттілік тілей отырып, осы компания туралы кеңірек білгіміз келеді. Ал, біздің жарнамалау агенттігі Қазақстан Республикасында шығарылған өнімдердің және қызмет көрсету саласының бірнешеуін жарнамалаған танымал агенттік. Мысалы, «Барлық - Арасан» сауықтыру орнын, «Ақсуат» минералды суларын, т. б. жарнамалағанбыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×